Мұнайлы ауданының Батыр селолық округын құру туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 35/404 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің № 218 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 тамызда № 2104 тіркелді

      Мұнайлы аудандық мәслихаты мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы ауданының Батыр селолық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 - бабының 3 - тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыр тұрғын үй массиві «ауыл (село)» санатына жатқызылсын.
      2. Қызылтөбе селолық округі құрамынан бөліп, шекарасы Батыр селосы аумағындағы, орталығы осы село болатын, Мұнайлы ауданының Батыр селолық округі құрылсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      Сессия төрағасы                         М. Дүйсенбаев

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Шелпеков