Өнеркәсіптік меншік объектілеріне басқаға беру шартын және өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық немесе сублицензиялық шарттарды тіркеу туралы өтініштер нысандарын бекіту және "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7514 тіркелді

Жаңартылған

      «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 2-тармағының 2-1) және 2-2) тармақшаларына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 2-3) және 2-4) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілерін басқаға беру шартын тіркеу туралы өтініш нысаны;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық немесе сублицензиялық шарттарды тіркеу туралы өтініш нысаны бекітілсін.
      2. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6234 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жылғы, № 16) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

Қазақстан Республика
Әділет министрінің  
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 84 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік 
меншік институты» РМК

нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне басқаға беру
шартын тіркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатын (қорғау құжаттарын) беру шартын тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
      _______________________________________________________________

      2-бағанда орын аз болса, көрсетіңіз және парақта жалғастыру үшін қажетті ақпаратты жазыңыз.
      3. Иеленуші (иеленушілер):
      _______________________________________________________________
      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
       Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) және телефондары:
      _______________________________________________________________
      Иеленушілер бірнеше болса, көрсетіңіз және парақта жалғастыру
үшін қажетті ақпаратты жазыңыз.
      4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар)
      _______________________________________________________________
      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
      Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) және телефондары:
      _______________________________________________________________
      Құқықтық мирасқорлар бірнеше болса, көрсетіңіз және олардың әрқайсысының мекенжайы мен телефонын көрсете отырып, қажетті ақпаратты көрсетіңіз.
      5. Өтініш берушінің патенттік сенім білдірілген немесе басқа өкілі.
      _______________________________________________________________
      Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауы қоса) мен телефондары:
      _______________________________________________________________
      6. Лицензияның түрі:
      _______________________________________________________________
      7. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың көлемі:
      _______________________________________________________________
      8. Хат алмасудың мекенжайлары:
      _______________________________________________________________
      9. Қосымшалар:
      Тіркелетін шарт ____ парақта (№№ қосымшалары __ парақта) ___ данада;
      Патенттік сенім білдірілген немесе басқа уәкілетті өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
      Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;
      Жалғастыру парақтары;
      Басқа құжат (көрсетіңіз):
      _______________________________________________________________

      Өтініш беруші ____________________________________ М.О.
                     (лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

      Күні 20__ жылдың «___» __________________

Қазақстан Республикасы 
Қазақстан Республика  
Әділет министрінің   
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 84 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрлігінің 
«Ұлттық зияткерлік   
меншік институты» РМК 

нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Лицензиялық немесе сублицензиялық шартты тіркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты лицензиялық (сублицензиялық) шартты тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
      _______________________________________________________________
      2-бағанда орын аз болса, көрсетіңіз және парақта жалғастыру үшін қажетті ақпаратты жазыңыз.
      3. Лицензиар (Сублицензиар):
      _______________________________________________________________
      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
      Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) және телефондары:
      _______________________________________________________________
      Лицензиарлар бірнеше болса, көрсетіңіз және парақта жалғастыру үшін қажетті ақпаратты жазыңыз.
      4. Лицензиат (Сублицензиат):
      _______________________________________________________________
      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) және телефондары:
      _______________________________________________________________
      Лицензиаттар бірнеше болса, көрсетіңіз және жалғастыру парағында олардың әрқайсысының мекенжайы мен телефонын қоса көрсете отырып, жазыңыз.
      5. Өтініш берушінің патенттік сенім білдірілген немесе өзге өкілі
      _______________________________________________________________
Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауы қоса) мен телефондары
      _______________________________________________________________
      6. Лицензияның түрі
      _______________________________________________________________
      7. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың көлемі
      _______________________________________________________________

      8. Хат алмасудың мекенжайлары
      _______________________________________________________________

      9. Қосымшалар:
      Тіркелетін шарт ___ парақта (№№ қосымшалары ___ парақта) ___ данада;
      Патенттік сенім білдірілген немесе басқа уәкілетті өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
      Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;
      Жалғастыру парақтары;
      Басқа құжат (көрсетіңіз)
      _______________________________________________________________

      Өтініш беруші ___________________________________ М.О.
      Лауазымы, Т.А.Ә. және қолы
      Күні 20___ жылдың «___» __________