Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7442 тіркелді

Жаңартылған

      Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және біліктіліктеріне қойылатын талаптарды айқындау кезінде біркелкілікті қамтамасыз ету мақсатында және 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Министр                                  Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2012 жылғы 2 ақпандағы   
№ 31-ө-м бұйрығымен    
бекітілген        

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметші лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыруға, олардың іскерлік біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруге, басшылар, мамандар арасында еңбекті үлестіру, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін және олардың еңбегіне ақы төлеу санаты бойынша қойылатын біліктілік талаптарын айқындауда бірізділікті қамтамасыз етуге арналады.
      2. Мамандар лауазымдарының: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашының біліктілік сипаттамалары мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында белгіленген.
      3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыс тізбелерін нақтылауға жол беріледі, және қызметкерлерді арнайы даярлауға қажетті талаптар белгіленеді.
      4. Әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік ұйымдары қызметкерлерінің өзге де лауазымдары (педагогикалық, медициналық және басқа) үшін біліктілік сипаттамаларды тиісті қызмет саласында уәкілетті мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

2-бөлім. Басшылардың лауазымдары

1. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) директоры

      Лауазымдық міндеттемелері: Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, материалдық құндылықтарының сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Ұйымды басқару құрылымын, штаттық кестені айқындайды. Ұйымның барлық бөлімшелерінің мүгедек балалармен, қарттар және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады. Ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Жұмыс сауықтыру, оқу профилактикалық жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу және оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектердің (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) заңды құқықтарын және мүдделерін қорғайды, оларға туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды. Ондағы мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектерді протездік-ортопедиялық, басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады. Бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Іс жүзінде отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтім құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді. Қоғамдастықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді. Кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін айқындайды. Кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір сүру және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйымның сотта, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін білдіреді және қорғайды. Қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету ұйымдарының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін; әлеуметтік жұмыс теориясы мен ерекшеліктерін; заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негіздерін; тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістерін; медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін; әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістемелік қағидаттарын; шаруашылық-қаржы қызметін ұйымдастыруды; салық және бюджеттік заңнаманы; персоналды басқару теориясы және тәжірибесін; статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс стажы әлеуметтік қорғау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

2. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның директоры

      Лауазымдық міндеттемелері: Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, ұйымның мүліктерінің тиімді қолданылуына және сақталуына жауапты. Мәселелерді оған берілген құқықтар шегінде шешеді және басқа лауазымды адамдарға: құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларына, басшыларына жекелеген өндірістік-шаруашылық функцияларды тапсырады. Ұйымның саясатын, қызмет стратегиясын, оларды іске асыру тетігін айқындайды. Ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Әлеуметтік төлемдер жүйесін жетілдіру жұмысын үйлестіреді. Барлық ұйым бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады. Заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Мемлекеттік бюджет, сақтандыру қорлары, тапсырыс берушілер мен кредит берушілер алдында, банктерді қосқанда, міндеттемелерін орындауды, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын, индикативтік және бизнес жоспар көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етеді. Жаңа техника және технологияны, еңбекті басқару және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастырады. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімін және жұмыс тәжірибесін оңтайлы пайдалану шараларын қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйым қызметкерлері үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны сақтау мәселелерін шешеді. Шарт жасайды, сенімхаттар береді, бұйрықтар, өкімдер шығарады, заңды тұлғалармен мәмілелер, операциялар жасайды. Ұйым қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, ұйымның қаржылық басқаруындағы құқықтық қаражатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін қорғайды және білдіреді. Статистикалық мәліметтердің сенімділігін, қажетті есептілік ұсынуды қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау қағидасы мен қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін«Мемлекеттік мүлік туралы»«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы»«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және әлеуметтік және халықты зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ұйымдардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; халыққа қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ұйымдардың өзара іс-әрекет тәсімдері мен әдістері; шаруашылық-қаржы қызметін ұйымдастыруды; қаржы есебі және талдау; салық және экологиялық заңнаманы; шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және орындау тәртібі; кәсіпорынның техникалық, экономикалық даму перспективасы психологиясы негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, қаржы, экономикалық) білім және жұмыс стажы басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

3. Белгілі тұратын жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік
бейімдеу орталығының директоры

      Лауазымдық міндеттемелері: Әлеуметтік бейімдеу орталығын (бұдан әрі - орталық) басқаруды жүзеге асырады. Әлеуметтік бейімдеуге мұқтаж адамдарды (контингент) есепке алу жұмысын ұйымдастырады. Халыққа және белгілі тұратын жері жоқ адамдарға бейімдеу мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Қызмет көрсетілетін контингенттің құжаттарын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру және уақытша және тұрақты тұратын жер іздеу шараларын қабылдайды және жәрдемдеседі. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша орталықтың жұмыс режимін белгілейді. Орталықты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Қызметкерлермен еңбек шартын жасайды және бұзады. Еңбек кестесін және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және Орталық қызмет көрсететін адамдар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын және шаруашылық шарттарын орындауды бақылайды. Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін қорғайды және білдіреді. Банкте Орталықтың ағымдағы шотын ашады. Қажетті есеп беруді және статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау қағидасы мен қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Мемлекеттік мүлік туралы»«Халықты жұмыспен қамту туралы»«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік жұмыс, психология, социология, профпатология, кәсіптік бағдарлау негіздері; түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктері, орталықтың бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; кәсіптік оқыту және қайта оқыту әдістемесі, еңбек терапиясы және жұмыспен қамту арқылы терапия; әлеуметтік бейімдеу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе; шарт жасау және орындау тәртібі; экономика, құқық, әкімшілік және азаматтық заңнама негіздері; шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыру; ұйым персоналын басқару теориясы және тәжірибесі; экономика, қаржылық есеп және талдау негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, жұмыс стажы әлеуметтік қорғау саласында кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түрінің тиісті бейінінде басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

4. Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) директоры

      Ескерту. 4-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 19.11.2014 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Лауазымдық міндеттемелері: жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) (бұдан әрі - орталық) ұйымдастыру және әдістемелік басшылығын жүзеге асырады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағыларды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді. Халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру, өтініш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, ерікті түрде көшуіне, қызметтік тұрғын үй алуына жәрдемдесу және өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар және табысы аз азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, жұмыс істеп тұрған еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, кәсіптік бағдарлау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және халықты психологиялық қолдау жүргізуге ықпал етеді. Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеуді және жинақтауды ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, қоғамдық және басқа да халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге мүмкіндік беретін ұйымдармен өзара әрекеттеседі. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға арналған кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды. Әрбір нақты жағдайда өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар немесе жұмыспен айналыспайтын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттырудың барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара әрекетін ұйымдастырады. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын және шарттар жасауды және олардың орындалуын бақылайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақытылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Уақытылы есеп және есептілікті қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау қағидасы мен қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Халықты жұмыспен қамту туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Халықтың көші-қоны туралы»,«Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; орталықтың бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын; өңірдің (аудан, қала) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін; өңірдің (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін; еңбек нарығын дамытудың негізгі үрдістері мен даму бағыттарын; халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру іс-шараларын әзірлеу тәртібі; жұмыспен қамту бағдарламалары іс-шараларының тиімділігін бағалау әдістемесі; қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнама; еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібі; экономика негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, еңбек өтілі әлеуметтік қорғау немесе халықты жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономиканың басқа салаларының басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.

5. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның)
әкімшілік-шаруашылық жұмысы директорының орынбасары

      Лауазымдық міндеттемелері: өз міндеттемелерін ұйымның бірінші басшысының жетекшілігімен және медициналық-әлеуметтік мекемені (ұйымды) (бұдан әрі - ұйым) жарақтандыру және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-әрекетте орындайды. Шаруашылық шарттарын уақытылы жасау шараларын қабылдайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жабдықтау және реконструкциялау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйымды жаңа технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Шаруашылық керек-жарақтың сақталуын, оны қалпына келтіру және толықтыру, сондай-ақ үй-жайлар мен жанындағы аумақтарда тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызмет көрсететін персоналдың жұмысын басқарады. Ұйымды кеңсе заттарымен және шаруашылық күнделікті қажет заттармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Өртке қарсы заттардың жарамдылығын, үй-жайдың, жабдықтар мен керек-жарақтың жай-күйін қадағалайды, олардың уақытылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлік коммуникацияларға, жылу және электрмен жабдықтау құралдарына қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі персоналдың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Қажетті есептерді тапсыруды қамтамасыз етеді, олардың сенімділігіне жауапты болады.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Мемлекеттік мүлік туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және ұйымның шаруашылық қызмет көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемесін; баға белгілеу негіздері, сатып алынатын жабдықтар мен керек-жарақтардың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс істеу принциптері; көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есептердің тәртібі; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймалау қағидасы мен тәртібі; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланысты құралдарын пайдалану қағидасы, үй-жайлар мен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі қағидасы; қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнама; шарттар жасау тәртібі; еңбек және басқаруды, экономика, азаматтық құқықты ұйымдастыру негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидасы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) немесе орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажы шаруашылық қызмет көрсету саласында кемінде 1 жыл.

6. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) медициналық
жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

      Лауазымдық міндеттемелері: Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйым) (бұдан әрі – ұйым) қызметіне басшылық етеді, мүліктің тиімді қолданылуына және сақталуына жауапты. Ұйымның бірінші басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызмет басшыларымен өзара іс-әрекетте өз міндеттемелерін орындайды. Қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағыларға) уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Емдеу қызметін талдауды жүргізеді. Көрсетілген әлеуметтік-медициналық қызметтің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Қамқорлықтағыларды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу іс-шараларын жүргізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Медициналық мақсаттағы емдеу құралдары мен бұйымдармен, арнайы жабдықпен ұйымды қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмысты жүзеге асырады. Медициналық аспаптар мен жабдықтарды техникалық пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Медициналық кадрлардың еңбегін оңтайлы орналастыру және ұйымдастыру жөнінде басшылыққа ұсыныс енгізеді, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін дамыту. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға, ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуына ықпал етеді. Ұйымның қызметі туралы статистикалық есеп жүргізу және есеп беруді ұйымдастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын; емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті ұйымдастыру негіздерін; әлеуметтік көмек теориясы мен әдістемесін; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негіздерін; халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, әлеуметтік гигиена негіздерін; денсаулық сақтауды басқару жүйесін; халықтың денсаулығы статистикасын, денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштерін; отандық және шетелдік медицинадағы ғылыми жетістіктерді; экономика және құқық негіздерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (медициналық) білім, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік саны және медициналық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейінінде басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.

7. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) әлеуметтік
жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

      Лауазымдық міндеттемелері: өз міндеттемелерін медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) бірінші басшысының жетекшілігімен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-әрекетте орындайды. Ұйымның қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында көзделген негізгі міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Туыстық қатынастарды қолдау үшін қамқорлықтағыларға жағдай жасау шараларын қабылдайды. Қамқорлықтарға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін персонал жұмысын бақылайды. Іс жүзінде отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, қамқорлықтағыларды оңалту және күтуге қажетті заманауи техникалық құралдарды сатып алу жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қоғамдастықпен жұмысты ұйымдастырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді. Кадрларды іріктеу, орналастыру және орындарын ауыстыру жөнінде басшылыққа ұсыныстар жасайды. Персонал мен қамқорлықтағылардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда моральдік-психологиялық атмосфера ұстап отыру жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді. Еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау талаптары жөнінде жұмыс жүргізеді. Қажетті есептерді тапсыру, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және ұйымның әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін; ұйым бейіні мен ерекшеліктерін; әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, геронтология негіздерін; медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздері; ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім, әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс стажы кемінде 3 жыл немесе қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейінінде басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.

8. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) медициналық
бөлімше меңгерушісі

      Лауазымдық міндеттемелері: медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) медициналық бөлімшесін басқаруды жүзеге асырады (бұдан әрі – бөлімше). Қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырады. Дәрігерлерге диагностикалау және медеу жөнінде консультациялық көмекті жүзеге асырады. Көрсетілген медициналық қызметтің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Медициналық техниканы оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Бөлімшелерді емдік құралдармен және медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Медициналық кадрлардың еңбегін оңтайлы орналастыру және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді. Ауруларды емдеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлімшеге науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа инновациялық технологияларын енгізеді. Бөлімшенің медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі, кәсіби білім және тәжірибені, сондай-ақ еңбек жағдайларын, өмір сүру және денсаулық үшін қауіпті және қолайлы жағдайларды оңтайлы пайдалану және дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етеді. Есепке алу-есептеу құжаттамасын жүргізуді және ұсынуды, ішкі еңбек тәртібі ережесінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидасының, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік гигиена негіздері; клиникалық, инструменталды және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістері; емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмек, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесінің негіздері; халықтың денсаулығы статистикасын; денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштері; емдеу және диагностикалау саласындағы отандық және шетелдік медицина ғылыми жетістіктерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) медициналық білім, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санаты.

9. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің
(бөлімшесінің) меңгеруші

      Лауазымдық міндеттемелері: үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек (бөлімшесін) бөлімін жалпы басқаруды жүзеге асырады (бұдан әрі – бөлімше). Бөлімшенің жұмыс істейтін аумағында тұратын өмірлік қиын жағдайда қалған және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарды анықтау және есепке алу жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарларын ұйымдастырады. әлеуметтік көмек түрлері мен нысандарын айқындау, қажеттілікті белгілеу мақсатында жалғызілікті қарттар мен мүгедектердің, еңбекке қабілетсіз азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмысын ұйымдастырады. Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың деректер базасын қалыптастырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлімше мамандарының жұмыс көлемі мен қызмет көрсетілетіндердің санын айқындайды. Көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі және сапасын және олардың қызмет көрсетілетін азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкестігін, бөлім қызметкерлері жұмысының тиімділігін ұдайы бақылауды жүргізеді. Бөлімше жұмысын талдау және болжауды жүргізеді, оның қызметін жақсарту шараларын қабылдайды. Стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында жұмыс істейтін мекемелерге немесе ұйымдарға мұқтаж азаматтардың арнайы түзету, оңалту мекемелері немесе ұйымдарына қажеттіліктерін айқындауға жәрдемдесу. Бөлімше клиенттеріне әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, қайырымдылық және діни бірлестіктерімен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Халыққа консультациялық көмек көрсету, оның ішінде мұқтаж адамдарға құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырады. Қамқорлық, қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысады. Халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы ұйымдастыру жұмыс нысандары мен әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді. Бөлімше мамандарының белгіленген құжаттаманы (қатысуды есепке алу және жеке сабақтар журналы, сабақ жоспарлары немесе әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсететін мамандардың жұмыс циклограммалары, бала жағдайы мен даму қарқыны жөніндегі құжаттаманы) жүргізуін бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметкерлерінің оқуын, тәжірибе алмасуды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Қызметкерлердің еңбек ынталылығын, бастамашылдығын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Бөлімше қызмет көрсететін адамдар арасында гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және бөлуді қамтамасыз етеді. Бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Табысы аз еңбекке қабілетсіз азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ақысыз көмек көрсетуге арналған бюджеттен тыс материалдық қаражат тарту іс-шараларын жүргізеді. Алдын еңбек ардагерлері жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен байланыс құрады және қолдап отырады. Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест ұйымдарымен және де басқа қоғамдық ұйымдарымен, кәсіпкерлік құрылымдарымен қарым-қатынас жасайды. Жоғарыда көрсетілген ұйымдарға үйде қызмет көрсетудің нысандары мен әдістерін және түрлі табиғи көмек көрсету түрлерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қажетті есептерді, шынайы статистикалық мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидасының, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарды және әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттарын; ұйым бейінін, ерекшеліктері мен мамандануын; әлеуметтік қызмет түрлері; қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс негіздері; социология негіздерін, жеке тұлға психологиясын және зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін; үй жағдайында ауруды күту жөніндегі санитарлық-гигиеналық талаптар; соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтар; әлеуметтік түрлі ортада жұмыс істеу ерекшеліктері; педагогика, психопрофилактика, этика және деонтология, психопатология негіздері; қорғаншылық және қамқорлықты рәсімдеу мәселелері жөніндегі әдістеме; үйдегі әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибе; шарттар жасау және орындау тәртібін; салық және бюджеттік заңнаманы; қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды; экономика және құқық негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, экономикалық, заң) білім, экономикалық қызмет түрі бойынша тиісті бейінде жұмыс стажы кемінде 3 жыл.

10. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның
құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың,
бөлімшенің, бөлімнің) директоры (бастығы)

      Лауазымдық міндеттемелері: құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – бөлімше) қызметін басқарады және оның жұмыс қорытындыларына жауапты болады. Бөлімшенің жұмыс жоспарын жасайды және оның орындалуын бақылайды. Зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді төлеуді ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Халықтан зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындауға және төлеуге құжаттар қабылдау жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Зейнеткерлердің, жәрдемақы алушылардың және оларға жәрдемақы және зейнетақы төлеу туралы ақпаратты даярлау және жұмысты талдауды жүзеге асырады. Әлеуметтік төлемдерді талдау және болжамдауды жүргізеді. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыру, алушылар деректерінің орталықтандырылған базасын жаңарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жәрдемақы, зейнетақы және де өзге әлеуметтік төлем алушылардың макетін беруді, халықтың дербестендірілген есебі мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, халыққа әлеуметтік жеке код беру және ӘЖК беру туралы куәлік беру жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың істерін жүргізу, есепке алу және сақталуын қамтамасыз етеді. Зейнетақы істерін түгендеуді жүргізеді. Республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге уақытылы трансферттер бөлу үшін қажетті ақпаратты және деректерді беруді, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, міндетті әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына уақытылы аударуды жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі банк операцияларын жүргізуді ұйымдастырады. Әлеуметтік төлемдер мен алушылар контингенті жөнінде талдау материалдарын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларымен, әлеуметтік сақтандыру қорымен, екінші деңгейлі банктермен, кәсіпорындардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды және жеке тұлғалармен тиімді өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Математикалық модельдерді және экономикалық және басқа да есептерді шешу алгоритмін талдау негізінде есептеу техникасы құралдарына қойылған міндеттерді және алгоритмді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлейді, оларды тестілеуден өткізеді. Ұйым бөлімшелерінің барлығы үшін бағдарламалық өнімдерді тестілеуді және есептердің жаңа нысандарын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Қажетті техникалық құжаттама даярлайды. Енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сүйемелдеуде тұрған қосымшалармен жұмыс жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар әзірлейді. Арнайы техникалық және ақпаратты бағдарламалық-математикалық қорғау құралдарын жобалау және енгізу, ұйымның ақпараттық жүйелерін ұйымдық және техникалық қорғау шараларымен қамтамасыз ету жұмыстарын орындайды. Аумақтық бөлімшелерге техникалық мәселелер жөнінде қолдау көрсетеді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады. Барлық қажетті құжаттаманы, есептер мен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді. Зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін бақылауды жүзеге асырады. Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталық деректер базасын жүргізу, өзгерістер енгізу, жаңарту жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қате есептелген зейнетақы жарналарының есептелу себебін анықтау және қайтару жөніндегі ұйымдар және кәсіпорындармен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. АХАЖ органдары, көші-қон полициясы, оқу орындары, қамқорлық және қорғаншы органдармен өзара іс-әрекет жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Ұйымның барлық өндірістік қызметіне қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және оларды оңтайлы пайдалануды ұйымдастыру. Белгіленген мерзімге есеп береді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Мемлекеттік мүлік туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және халықты әлеуметтік қамсыздандыру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметі; кәсіпорынның бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ұйымдардың өзара іс-әрекет тәсімдері мен әдістері, алушылардың деректер базасын құру әдістемесі; зейнетақы және жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлу әдістемесі; желілік әкімшілендіру ұйымы негіздері; бағдарламалау негіздері; ақпараттық-есептеу жүйелері мен деректер қорын құру және сүйемелдеу мәселелері жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар; бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу әдістемесі; есептеу жабдықтарының техникалық-пайдалану сипаттамасы; құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және нормативтік материалдар; шаруашылық-қаржы қызметі туралы есеп жүргізу және есеп жасау тәртібі, шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттар жасау және рәсімдеу тәртібі; есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары; салық заңнамасы; азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқығы; экономика, еңбекті ұйымдастыру, есеп және қаржылық талдау негіздері, кәсіпорынның техникалық, экономикалық даму перспективалары; ішкі тәртіп ережесі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.

11. Әлеуметтік қорғау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің
(бөлімнің, сектордың, топтың) бастығы

      Лауазымдық міндеттемелері: құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – бөлімше) қызметін басқаруды жүзеге асырады. Жұмыс жоспарларын даярлауды жүзеге асырады, бөлімше қызметкерлері қызметінің басты бағыттарын айқындайды. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың деректер банкін қалыптастырады және жүргізеді. Қызмет кешенін көрсету жөнінде қажетті құжаттаманы әзірлейді. Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы нәтижелерін және әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі - контингент) сұранысына сәйкестігін талдайды. Контингенттің жеке сұранысын ескере отырып, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі медициналық, педагогикалық және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Контингенттің өтініштері және ұсыныстарды қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бөлімше қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі жұмысқа талдауды жүргізеді және шаралар қабылдайды. Оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысады. Әлеуметтік жұмыс мәселелері жөнінде алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және қабылдайды. Басқа да ұйымдармен және олармен тиімді ынтымақтастық өзара іс-әрекет жұмысын жүзеге асырады. Бөлімше жұмысында жаңаша технологияны қолданады. Қажетті есептілік беруді және статистикалық мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және әлеуметтік қамсыздандыру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; балаларға, мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету ұйымының бейіні, мамандануы мен ерекшеліктері; социология, психопатология негіздері; балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге көмектің психо-әлеуметтік аспектілері; әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибе; түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктері, тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістері, ақпарат жинау және талдау тәсілдері; экстремалды ахуалдарды анықтау әдістері; экономика, құқық негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заң, медициналық, педагогикалық) білім және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында лауазымдарда немесе экономикалық қызмет түрінде ұйымның тиісті бейінінде жұмыс стажы кемінде 3 жыл.

12. Әлеуметтік қорғау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің
(бөлімнің, сектордың, топтың) бастығы

      Лауазымдық міндеттемелері: Жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесі (бөлім, сектор) (бұдан әрі – бөлімше) қызметін басқарады және оның жұмысының нәтижесіне жауапты болады. Бөлімшенің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді, түрлі топтар мен халықтың санаттарын ескере отырып жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шараларға ұсыныстарын даярлауды ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыспен қамту жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және жинақтайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген және жұмыспен қамтылмаған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде жұмыс берушілермен өзара әрекетті жүзеге асырады. Нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Ағымдағы бос орындар мен ауданда (қалада) болжанатын жұмыс орындары базасын, өтініш берген азаматтар мен жұмыспен қамтылмаған адамдар арасынан мамандардың деректер қорын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Уәкілетті орган, басқа да халықты жұмыспен қамту проблемалары бойынша ұйымдар жүргізетін іс-шараларға қатысады. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері бойынша халық және жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шеңберінде азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарастырады. Өңірлік еңбек нарығын талдау және болжауды жүзеге асырады, өңірдің (аудан, қала) даму бағдарламаларына қарай жұмыспен қамту бағдарламаларды іске асыру іс-шараларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады. Қажетті шынайы есеп беруді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесінің, өртке қарсы қауіпсіздік техникасы және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Халықты жұмыспен қамту туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Халықтың көші-қоны туралы»«Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; азаматтық заңнаманың негізгі ережелері; құрылымдық бөлімше бейіні, мамандануы және ерекшеліктері, ағымдағы бос жұмыс орындарының және болжанатын жұмыс орындарының жалпыұлттық базасын құру әдістемесі; жұмыспен қамту саласындағы автоматталған ақпарат жүйелерінің негізгі функциялары; өңірдің (аудан, қаланың) шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын, ерекшеліктерін; өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін; өңірлік еңбек нарығын дамытудың негізгі үрдістері мен даму бағыттарын; жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу тәртібін; жұмыспен қамту бағдарламаларын іс-шараларының тиімділігін бағалау; ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды; экономика, құқық негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және экономика саласында практикалық жұмыс стажы кемінде 5 жыл.

3-бөлім. Мамандардың лауазымдары

1. Райттерапия (иппотерапия) бойынша нұсқаушы-әдіскер

      Лауазымдық міндеттері: мүгедек-балалармен (бұдан әрі – науқастар) қауіпсіздік ережелерінде белгіленген шарттар толық сақталған үй-жайдың ішінде немесе далада емдік мақсатта салт жүру (бұдан әрі - ЕСЖ) бойынша жеке жаттығулар жүргізеді. Райттерапия өткізудің барлық кезеңдерінде науқастардың жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Жаттығулар кезінде науқастардың өмірі мен денсаулығына толықтай жауапты болады, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды және оларды науқастың ата-анасы мен ат жетектеушінің да сақтауын талап етеді. Кәсіптік орындалатын сақтандырудың көмегімен өз науқастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Науқастардың әрқайсысына жеке таңдалған жаттығуларды, әдіс-тәсілдер мен емдік мақсатта салт жүру режимдерін пайдалана отырып, дене және психоәлеуметтік мәртебесінде оң өзгерістерге қол жеткізуге ықпал етеді. Аттың және ат жетектеушісінің жаттығуды бастауға даярлығын, жаттығуды бастауға қажетті жабдықтардың болуын тексереді. Емдік-медициналық мекемеде қабылданған арнайы сауалнаманы жүргізе отырып, өзінің қамқорлығындағы науқастардың психофизикалық параметрлерінің динамикасын бақылайды. Дәрігердің бақылауымен және оның көмегімен сауалнамалармен жұмыс жүргізеді, ол алынған нәтижелерді бағалауға және қажет болған жағдайда ЕСЖ режиміне түзету енгізеді. Әрбір науқаспен күнделікті жеке жаттығу жоспарларын жасайды, атқарылған жұмыс туралы (күнделікті) күнделік жүргізеді. Науқастың денсаулық жағдайын, оның ЕСЖ бойынша жүктемені көтеруге даярлығын бағалайды, науқастың жағдайында қандай да бір ауытқушылықтар болғанда медициналық қызметкермен бірлесе отырып, науқаспен ЕСЖ сабақтарын жүргізудің орындылығы туралы мәселені шешеді. Жаттығулар кезінде нақты және қысқа командалар беру арқылы ат жетектеушісінің қызметін басқарады. Науқастың мінез-құлқы мен жай-күйін, оның сабақ барысындағы көңіл-күйін бақылайды, қатты шаршағаны байқалған кезде жүктемені азайта отырып немесе мүлде тоқтата отырып, жоспарға өзгерістер енгізеді (медициналық қызметкердің кеңесі бойынша). Үнемі өзінің біліктілігін арттырады, салт жүру саласындағы өзінің білімі мен дағдысын жетілдіреді. Оңалту тәжірибесінде жаттығулар банкін құрған кезде және одан кейін де ЕСЖ әсер ету нәтижесін объективті бақылау бойынша ғылыми-практикалық жұмыстарға белсенді қатысады. Науқастың киімінің оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ дұрыс киілген және дұрыс түймеленген сақтандыру дулығаның болуын тексереді. Ат жетектеушімен бірлесе отырып, науқасты атқа қауіпсіз отырғызу және одан сабақ аяқталған кезде түсіруді қамтамасыз етеді. Иппотерапия арқылы шетелдік және отандық оңалту тәжірибесін зерттейді және талдайды. Есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайда болуын және қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Дене шынықтыру және спорт туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және медицина, педагогика, мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; анатомия, гигиена, физиология, биохимия негіздері, қалыпты және ауытқу жағдайындағы ағзаның функционалдық және физикалық жай-күйі; ағза функцияларының әртүрлі бұзылуы жағдайларында дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру тәсілдері; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен анатомия негіздері; иппотерапевтикалық теория негіздері; адам (науқас) ағзасына иппотерапияның әсер етуінің негізгі тетіктері; науқастарды кешенді оңалту (дәрі-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық және т.б.) әдістері; физикалық және психикалық қасиеттердің және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жиынтығы; дене жаттығуларының емдік-алдын алушылық әсері теориясының негіздері; ауру түрлері және иппотерапия әдісімен емдеу әдістері; науқасқа дене жүктемесінің әсер етуінің ерекшеліктері; жануардың мінез-құлық ерекшеліктері; қауіпсіз жаттығу жүргізу ережелері; алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері; иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесі; иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді және талдайды; салт жүру әдістері; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (дене шынықтыру, медициналық, педагогикалық) білім немесе «Дене шынықтыру және спорт», «Ветеринария» мамандықтары бойынша арнайы орта білімі, дене шынықтыру мен иппотерапия бойынша арнайы дайындығы болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды. Мүгедек балаларды салт жүру арқылы емдеуді пайдалана отырып, оңалту жұмысына ЕСЖ кезінде науқастарды сақтандыру әдістемесі бойынша оқудан өткен және тиісті куәліктері бар адамдар ғана жіберіледі.

2. Жүзу жөніндегі нұсқаушы

      Лауазымдық міндеттері: қауіпсіздік ережелерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қарттармен және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағы адамдар) бассейнде жүзу (гидрокинезотерапия) бойынша жеке жаттығулар өткізеді. Емдеуші дәрігердің бақылауымен қамқорлығындағы адамдарға арнайы таңдалған жаттығуларды, әдістемелік тәсілдер мен емдік жүзуді, жүзу техникасын және гидрокинезотерапия емдік әдісін қолдана отырып, олардың физикалық және психоәлеуметтік мәртебесінде оң жетістіктерге жетуге жәрдемдеседі. Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді. Жаттығулар кезінде қарамағындағылардың өмірі мен денсаулығы үшін толық жауапты болады, бассейнде өзін-өзі ұстау ережесіне ақтайды және оларды қарамағындағылардың да сақтауын бақылайды. Бассейннің түбінің жұмыс бастауға дайын болуын, жаттығуды бастау үшін қажетті жабдықтардың болуын тексереді, жұмыс аяқталғаннан кейін күн сайын бассейнді тексереді. Дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда дәрігерге дейін көмек көрсетеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын«Дене шынықтыру және спорт туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; жас ерекшелік физиологиясы мен анатомия негіздері, емдік гидрокинозеторепия әдістеме; адам ағзасына гидрокинозеторепияның әсер етуінің негізгі тетіктері; қамқорлықтағылардың кешенді оңалту (дәрі-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық және т.б.) әдістері; дене жаттығуларының емдік-алдын алушылық әсері теориясының негіздері; қауіпсіз жаттығуларды жүргізу ережесі; алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері; емдік мақсатта жүзу әдістері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

3. Еңбекпен емдеу жөніндегі нұсқаушы

      Лауазымдық міндеттері: бағдарламаларға сәйкес қарттар мен мүгедектерді (қамқорлықтағыларды) шамасы жететін еңбекке тартады. Қамқорлықтағылардың физикалық және психикалық жағдайын оңалту мақсатында емдеуші дәрігердің басшылығымен қамқорлықтағыларды еңбекпен емдеуге тартуға мүмкіндік беретін шарттарды қамтамасыз етеді. Еңбекпен еңбек шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен, жабдықтауды ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына жауап береді. Жабдықтарды, материалдар мен құралдарды, техникалық құралдар мен айлабұйымдарды жөндеу мен ретке келтіруді жүзеге асырады немесе ұйымдастырады, олардың жұмысын бақылайды. Қамқорлықтағылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, жұмыс процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Жоспарлау, есепке алу және есеп жүргізу бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар; жабдықтарды пайдаланудың қолданыстағы стандарттары, ережелері мен техникалық шарттары; еңбек туралы заңнаманың негіздері; санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және бірінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және екінші санаттағы нұсқаушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек.

4. Әлеуметтік жұмыс бойынша консультант

      Лауазымдық міндеттері: үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде өз қызметін жүзеге асырады, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен жұмыс істеуге өкілеттілік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, қарттар мен мүгедектерге (бұдан әрі – контингент) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және төлемдердің басқа да түрлері; қорғаншылықты, қамқорлықты ресімдеу, арнайы түзету ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсетеді. Контингентті протездік-ортопедиялық бұйымдармен, арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Контингентке денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, заң қызметтері мен басқа да мамандардың консультация көрсетуін қамтамасыз етеді. Мамандар мен әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жөнінде оқыту өткізеді. Отбасыға әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын, паналарды, жастар, жасөспірімдер мен балалар орталықтарын, күндізгі бөлімшелерде және үйде күту бөлімшелерінде жұмыс істейтіндерге арналған клуб құру қызметіне қатысады. Қиын өмірлік жағдайда жүрген контингентке әр түрлі көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Қиын өмірлік жағдайларды еңсеру, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуі және бірігуі үшін қажетті жағдайларды жасауға жәрдемдеседі, олардың қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуда құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметтерді үйлестіреді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыруға қажетті мамандарды тартады. Үйде күту жағдайында қызмет көрсететін субъектінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен жұмыс жүргізуінің жеке жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету. Үйде күту жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге үнемі мониторинг жүргізеді, дерекқорды жүргізеді және белгіленген тәртіппен есеп береді. Ұйымда әлеуметтік қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы»«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және халыққа әлеуметтік көмек ұйымдастыру, қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; психология, құқықтану, саясаттану, педагогика негіздері; қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; қылмыстық, азаматтық және зейнетақы құқығының негіздері, ана мен баланы қорғаудың құқықтық негізі; жасөспірімдер мен зейнеткерлердің құқықтары; қорғаншылық, қамқорлық белгілеу, асырап алу, ата-аналық құқығынан айыру тәртібі және оны ұйымдастыру; арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне жіберу ережелері; мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтардың негіздері; әлеуметтік жұмыс бойынша озық және халықаралық тәжірибе; консультант қызметінің этикалық нормалары; психологиялық қолдау көрсету әдістері; үйде қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік материалдар; халықты әлеуметтік қорғау бойынша саясаттың негізгі бағыттары; әлеуметтік қызмет бойынша озық және халықаралық тәжірибе; еңбек туралы заңнаманың негіздері; санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

5. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің
(ұйымдардың) әдіскері

      Лауазымдық міндеттері: Балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінің (ұйымдарының) (бұдан әрі – ұйым) оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, топтық және жеке жаттығулардың кестесін әзірлейді, бірыңғай тақырыптық жоспарлау, күнтізбелік жұмыс жоспары, ашық сабақтардың жоспарлары, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-мәдени қызметтерді көрсететін персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша семинарлардың тақырыптарын дайындайды, практикалық және әдістемелік тәжірибесін, қажетті білімдерді, дағдылар мен тағылымдарды қызмет көрсететін персоналға үйретеді. Мүгедек балаларды оқу-түзету, абилитациялау, оңалту іс-шараларына (өзіне-өзі қызмет көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек бағдарын, сенсорлық, қимыл, танымдық функцияларын қалыптастыру), даму динамикасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, кешенді тексеру және мүгедек балалардың әлеуметтік, зияткерлік және моторлық даму деңгейін кешенді зерттеу және оларды түзету, әлеуметтендіру, абилитациялау және оңалу дәрежесін айқындау жұмыс істейтін қызметкерлерден пәнаралық медициналық-педагогикалық комиссияны құрады, жеке жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, алдын ала жоспарланған тақырыпқа педагогикалық кеңес өткізеді. Әдістемелік база (кітапхана, лекотека) құрады және оны толтырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру (арнайы білім беру) органдары мен ұйымдарының мамандарымен тығыз қарым-қатынаста өз қызметін жүзеге асырады. Мүгедек балалардың ата-аналарына консультативтік қызмет көрсетеді. Баланың даму динамикасы бойынша құжаттаманы жасайды. Фронтальді және жеке сабақтардың журналдарын жүргізеді. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді. Шеберханалар мен өндірісте санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттаманы уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»«Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы»«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және стационар, жартылай стационар және үйде күту жағдайында әлеуметтік қызмет және көмек көрсету бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; жеке тұлға психологиясы, педагогика, психокоррекция негіздері; қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына, көлемі мен түрлеріне қойылатын талаптар; дамыта-түзету, тәрбиелеу қызметі ұйымдарының әдіс-тәсілдері; арнайы педагогика, психология, әлеуметтік жұмыс негіздері; әлеуметтік және білім беру қызметтерін көрсету бойынша озық және халықаралық тәжірибе; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) педагогикалық білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

6. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

      Лауазымдық міндеттері: өз қызметін медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі – ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттар мен мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) жұмыс жүргізуге уәкілетті ұйымдардың мамандарымен қарым-қатынасты жүзеге асырады. Жеке жұмыс жоспарын және журнал/электрондық картотека жасау жұмысын үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім қызметтерін қажет ететін науқастарды анықтауға ай сайын мониторинг жүргізеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен түрлерін талдайды, оларды дамыту перспективаларын, әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың динамикасын болжайды. Азаматтардың туысқандарымен қарым-қатынас жасап тұруына, хат жазуға, өтініш жасауға, баспа құралдарымен танысуға ықпал етеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметіне, олардың сапасына әдістемелік басшылық және бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарауға өз құзыреті шеңберінде жәрдемдеседі, туындаған қиындықтарды шешу және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жәрдемдесу шараларын қабылдайды. Қамқорлықтағыларына әлеуметтік көмек көрсету үшін бюджеттен тыс қаражатты тартуға жәрдемдеседі. Біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Жұмысты талдайды, белгіленген құжаттарды сапалы жүргізуді, уақтылы есеп беруді (ведомстволық және статистикалық) қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасыныңкодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы; жеке тұлғаның және азаматтардың жекелеген санатының психологиясы; педагогика, психология, геронтология, этика негіздері; әлеуметтік жұмыс жөніндегі бағдарламалық-әдістемелік әдебиет; мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтар жүйесі; тәрбие және әлеуметтік жұмыстың нысандары мен әдістері; әр түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыстың ерекшелігі; әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру, зейнеткерлер мен мүгедектерге көрсетілетін көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша озық және халықаралық тәжірибе; тұрмыс пен отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

7. Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық
бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы

      Лауазымдық міндеттері: өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар, жұмыспен қамту орталығына өтініш берген адамдардың қатарынан әр түрлі бейіндегі мамандардың дерекқорын қалыптастырады, бос жұмыс орындарын іздеумен айналысады және өтініш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Ұйымдардағы ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастырады. Халық пен жұмыс берушілер арасында халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады. Басқа жұмыспен қамту орталықтарының озық жұмыс тәжірибесімен танысады. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарға және жұмыс берушілерге консультация қызметтерін ұсынады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс берушілермен жұмысқа орналастыру және олардан бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу мәселелері бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Атқарылған жұмысты қорытады және талдау жасайды. Азаматтардың хаттарына, арыз-шағымдарына жауап береді. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың үйлеріне барады және олардың тұрғын үй және материалдық жағдайларын тексеру актісін жасайды. Бос жұмыс орындарын анықтау және халықтың нысаналы топтарының ішінен адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен жұмыс жүргізеді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу жұмысын жүзеге асырады. Бөлімшенің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады. Жұмыспен қамту орталығына (қызметіне) жүгінген азаматтарды қабылдайды, оларды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына тіркейді және белгіленген тәртіппен анықтама береді. Азаматтың жүгіну мақсатын, жұмыс істемеуінің себебін анықтайды, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді, мемлекеттік қолдауға мұқтаждығы дәрежесін айқындайды. Халықтың нысаналы топтарындағы адамдарға жұмысқа орналасуға бірінші кезекте жәрдемдеседі. Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорында жүгінген адамның кәсібіне (мамандығына) сәйкес келетін жұмыс орны болмаса, онымен жұмыс істеу үшін оны басқа мамандарға жібереді. Бөлімшенің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді. Кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жіберілген азаматтардың есебін жүргізеді. Жүгінген азаматтарды олардың жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік біліктілігіне сәйкес бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерге жібереді. Жұмысқа орналастыру мүмкін болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынады: стипендияның төленуімен кәсіптік даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттырудың тегін курстары; қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және т.б. Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасайды, олар бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді. Өтініш берген адамдардың ішінен жұмыс берушілерге қажетті мамандарды іріктейді. Тиісті құжаттаманы: жұмысқа орналастыруға, кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысуға жолдаманы ресімдейді. Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді, өңірлік еңбек нарығын талдауды және болжауды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының аудан (қала) деңгейінде іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдарға белгіленген мерзімде аналитикалық және статистикалық ақпаратты ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын«Халықты жұмыспен қамту туралы»«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және жұмыспен қамту саласындағы қызметті регламенттейтін өзге нормативтік құқықтық актілер; азаматтық және еңбек заңнамасының негізгі ережелері; перспектикалы және жылдық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі; өңірдің (ауданның, қаланың) демографиялық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі; өңірдің (ауданның, қаланың) ұйымдарының құрылымдық өзгерістерінің перспективасы; өңірлік еңбек нарығының негізгі даму үрдістері мен бағыттары; жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу тәртібі; жұмыспен қамту бағдарламаларының іс-шаралар тиімділігін бағалау; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

8. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі маман

      Лауазымдық міндеттері: азаматтардан зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдерді, өтемақыны тағайындауға өтініш пен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді, өтемақы алушылардың іс қағаздар макетін уақтылы қалыптастыруды және оларды тағайындау туралы шешім жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді. Зейнетақы, жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған істер бойынша өтінімдердің орындалуын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, өтемақы мөлшеріне индексация, қайта есептеулер жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді ұзартуды және қайта бастауды қажет ететін құжаттарды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады. Деректерді орталықтандырылған дерекқорға енгізу жұмыстарын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, өтемақының тағайындалған мөлшерін уақтылы және нақты есепке алуды қамтамасыз етеді. Үш ай және одан көп уақыт бойы зейнетақы мен жәрдемақы алмаған салымшылар, сенімхат бойынша алушылар тізімі бойынша, қайтыс болған және кеткен адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жеке істеріне түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы сомаларының артық төленуіне жол бермеу шараларын қабылдайды және зейнетақы мен жәрдемақының артық төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз етеді. Зейнетақы, жәрдемақы алушының өтінімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың сауалнамалық деректеріне өзгерістер енгізеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтін ұйымдармен жеке және карточкалық шоттарды салыстыру бойынша, аударғаннан кейін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Халыққа әлеуметтік жеке код және куәлік беруді жүзеге асырады; зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақының, жәрдемақының, әлеуметтік төлемдердің дербес орталықтандырылған есебін жүргізеді. Төлеушілердің өтініштері бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдарды, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды ұйымдастырады. Салымшылардың (алушылардың) деректемелеріндегі қателерді түзету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын,«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»,«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілер; зейнетақы мен жәрдемақыны аудару, қайта есептеу тәртібі; есептеуіш техника құралдары, ақпаратты жинау, беру және өңдеу; жұмыс бағдарламалары, нұсқаулықтар, макеттер мен басқа да басқару материалдары; есеп жасау және есептеу жұмыстарын жүргізу әдістері; экономика, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру негіздері; еңбек туралы заңнаманың негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

9. Сарапшы

      Лауазымдық міндеттері: Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді жүзеге асырады. Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша зерттеу жұмыстарын сарапшылық және әдістемелік қолдауды ұйымдастырады. Зерттеу бағыттарын, мақсатын, оны өткізу әдістерін әзірлейді және негіздейді. Міндеттердің жаңа, анағұрлым тиімді теориялық және практикалық шешімдерін табу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді, жекелеген жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысады. Әзірлемелерді енгізу тиімділігіне талдау жүргізуді ұйымдастырады, қажетті есептік құжаттаманы жасайды. Ұйымның перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты бірлесіп орындаған кезде қоса орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік материалдарды, оқулықтар мен ұсынымдарды, мультимедиялық оқу бағдарламаларын әзірлейді. Озық отандық және халықаралық тәжірибенің қолданады. Біліктілікті арттыру курстарын өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Тапсырмаларды іске асыру процесінде ақпараттық-талдау көмегін көрсетеді. Бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды және жаңа технологиялық жабдықтармен, материалдармен толтыруды және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Білімнің тиісті саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Мамандардың шығармашылық белсенділігін дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Талдау әзірлемелерін сараптауға және пікір беруге қатысады. Жобалық құжаттаманы сараптауды жүзеге асырады және қорытынды дайындайды. Ғылыми-практикалық конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, жарнамалық және насихаттау жұмыстарын даярлауға және өткізуге қатысады. Белгіленген мерзімде есептерді ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Ақпараттандыру туралы»,«Мемлекеттік мүлік туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігі бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілер; зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібі; сараптама жүргізу нәтижелерін өңдеу әдістері және талдау; сараптамалық қорытындыны ресімдеу тәртібі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және нормативтік құжаттаманың әзірлеу әдістері; озық отандық және шетелдік тәжірибе; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар, стандарттар; экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санаттағы сарапшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санаттағы сарапшы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және санаты жоқ сарапшы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;

10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау
және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

      Ескерту. 3-бөлім 10-тараумен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 19.11.2014 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Лауазымдық міндеттері:
      өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттармен, мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қызмет алушылар) жұмыс істеу үшін уәкілеттік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен тығыз байланыста жүзеге асырады;
      арнаулы әлеуметтік қызметтерге бағалауды жүргізеді және қажеттілікті айқындайды;
      өтініш берушімен сұхбат жүргізеді, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша шығады, көршілерден қызмет алуға мүмкіндік беретін объективті себептерінің мәнін сұрастырады;
      организм функциялары бұзылған кезде, баланың әлеуметтік бейімсіздігі және депривациясы кезінде өз бетінше қызмет ете алу қабілетін айқындайды;
      әлеуметтік ортаны, тіршілік етудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жетіспеушілігін немесе болмауын бағалайды;
      білім беру және денсаулық сақтау органдарынан қорытындылар алу үшін ведомствоаралық комиссия құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады және оны аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Білуге тиіс:
      1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын;
      2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін;
      2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
      2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекітілетін Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5560 болып тіркелген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
      жоғары санатты - жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
      бірінші санатты - жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
      екінші санатты - жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
      санаты жоқ: мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмай жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім.

4-бөлім. Басқа қызметшілер

1. Қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі
әлеуметтік қызметкер

      Лауазымдық міндеттері: Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын жалғызілікті қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарды анықтайды. Қызмет көрсетілетін азаматтарды азық-түлік өнімдерімен, ыстық тамақпен, бірінші қажеттіліктегі өнеркәсіптік және шаруашылық тауарлармен, дәрігердің кеңесі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Тұрғын жайларды жинауға көмек көрсетілуіне ықпал етеді, пеш жағады (орталық жылуға қосылмаған үй-жайларда), киімдерді кір жууға, химиялық тазалауға тапсырады және жеткізеді, коммуналдық және т.б. қызметтердің ақысын төлеуді жүргізеді. Қажет болған жағдайда тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді: ыстығын өлшейді, қыша қояды, қыздыратын компресс қояды, үйге дәрігер шақыруды, сондай-ақ шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмекті жүзеге асырады. Қызмет көрсетілетін азаматтармен денсаулық сақтау ұйымдарында ілесіп жүреді. Қызмет көрсетілетін азаматтардың туыстарымен, достарымен хат жазуға қатысты өтініштерін орындайды. Ардагер бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен байланыс орнатады, әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді және басқа тапсырмаларды орындайды. Қызмет көрсетілетін азаматтардың қажетті медициналық, протездік-ортопедиялық көмек және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына жәрдемдеседі.
      Білуге тиіс: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтік қызмет ұйымдастыру бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; жалғызілікті еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша негізгі қағидаттар; қарт адамдардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; қарттарды, еңбекке жарамсыз азаматтарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету тәсілдері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) немесе негізгі орта және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты болуы керек.

2. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды
және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі
әлеуметтік қызметкер

      Лауазымдық міндеттері: Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың бос уақытын ұйымдастырады (ойындар, кітап оқу, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және т.б.). Ауруханада (ауруханаға жатқызылған жағдайда) ата-аналармен және олардың отбасы мүшелерімен балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оңалту іс-шараларын іске асыру және бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың ата-аналарын науқас балалар мен 18 жастан асқан адамдарды жалпы күтудің практикалық дағдыларын, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың дамуына ықпал ететін әдіс-тәсілдерді, қимыл-қозғалыс және әлеуметтік дағдыларға үйретеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшін мамандарды шақыртады. Қамқорлық, қорғаншылық белгілеу, жәрдемақы тағайындау, интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және басқа да көмек алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарды күтіп отырған күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, қайырымдылық қорлары, демеушілер есебінен басқа да гуманитарлық көмектің берілуіне жәрдемдеседі. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа мекемелермен клиенттерге анағұрлым тиімді қызмет көрсету үшін өзара қарым-қатынас жасайды. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша өзге нормативтік құжаттар; балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру жөніндегі негізгі қағидаттар; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; балалар мен 18 жастан асқан адамдарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) немесе негізгі орта және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты болуы керек.