2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 835 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 11 қаңтарда N 5-17-160 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7-бабының  2)-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға Ұлан ауданы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
      2) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) табысы аз адамдар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) 50 жастан асқан әйелдер;
      14) 55 жастан асқан ерлер.
      2. «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ұлан ауданының әкімі                       Ж. Муратов