Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 қарашада № 7293 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2014.09.19 № 89 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың, соның ішінде электронды форматта және қараудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6888 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 260-263 (26661) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                             А. Дауылбаев

      «КЕІЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Жоғарғы Соты Төрағасы
      _____________Б. Бекназаров
      13 қазан 2011 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы
      __________________Н. Әбіқаев
      10 қазан 2011 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық қылмысқа және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
      агенттігінің (қаржы полициясы)
      Төрағасы
      ___________________Қ. Қожамжаров
      17 қазан 2011 ж.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _____________Қ. Қасымов
      16 қыркүйек 2011 ж.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      ________________Ә. Жақсыбеков
      14 қыркүйек 2011 ж.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________________Б. Жәмішев
      "__"_____________ 2011 ж.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      _____________________В. Божко
      7 қазан 2011 ж.

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының   
2011 жылғы 12 қыркүйек 
№ 83 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды,
шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу,
соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдауының, тіркеуінің, есепке алуының, соның ішінде электронды форматта және қарауының, сондай-ақ аудандық және соларға теңестірілген соттарда жеке айыптау істері бойынша адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі шағымдарды қабылдауының, тіркеуінің, есепке алуының және қарауының бірыңғай тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Нұсқаулық).
      Электронды тіркеуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау және прокуратура органдары, жеке айыптау істері жөніндегі соттар Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3704 санымен тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 17 маусымдағы № 27 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР БП № 27 бұйрығы) бекітілген Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды, қылмыстық істерді, олардың тергелу және сотта қаралу нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алу негізінде жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе), сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
      Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты тіркеуді қылмыстық қудалау органдары қағаз нұсқасында немесе электрондық форматта оларды есепке алу мен тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюдың қолданыстағы тәртібі бойынша жүргізеді.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қабылдау – қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау жөніндегі уәкілеттікке ие лауазымды тұлғаның іс-әрекеті;
      2) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты тіркеу, соның ішінде электронды тіркеу – осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) қылмыстар, оқиғалар және өзге де деректер туралы ақпараттың мазмұны бойынша қысқаша мәліметтерді бекіту, қылмыстар, оқиғалар туралы келіп түсетін әрбір өтінішке, хабарламаға және өзге де ақпаратқа нөмір беру;
      3) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты есепке алу – қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қабылдау және қарау жөніндегі мәліметтерді бекіту және оларды есепте бейнелеу;
      4) қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қарау – лауазымды тұлғаның (өз құзыреті шегінде) қылмыстар туралы тіркелген өтініш, хабарлама бойынша тексеру іс-шараларын өткізу және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексіне (бұдан әрі – ҚР ҚІЖК) сәйкес ол бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау;
      5) есепке алу-тіркеу тәртібі – барлық құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін, ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюдың тәртібі мен мерзімдерін реттейтін белгіленген нормалар мен ережелерді міндетті түрде сақтауы;
      6) қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеуден жасыру – бұл қандайда бір қылмыс құрамының белгісін қамтитын өтінішті, хабарламаны тікелей алған тұлғаның немесе оның тіркелуіне жауапты тұлғаның ӨАЕК-на оны тіркемеуі;
      7) есепке алудан жасырылған қылмыс – бұл ҚР ҚІЖК 177-бабымен көзделген қылмыстық істі қозғауға себептердің және жеткілікті негіздердің болуына қарамастан, қылмыстық қудалау органдарының оны есепке алуға шаралар қабылдамағаны жөніндегі қылмыс;
      Қылмыстық қудалау органы қосымша тергеу тексерісінің ҚР ҚІЖК-мен рұқсат етілген мерзімі өткеннен кейін жекелеген тексеру әрекеттері нәтижелерінің (сараптама қорытындысы, салық тексерулерінің актілері, халықаралық тапсырмалар не басқа да тексеру актілері) дайын болмауына байланысты қылмыс құрамының белгілері болмағанда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаса және прокурорға оны тоқтату туралы қолдаухат жіберсе, қылмыс жасырылған болып саналмайды.
      Қылмыстық ісі кейіннен ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған немесе ақтау үкімі шығарылған қылмыстар жасырылғандардың қатарынан алып тастауға жатады. Аталған шешімдердің күші жойылған жағдайда қылмыстар жасырылған ретінде қылмыстық қудалау органымен және прокурормен қайта есепке қойылады;
      8) қылмыс туралы көрінеу жалған өтініш – бұл пайдакүнемдік ниетпен ұйымдастырылып, дайындалып жатқан сияқты немесе жасалған қылмыс туралы жеке немесе заңды тұлғаның көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы. Соның ішінде өтініш тек Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органдарға және олардың қызметкерлері болып табылатын лауазымды тұлғаларға жолданған болуы және ӨАЕК-нда тіркелген болуы тиіс.
      Қылмыс туралы көрінеу жалған өтініштің тіркелген фактісі анықталған жағдайда прокурор немесе қылмыстық қудалау органы тексеру іс-шараларын дереу қысқартып, осы өтініш бойынша ақтайтын негіздермен қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімді қабылдауға шаралар қабылдайды;
      9) ӨАЕК – қылмыстар, оқиғалар жөніндегі тіркелген ақпараттар, өтініштер мен хабарламалар туралы және олар бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдері туралы мәліметтерді қамтитын қатаң есептілік құжаты.
      10) есепке алу-тіркеу тәртібін бұзудың негізіне мыналарды жатқызу қажет:
      қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тікелей жеке және заңды тұлғалардан алған қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеуден жасыруы;
      қылмыс туралы өтінішті, хабарламаны тіркеуден жасыруы;
      ӨАЕК-на тіркеуге шаралар қабылдамау арқылы қылмысты есепке алудан жасыру, соның ішінде:
      лауазымды тұлғаның қылмыс туралы өтінішті, хабарламаны қабылдаудан бас тартуы немесе жоюы арқылы қылмыс туралы өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты тіркеуден тікелей жасыруы;
      әкімшілік істі негізсіз қозғауы;
      тексеру материалдарын номенклатуралық іске шығаруы;
      жеке айыптау істері бойынша материалдарды сотқа негізсіз беруі;
      қылмыстық істен тексеру материалдарын бөліп алмауы және басқа қылмыс құрамының белгілері бар фактілер бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдамауы;
      тергеуге дейінгі тексеру материалын басқа материалға негізсіз қосу және ол бойынша қылмыс құрамының белгілері бар болғанда қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдамауы;
      ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз қаулы шығаруы;
      аумақтық тиесілігіне (тергеуде болуына) қарай іс жүзінде жіберілмесе де, ол туралы ӨАЕК-нда белгілеу, сондай-ақ бұрын тіркелген қылмыстық іске (материалға) іс жүзінде тіркелмесе де, ол туралы ӨАЕК-нда белгілеуі.
      3. Қылмыстар, оқиғалар туралы барлық ақпарат мазмұнына қарай қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерге, хабарламаларға, шағымдарға және өзге де ақпараттарға бөлінеді, олар ауызша да, жазбаша да берілуіне болады.
      Жазбаша өтініштерге мыналар жатады: азаматтардың өтініштері; кінәсін мойындап келу; заңды тұлғалардың өтініштері; мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының немесе ұйымда басқару қызметтерін жүзеге асыратын тұлғаның жазбаша хабарламасы; қылмыстық істі қозғауға құқылы лауазымды тұлғаның және органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтағаны жөніндегі баянаты. Жазбаша өтінішке, оны жолдаған тұлға қол қоюы керек.
      Өтініш беруші көрінеу жалған сөз тасығаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертіледі, ол туралы қылмыстық қудалау органына тікелей жүгінген өтініш берушінің қолымен расталған өтінішке белгі қойылады.
      Қылмыстық қудалау органына келіп түсетін қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар ҚР ҚІЖК белгіленген тәртіпте қарастырылуы тиіс.
      4. ӨАЕК-на Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен (бұдан әрі – ҚР ҚК) көзделген қандайда бір қылмыс құрамының белгілері көрінетін өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпарат, сондай-ақ оқиғалар туралы басқа да мәліметтер тіркелуге жатады.
      Тіркеліп, тексеру өткізілгеннен кейін, олар бойынша ҚР ҚІЖК 185-бабымен көзделген іс жүргізу шешімдерінің біреуі қабылданады.
      5. Өзге ақпаратқа: телефон (телефакс), телеграф арқылы, күзет сигнализациясының дабылы қосылған түрде, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары кезекші нарядтары радиобайланыстарының ведомстволық арналары бойынша келіп түскен құқыққа қарсы сипаттағы әрекеттер туралы хабарламалар жатады, соның ішінде:
      1) қылмыстың салдарынан туындауы мүмкін жарақаттармен, зақымдармен, аурулармен түскен азаматтардың жүгінулері туралы емдеу мекемелерінен;
      2) қылмыстың белгілерін білдіретін жағдайларға байланысты азаматтардың жеке куәліктерін және төлқұжаттарын жоғалту жөніндегі көші-қон полициясының бөлімшелерінен;
      3) қылмыс жасады деген күдікпен және жасалған қылмыс туралы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан;
      4) қылмыс туралы күдік тудыратын жағдайлар бойынша басқа ұйымдардан, мекемелерден (түрлі меншік нысанында), азаматтардың және басқа да жеке тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерінен келіп түскен мәліметтер жатады.
      Оқиғалар туралы басқа да мәліметтерге: авариялар, жануар індеттері, өрттер, табиғи зілзалалар және адамдармен болған жазатайым оқиғалар туралы жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары жатады.
      6. ӨАЕК-н жүргізетін қылмыстық қудалау органы қылмыстың қандайда бір белгілері көрінетін басқа да ақпаратты осы Нұсқаулықтың 5-тармағындағы бірінші бөлігінің негізінде келіп түскен ақпаратқа сәйкес хабарламаны жіберген байланыс арнасын көрсету арқылы ӨАЕК-на енгізеді.
      Қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпарат қылмыс құрамының бар екенін немесе жоқтығын анықтау мақсатында алдын ала тексеруге жатады, дәлелденбеген жағдайда осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда, «Жасалған қылмыстар туралы дәлелденбеген хабарламалар бойынша нарядқа шығарылған материалдар» номенклатуралық ісіне (бұдан әрі – номенклатуралық іс) жатқызылады, ол туралы ӨАЕК-ның 6-бағанында белгі жасалады.
      Тексеруді жүзеге асыру фактісі тексеру әрекеттерін жүргізген лауазымды тұлғаның баянаты нысанында, сондай-ақ өтініш берушімен, көрген адаммен жүргізілген жазбаша сауалнама арқылы құжаттамалық расталуы қажет. Сонымен қатар аталған сауалнамада қылмыстық қудалау органы басшысының баянатта көрсетілген қабылданған шешіммен келісетіні туралы қолы қойылуы қажет.
      Сотқа дейін іс жүргізу тәртібінде қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпаратты тексеру кезінде аталған жайт дәлелденбеген жағдайда, ол ӨАЕК-ның 6-бағанында көрсету арқылы номенклатуралық іске шығарылады немесе 7-бағанында белгілеу арқылы әкімшілік іс жүргізу шаралары қолданылады.
      Егер қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпарат дәлелденген жағдайда, ҚР ҚІЖК 185-бабымен көзделген шешімнің біреуі қабылданады және ӨАЕК-ның 11-бағанында тиісті жазба жасалады.
      Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот талқылауы барысында берілген ауызша өтініштер, хабарламалар хаттамаға енгізіліп, тиісті қылмыстық қудалау органымен ескеріледі. Басқа жағдайларда өтініш берушінің және өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның қол қойған жеке хаттамасы жасалады. Өтініш беруші көрінеу жалған сөз тасығаны үшін ҚР ҚК 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертіледі, ол туралы хаттамада өтініш берушінің қолымен куәландырылған белгі қойылады.

2. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,
хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау

      7. Кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы түсіп жатқан өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар жасалған орнына, уақытына, тергеуде болуына, сонымен қатар хабарланатын мәліметтердің толықтығына және ұсынылу түріне қарамастан, кез келген қылмыстық қудалау органында қабылданады. Кезекші бөлімдері бар қылмыстық қудалау органдары өтініштерді тәулік бойы қабылдайды.
      Аумақтық бөлімшелері бар бірнеше органға келіп түскен өзге де ақпарат әрбір органда бір мезгілде тіркеле отырып, оқиға болған жерге шығу арқылы тексеріледі. Криминалдық сипаттағы деректерді қамтитын мәліметтер расталған жағдайда, материалдарды беру ҚР ҚІЖК 192-бабына сәйкес жүргізіледі.
      8. Қылмыстық қудалау органына, соның ішінде учаскелік инспекторға тікелей жүгінген өтініш берушіге, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда бірегей нөмірлі талон-хабарлама беріледі.
      Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу міндеттері жүктелген кезекші бөлімнің қызметкері немесе лауазымды тұлға бірегей нөмірлі талон-хабарламаның қағаз жүзіндегі нысанын толтырады, жыртылмалы бөлігін өтініш иесіне береді және ЗС-1 карточкасының қағаз жүзіндегі түрін толтырып, оны 24 сағат ішінде карточканы электронды форматта қалыптастыратын қызметкерге береді. ЗС-1 нысанды карточканың деректемелері ҚР БП № 27 бұйрығымен белгіленген тәртіпте толтырылады. ЗС-1 нысанды карточка мәліметтерінің негізінде электронды ӨАЕК-нда жазба автоматты түрде қалыптастырылады.
      Талон-хабарламаның бірегей нөміріндегі бірінші жұбында өтінішті, хабарламаны тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұбында облыстың, Астана және Алматы қалаларының коды, үшінші жұбында аудан (қала) коды, төртіншісінде ведомство коды, тоғызыншы сан болып резервтік нөмірі және соңғы сандармен (5 белгі) талон-хабарламаның реттік нөмірі көрсетіледі.
      Талон-хабарлама екі бөлімнен: өтінішті, хабарламаны тіркеген қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның түбіртегінен, сондай-ақ өтініш иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламадан тұрады. Талон-хабарламалар түбіртектерінің түпнұсқалары ведомстволық бұйрықтармен белгіленетін қатаң есептілік құжаттары болып табылады.  Талон-хабарламаның бірінші бөлігінде бірегей нөмір, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің атауы, өтініштің немесе хабарламаның қысқаша мазмұны, ӨАЕК-ндағы тіркелген жазбасының нөмірі мен күні, өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органы қызметкерінің қолы, лауазымы, аты-жөні және өтініштің немесе хабарламаның қабылданған күні, талон-хабарламаны қабылдаған тұлғаның қолы, уақыты және күні белгіленеді.
      Талон-хабарламаның екінші бөлігінде (жыртылмалы талон) сол сияқты бірегей нөмір, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің атауы, қызметкердің лауазымы, аты-жөні, өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны, өтініш немесе хабарлама бойынша қабылданған шешімдер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген мерзімдерде қабылданатындығы туралы түсініктеме беру арқылы ӨАЕК-ндағы тіркеу жазбасының нөмірі мен күні, талон-хабарламаны берген қылмыстық қудалау органы қызметкерінің қолы мен күні қамтылады.
      Жыртылмалы талон-хабарламаның теріс жағында Интернет-ресурстың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервис), 8 800 080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осы телефондар арқылы өтініш иесі тиісті ақпаратты және өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алады.
      Жазбаша өтініште немесе кінәсін мойындап келу хаттамасында осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес тіркеу штампы қойылады. Органның тіркеу штампында атауы, тіркелу күні, реттік нөмірі, ақпаратты қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні мен қолы қамтылады.
      9. 102 нөміріне келіп түскен қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар бойынша, шұғыл-тергеу тобының қылмыс, оқиға болған жерді тексеру нәтижелеріне қарай оның жетекшісі жәбірленушіден өтінішті алып, оған талон-хабарламаны ұсынады.
      10. Жол полициясының, кеден қызметінің, мемлекеттік күзет қызметінің, өртке қарсы қызметтің, арнайы қабылдағыштардың, уақытша ұстау изоляторларының, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының, тәрбиелеу орталықтарының, қабылдағыш-бөлгіштердің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу, оқшаулау және оңалту орталықтарының, түзету мекемелерінің, тергеу изоляторларының, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрмаларының кезекші бөлімшелеріне қызмет атқару барысында мәлім болған қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар аумақтық тиесілігіне (тергеуде болуына) қарай тиісті органның кезекші бөлімдеріне жолданады.
      11. Қылмыстық қудалау органына жүгінген кезде өтініш беруші өзі білетін кез келген тілді пайдалана алады. Қабылданған шешім туралы жауап жүгінген тілде беріледі.

3. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды,
шағымдарды және өзге де ақпаратты тіркеу және есепке алу,
соның ішінде электрондық форматта есепке алу

      12. Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы кез келген өтініш (жазбаша немесе ауызша) осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіпте тіркелуі керек.
      Өтінішті тексеру оның ӨАЕК-нда тіркелгенінен кейін ғана жүргізіледі. Кіріс құжаттарының журналында тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар келіп түскен кезінен бастап тәулік ішінде ӨАЕК-нда тіркелуге жатады.
      13. ҚР ҚІЖК 185-бабымен көзделген шешімдерді, соның ішінде іс жүргізу шешімдерін қабылдау, тек ӨАЕК-нда тіркелген материалдар бойынша жүзеге асырылады.
      14. Қылмыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қарау мерзімін есептеу оның қылмыстық қудалау органына келіп түскен күнінен бастап осы Нұсқаулықтың 12-тармағының талаптарын сақтау арқылы ҚР ҚІЖК184-банының негізінде жүргізіледі.
      15. Аумақтық тиесілігіне (тергеуде болуына) қарай жолданған қылмыс туралы өтініш, хабарлама есептен алынады және оны қабылдаған қылмыстық қудалау органында тіркелуге жатады. Материалды қайтарған кезде өтініштің, хабарламаның бастапқы тіркелгені бойынша ӨАЕК-нда белгі қойылады. Өтінішті қарау мерзімі аумақтық тиесілігіне (тергеуде болуына) қарай оны қабылдаған қылмыстық қудалау органына қайта келіп түскен кезінен бастап есептеледі, соның ішінде оқиға болған орынды, аймақты немесе үй-жайды қарау кезінде табылған немесе ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен не азаматтармен ұсынылған заттар мен құжаттар бір мезгілде тапсырылуға жатады. Прокуратура органдарына жасырылған қылмыс туралы өтініш келіп түскен жағдайда, ол прокуратура органдарының ӨАЕК-нда тіркелуі қажет және ол бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады немесе қылмысты жасырған органға қарау және шешім қабылдау үшін жіберіледі.
      Бір ғана қылмыстық дерек бойынша бірнеше өтініш, хабарлама, шағым және өзге де ақпарат келіп түскен жағдайда, қылмыс бір рет есепке алуға жатады. Тергеу және анықтау органы қайталап түскен өтініштер мен хабарламаларды ӨАЕК-нда тіркеп, қылмыстық іске (материалға) қоса тіркейді, бірақ ӨАЕК-дағы бастапқы тіркеу нөміріне тіркелу туралы белгісін қояды.
      Бір ғана қылмыстық дерек бойынша, бірақ басқа криминалдық дерек туралы мәліметтерді қамтитын өтініш, хабарлама қайталап түскен жағдайда, соңғысы бөлек тіркеледі.
      Бұрын тексеру жүргізіліп, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданып қойған, сондай-ақ жаңа дәлелдер келтірілмеген бір ғана қылмыс бойынша өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар қайталап келіп түскен жағдайда, олар қылмыстық қудалау органы басшылығының немесе лауазымды тұлғаның бұрыштамасы бойынша ӨЕАК-нда тіркелусіз бас тарту өндірісінің материалына қарастырусыз тіркелінеді.
      Ұжымдық өтініш келіп түскен кезде «Қылмыс туралы хабарлаған тұлға жөнінде мәліметтер» деген бағанда – «ұжымдық» деп көрсету арқылы бір тіркеу нөмірі беріледі.
      16. Егер өтінішті тіркеу қандайда бір себептермен тоқтатылған болса, онда ӨАЕК-нда осы органға ақпараттың келіп түскен уақытымен қатар өтінішті қарау тапсырылған қызметкерге бастапқы түскен уақыты көрсетіледі. Мұндай жағдайларда өтінішті қарау мерзімі қылмыстық қудалау органына бастапқы түсу мерзімінен бастап есептеледі.
      17. ӨАЕК-н аудандық, (қалалық), Астана, Алматы қалаларының, облыстық және соларға теңестірілген қылмыстық қудалау органдары, прокуратура органдары, соның ішінде жеке мамандандырылған және уәкілетті прокурорлар, сондай-ақ олардың орталық аппараттары жүргізе алады.
      ӨАЕК-ның деректемелері хронологиясын және нөмірлеу тәртібін сақтау арқылы олардың бағандарының мазмұнына сәйкес толтырылады. Өтініш беруші туралы деректер, хабарланатын қылмыс туралы, өтініштің қозғалыстары мен қабылданған шешім туралы толыққанды мәліметтер баяндалуға жатады. Қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеу кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету үшін ӨАЕК-нда мазмұны мен өтініш беруші туралы деректерді баяндамай, жүгінген тұлғаның аты-жөнінің басқы әріптерін көрсетуге болады.
      ӨАЕК қылмыстық қудалау органдарының кезекші бөлімдерінде немесе тиісті құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы тиіс және қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеуге жауапты лауазымды тұлғалармен толтырылады. ӨАЕК-нің парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.
      18. Аяқталған ӨАЕК, талон-хабарламалардың түбіртектері, номенклатуралық істер кеңсеге, хатшылыққа сақталуға жіберіледі. ӨАЕК-ның сақталу мерзімі – 5 жыл, талон-хабарламалар түбіртектерінің және іс номенклатурасының сақталу мерзімі – 3 жыл.
      19. Қылмыстық қудалау органының басшысы, кезекші бөлім бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары және орындаушылар қылмыстар туралы өтініштердің тіркелуін қамтамасыз етеді.
      Прокуратура органдарына келіп түскен қылмыстар туралы өтініштерді тіркеуді осы міндет жүктелген лауазымды тұлға жүзеге асырады.
      20. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған материалдар қылмыстық қудалау органдары бастап жүргізетін Бас тарту материалдарын есепке алу журналында тіркелуге жатады.
      Бас тарту өндірісінің материалдары қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған қылмыстық қудалау органының мұрағаттарында сақталады.

4. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,
хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарау

      21. ҚР ҚІЖК сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарына сай тіркелген өтініштердің қаралуын қылмыстық қудалау органдары мен прокурор қамтамасыз етеді.
      22. Жасырын өтініштер, хабарламалар алдын ала шұғыл тексерілгеннен кейін ғана, қылмыстық қудалау органы бастығының тиісті қолы бар лауазымды тұлғаның баянаты бойынша (қылмыстың жасалғандығы туралы мәлімет дәлелденген жағдайда) ӨАЕК-нда тіркелуге жатады.
      Қылмыстық қудалау органының бастығы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға жасырын өтінішті, хабарламаны ӨАЕК-нда тіркегеннен кейін, оның мазмұнына қарай келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) жазбаша нұсқама береді:
      егер өтініште және хабарламада дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы деректер қамтылса, оларды тексеру туралы;
      шұғыл мақсаттарда пайдалану үшін тиісті бөлімшелерге өтініштер мен хабарламаларды жіберу туралы;
      2) шұғыл тексеру жүргізуге негіздеме болмаған жағдайда өтініштер мен хабарламаларды номенклатуралық іске шығарады.
      3) егер жасырын өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер қамтылса, ол тиісті тексеру жүргізу үшін тергеуде болуына немесе аумақтық тиесілігіне қарай жіберіледі.
      23. ӨАЕК-нда тіркелген материал бойынша шешім ҚР ҚІЖК 184-бабымен белгіленген мерзімдерде қабылданады.
      Қылмыстар туралы өтініштерді, хабарламаларды қарау мерзімін ұзарту, ҚР ҚІЖК 184-бабында көрсетілген негіздер бойынша тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның негізді баянатына қарай: қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе басқа материалдарды талап ету, оқиға болған орынды тексеру, сараптама жүргізу үшін жүзеге асырылады.
      Баянатта баяндалған негіздер орынды болған жағдайда, тергеуге дейінгі тексерудің мерзімі анықтау органы бастығының, тергеу бөлімі бастығының, ал орталық аппараттарда – комитеттер төрағасының немесе департаменттер бастықтарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың баянаттағы бұрыштамасымен ұзартылады.
      Тергеуге дейінгі тексерудің мерзімі ұзартылғанда 3С-2 нысанды статистикалық карточкасы қойылады және прокурор хабардар етіледі. Хабарлауда мерзімнің ұзартылу негізі көрсетіледі. Материал бойынша қабылдаған шешімнің прокурормен күші бұзылған жағдайда, шешімді қайта қабылдау 1 айдан кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
      24. Криминалдық мәліметтерді қамтитын, қосымша тексеруді қажет ететін ӨАЕК-нда тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы басқа да ақпарат:
      1) оқиға болған жерге шығуға;
      2) іздердің, кино-фото түсірілімнің, бейнежазбаның сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға;
      3) шұғыл-іздестіру шараларын өткізуге;
      4) жәбірленушілерден, куәгерлерден сұрақ-жауап алуға себеп болады.
      25. ӨАЕК-нда тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің біреуі қабылданады:
      1) қылмыстың белгілері болмаған жағдайда, соның ішінде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған кезде және әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері бар болғанда – кінәлі адамға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы;
      2) ақпарат дәлелденбеген жағдайда немесе қылмыстың белгілері болмағанда, адамның өміріне залал келтірілгенде немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке материалдық залал келтірілгенде – тексеру материалдарын номенклатуралық іске шығару туралы.
      26. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және шешу тәртібін толық және жан-жақты бақылау мақсатында, субъектілер есепке алу-тіркеу материалдарына салыстыруды жүзеге асыратын комиссия құрады. Комиссияның қызметі ведомстволық тәртіпте регламенттеледі және қылмыстық қудалау органының бастығымен қамтамасыз етіледі.

5. Жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қабылдау,
тіркеу, есепке алу және қарау туралы

      27. ҚР ҚІЖК және осы Нұсқаулық талаптарының тәртібінде жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау нәтижелері осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес электродық форматта аудандық және соларға теңестірілген соттармен жүргізіледі.
      28. Сот кеңсесіне пошта, телеграф, факсимильдік байланыс бойынша не қолма-қол келіп түскен шағымдарды қабылдау, іс жүргізуді іске асыру тәртібін реттейтін ведомстволық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      29. Егер берілген шағым ҚР ҚІЖК 390-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, судья өтініш берушіге оларды көрсетілген талаптарға сәйкестендіруді ұсынады және оның мерзімін белгілейді. Нұсқау орындалмаған жағдайда, судья өз қаулысымен шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартады және ол жайында өтініш берушіні хабардар етеді. Белгіленген талаптар орындалған жағдайда, судья шағымды 3 тәулік ішінде қарап:
      1) шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы;
      2) шағымды тергелуі немесе сотталуы бойынша беру туралы;
      3) шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

6. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды,
шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау,
тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта
және қарау тәртібін сақтауды қадағалау және бақылау

      30. Қылмыстық қудалау органының бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдаудың, тіркеудің, соның ішінде электронды форматта және қараудың белгіленген процедураларын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Орталық, облыстық, қалалық, аудандық және соларға теңестірілген қылмыстық қудалау органдарында қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электрондық форматта және қарау тәртібін толық және жан-жақты бақылау үшін, қызметі «Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау комиссиясы жөніндегі типтік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 тіркелген) регламенттелетін есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайын бақылау жөніндегі комиссия құрылады.
      31. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау заңдылығын қадағалауды қадағалаушы және уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,   
хабарламаларды, шағымдарды және өзге де   
ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның 
ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі
Нұсқаулыққа 1-қосымша            

нысан

Негіз ___________________
Сақталу мерзімі________________

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,
хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу
КІТАБЫ (бұдан әрі – ӨАЕК)
_________________________________________
(қылмыстық қудалау органының атауы)

Басталуы "___"________20_____ ж.
Аяқталуы "___"__________20____ж.

Түгендеу № _____________________

(Осы кітаптың мұқаба парағының теріс жағында жазылады)

      Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабының нысаны (бұдан әрі – ӨАЕК) барлық қылмыстық қудалау органдары үшін бірыңғай, қатаң есептілік құжаты болып табылады және бір данада ғана толтырылады.
      ӨАЕК іс жүргізу ережелеріне сәйкес ресімделеді, тіркеледі және кітапшаланады.
      ӨАЕК қылмыстық қудалау органының кезекші бөлімінде сақталады.
      ӨАЕК-ндағы жазбалар қаламсаппен, қысқартуларсыз қолмен жазылады. Түзетуге болмайды. Қате жазбалар сызылып, кезекші бөлімнің лауазымды тұлғасының қолымен расталады.
      Өтінішті тексеру жүргізу үшін орындаушыға беруге және ӨАЕК-нда тіркеусіз орындауға қатаң тыйым салынады.
      ӨАЕК аяқталуына қарай заңмен белгіленген тәртіпте 5 жыл ішінде сақталуы үшін ведомстволық мұрағатқа өткізіледі.

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды
және өзге де ақпаратты есепке алу кітабы
бағандарының мазмұны

Р/с №

Қылмыс, оқиға туралы өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты тіркеу күні (күні, айы, жылы, сағаты, минуты)/өтініштің, хабарламаның және өзге де 1 ақпараттың органға немесе лауазымды тұлғаға іс жүзінде келіп түскен күні (күні, айы, жылы, сағаты, минуты)

Қылмыс, оқиға туралы хабарлаған тұлға туралы мәліметтер (өтініш берушінің аты-жөні, мекенжайы, телефоны, ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің мекенжайы, телефоны, атауы), орталық күзет, медицина мекемесі пульті кезекшісінің (диспетчері) аты-жөні

Қылмыс, оқиға туралы ақпараттың, өтініштің, хабарламаны  қысқаша мазмұны (уақыты, орны, себебі)

Шұғыл-тергеу тобының құрамы және оқиға болған жерге шығу уақыты, сондай-ақ жұмсалған күш пен қаражат

Алдын-ала тексеру нәтижелері: ақпарат дәлелденбеді, номенклатуралық істің нөмірі, тексеру материалы парақтарының саны, тексеру жүгізген лауазымды тұлғаның аты-жөні.

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Әкімшілік ықпал ету шаралары (хаттаманың, қаулының құрылған күні және жазалау түрі). Әкімшілік құқық бұзушылықтың дәрежесі

Алдын-ала дәрежелеу, ҚК бабы. Криминалдық сипаттағы мәліметтерді қамтитын өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты қарау кіммен, кімге және қашан тапсырылды

Криминалдық сипаттағы мәліметтерді қамтитын өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты орындау үшін алған тұлғаның қолы. Алған күні мен уақыты (тегі мен лауазымы түсінікті жазылсын)

Өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты қарау күні мен ұзарту мерзімі. Мерзімінің ұзартылуы туралы прокурорға хабарлау жолданды (шығыс нөмірі, күні)

Тексеру нәтижелері: ақпарат расталды, ҚР ҚІЖК 185-бабына, ҚР ҚК бабына сәйкес өтініш, хабарлама және өзге де ақпарат бойынша шешім, қозғалған қылмыстық істің нөмірі, алып қойылған заттай дәлелдердің тізбесі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күн, әкімшілік ықпал ету шаралары (хаттаманың, қаулының құрылған күн, жазалау түрі) тіркеу нөмірі, шығыс нөмірі, материал тергеуде болуы, жеке айыптау істері, соттылығы бойынша тергелу үшін қайда жолданды

7

8

9

10

11

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,    
хабарламаларды, шағымдарды және өзге де    
ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның
ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі
Нұсқаулыққа 2-қосымша         

нысан

Негіз _________________
Сақтау мерзімі _______________

№ _______ НОМЕНКЛАТУРАЛЫҚ ІС
Жасалған қылмыстар туралы нақтыланбаған хабарламалар
бойынша нарядқа шығарылған материалдар
___________________________________________________
(қылмыстық қудалау органының атауы)

Басталуы "____"_____________ 20_____ ж.
Аяқталуы "____"_____________ 20____ ж.

Түгендеу № ____________ том № _______

Номенклатуралық іс бағандарының мазмұны

Р\с №

Құжаттың атауы

Парақтар саны

1

2

3




Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,    
хабарламаларды, шағымдарды және өзге де    
ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның
ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі
Нұсқаулыққа 3-қосымша         

нысан

ТАЛОН-ХАБАРЛАМА
(түбіртек)
ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ
(корешок)

/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
(карточканың саны \номер карточки)

Өтініш \заявление, хабарлама \сообщение
_________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні \фамилия, инициалы заявителя)
________________________________________
(мекеме атауы \ наименование организации)

қабылданды\принято.
Өтініштің, хабарламаның қысқаша мазмұны \краткое содержание заявлений, сообщений
_________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабындағы тіркеу жазбасының нөмірі мен күні \номер и дата регистрационной записи в Книге учета заявлений, сообщений и иной информации о преступлениях, происшествиях
№ _____"___"_______ 20_____ж.\ г.
Өтінішті, хабарламаны қабылдаған қызметкердің лауазымы,
аты-жөні, қолы \должность, Ф.И.О., подпись сотрудника, принявшего заявление, сообщение
_________________________________________
_________________________________________

________________
(қолы \ подпись)

Талон-хабарламаны қабылдаушының қолы \подпись получившего талон-уведомление

____________"__" cағ \час «___» мин.
"____"_______________" 20___ ж.\г.

ТАЛОН-ХАБАРЛАМА
(жыртылмалы талон)
ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ
(отрывной талон)

/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/____/
(карточканың саны \номер карточки)

Өтініш \ заявление, хабарлама \сообщение
_____________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні \ фамилия, инициалы заявителя)

_____________________________________
(мекеме атауы \ наименование организации)

қабылданды \принято.
Қабылдаған\принял _____________________________________
(лауазымы, аты-жөні\ должность, фамилия и инициалы)
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
(органның атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны \ наименование органа, адрес и служебный телефон)
______________________________________
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабындағы тіркеу жазбасының нөмірі мен күні \номер и дата регистрационной записи в Книге учета заявлений, сообщений и иной информации о преступлениях, происшествиях
№ ______"___"__________ 20____ ж.(г)

Ескерту \примечание:
Өтініш, хабарлама бойынша шешім қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзімдерде қабылданатын болады \ решение по заявлению, сообщению будет принято в сроки, установленные уголовно-процессуальным законом
"___"______________ 20____ ж.\ г.

_______________
(қолы \ подпись)

Интернет желісінің мекенжайы: http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет ресура: http:\\service.pravstat.kz

SMS бойынша хабарласу 1012 телефон нөмірі арқылы
1012 номер телефона SMS сообщения

Телефон бойынша 8 800-080-7777 нөмірі арқылы
Со стационарного телефона по номеру 8 800-080-7777

Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі арқылы
С мобильного телефона по номеру 1414

Өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефон нөмірі _______________

Номер телефона органа уголовного преследования, принявшего заявления: _______________________________________

Интернет желісініңмекен жайы: http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет ресурса: http:\\service.pravstat.kz

SMS бойынша хабарласу 1012 телефон нөмірі арқылы
1012 номер телефона SMS сообщения

Телефон бойынша 8 800-080-7777 нөмірі арқылы
Со стационарного телефона по номеру 8 800-080-7777

Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі арқылы
С мобильного телефона по номеру 1414

Өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефон нөмірі ___________

Номер телефона органа уголовного преследования, принявшего заявления: ____________________________________

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,    
хабарламаларды, шағымдарды және өзге де    
ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның
ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі
Нұсқаулыққа 4-қосымша         

нысан

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу
МӨРТАБАНЫНЫҢ ҮЛГІСІ
_____________________________________________________
(органның атауы)

"____"______________ 20_____ ж. № _________

Кезекші _________________________________(қолы, тегі)

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді,    
хабарламаларды, шағымдарды және өзге де    
ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның
ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі
Нұсқаулыққа 5-қосымша         

нысан

Р\с

Істің нөмірі
(сот)

Іс бойынша адамдарды  тегі, аты, әкесінің аты

Сотталушылардың саны

Іс жүргізуге қабылданған күні

Судьяның тегі, аты, әкесінің аты

Үкімнің (қаулының) шығарылған күні

Қылмыс туралы шағымның қаралу нәтижелері

1

2

3

4

5

6

7

8