Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 26 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5931, тіркелген. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жыл, № 5 жарияланған; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2010 жыл, қыркүйек № 9, 2011 жыл наурыз № 3, 398-құжат.) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е.Бейсен) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Қ.Б.Бесбалаев) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова