Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 тамыздағы № 474/67-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 692 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде № 395 тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде № 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде № 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде:
      15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын иеленген азаматтар".".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Х. Сәдуақасов

      Астана қаласының мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы               Е.Оспанов