Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-266 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы N 22 "Отарқа" және N 20 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) N 396/5 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық әкімі А. Вербняк