"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 06-3/488 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 қазанда № 7249 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 4-4/246 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2014 № 4-4/246 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейән күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республиканың
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      ___________ С. Қайырбекова
      2011 жылғы 19 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      ________________ Н. Әшім
      2011 жылғы 12 қыркүйек

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 26 тамыздағы 
№ 06-3/488 бұйрығымен  
бекітілген       

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4)тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы мемлекеттік қызметі регламентінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет – пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу;
      2) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу – препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 14-6-бабы;
      2) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы);
      3) «Қазақстан Республикасында пестицидтердiң (улы химикаттардың  тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзудi Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2127 тіркелген) (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Тіркеу куәлігін (бұдан әрі – куәлік) қағаз тасығышта немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негізі Қаулымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 16-тармағында көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар қатысады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Комитеттен алға болады, оның мекен-жайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекен-жайы: sb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет туралы регламенті Комитеттің стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Министрліктің бұйрықтары» бөлімінің «Нормативтік құқықтық актілер» кіші бөлімінде орналасқан.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тipкeуге әзірленген материалдарды келіседі.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды берген күннен бастап – үш жылдан көп емес;
      пестицидті (улы химикатты) тіркеулік сынау жүргізу – екі жылдан көп емес;
      пестицидті (улы химикатты) өндірістік сынау жүргізу – бір жыл;
      пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдармен келісу – 30 жұмыс күні;
      2) куәлікті алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан көп емес;
      3) тұтынушыға рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 60 минуттан көп емес.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) Комитеттің қызметкері қабылданған құжаттарды қабылдауды, қарастыруды, бақылауға қоюды жүзеге асырады. Тіркелген, тиісті түрде рәсімделген құжаттар Комитет төрағасына, кейін орындаушыға беріледі;
      2) Комитет орындаушысы тұтынушының құжаттарын алған сәттен бастап олардың толықтығын және дұрыс толтырылғанын тексереді, өтінім берілген пестицидтке (улы химикатқа) тіркеу және өндірістік сынақ арын жүргізу жоспарларына, сондай-ақ Комитет төрағасы бекітілген пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі жұмыс жоспарына енгізеді, олар одан кейін осы сынақтарды жүргізуге шарттар жасау үшін орындаушы ұйымдар мен тұтынушыларға жіберіледі.
      Сынаққа қатысатын ғылыми-зерттеу ұйымдардағы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған материалдар жариялауға жатпайды;
      3) пестицидке (улы химикатқа) тіркеу сынақтарын жүргізілгеннен кейін орындаушы ұйымдар Комитетке жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы есеп береді;
      4) пестицидке (улы химикатқа) өндірістік сынақтар жүргізілгеннен кейін орындаушы ұйымдар Комитетке жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы есепті және Ережеге 3-қосымшаға сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндірістік тексеру актін береді;
      5) пестицидке (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтарды  нәтижелері туралы есептерді, сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстар бойынша есептерді Комитеттің орындаушысы тексереді;
      6) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге қарастырылған және әзірленген материалдар қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі;
      7) осы келісімді алғаннан кейін пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге арналған материалдарды Комитет бекітеді, кейін Комитеттің орындаушысы арнайы журналда жазылатын мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып және пестицидтің (улы химикаттың) мемлекеттік тіркелген күнін көрсете отырып, арнайы әзірленген бланкіде куәлікті рәсімдейді;
      8) мемлекеттік тіркеу нөмірі берілгеннен кейін куәлікке Комитеттің төрағасы қол қояды және Комитеттің мөрімен расталады және тұтынушыға беріледі;
      9) тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) «Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіліміне» енгізіледі.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда Комитеттің орындаушысы Комитеттің төрағасы қол қоятын дәлелді бас тартуды әзірлейді және тұтынушыға береді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде ұсынылатын куәлік нысаны Ереженің 7-қосымшасында көзделген.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау Комитеттің бір маманы жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      16. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі Комитетке келген кезде көрсетіледі.
      Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      17. Мемлекеттік қызмет алуға ұсынылатын құжаттар мен талаптар тізбесі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.
      18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) құжаттарды қабылдауға уәкілетті Комитет қызметкері;
      2) Комитеттің төрағасы;
      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
      4) Комитеттің жауапты орындаушысы;
      5) ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
      20. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
      21. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.

«Пестицидтерді (улы химикаттарды)  
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі
регламентіне 1-қосымша       

ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігік сипаттамасы мен өзара байланысы

1-кесте. ҚФБ әрекеттірінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Комитеттің құжаттар қабылдауға уәкілетті қызметкері

Комитеттің төрағасы

Құрылымдық бөлімшенің бастығы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, толықтығын тексеру

Хат-хабармен танысу, құжаттарды қарастыратын құрылымдық бөлімшені айқындау

Хат-хабармен танысу, құжаттарды қарастыратын жауапты орындаушыны айқындау

4

Аяқтау нысаны
(деректер, құжат, ұйымдық-реттеулік шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру, құжаттарды Комитеттің төрағасына жіберу

Бұрыштама қою

Бұрыштама қою

5

Орындау мерзімдері

30 минут

2 сағат

1 сағат

6

Келесі әрекет №

2

3

4

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Комитеттің орындаушы

Ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар (орындаушы ұйымдар)

Комитеттің орындаушы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын және өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау

Пестицидке (улы химикатты) тiркеу және өндiрiстiк сынақтар мен пестицидтің (улы химикаттың) токсикологиялық-гигиеналық жүргізілген жұмыстарды жүргiзу

Жүргізілген тiркеу және өндiрiстiк сынақтар нәтижелері туралы есептерді және пестицидке (улы химикатқа) токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстарды тексеру, пестицидке (улы химикатқа) тiркеу материалдарын қарастыру

4

Аяқтау нысаны
(деректер, құжат, ұйымдық-реттеулік шешім)

Өтінім берілген пестицидті (улы химикатты) тiркеу және өндiрiстiк сынақтар жүргізу жоспарына, сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізу

Пестицидтерге (улы химикаттарға) жүргізілген тiркеу және өндiрiстiк сынақтар нәтижелері туралы есеп және өндірістік тексеру акті

Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуге дайын материалдар

5

Орындау мерзімдері

15 жұмыс күні

1-3 жыл

44 жұмыс күні

6

Келесі әрекет №

5

6

7

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

Комитеттің орындаушысы

Құрылымдық бөлімшенің бастығы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірлеген материалдарды келісу

Құжаттардың толықтығын және өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау

Куәлікті немесе дәлелді бас тартуды келісу

4

Аяқтау нысаны
(деректер, құжат, ұйымдық-реттеулік шешім)

Жазбаша келісу

Пестицидке (улы химикатқа) куәлікті рәсімдеу немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Келісілген құжаттарды Комитеттің төрағасына жіберу

5

Орындау мерзімдері

30 жұмыс күні

10 жұмыс күні

2 сағат

6

Келесі әрекет №

8

9

10

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

10

11

2

ҚФБ атауы

Комитеттің төрағасы

Комитеттің орындаушы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Пестицидтің (улы химикаттың) куәлігіне немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Куәлікті Берілген куәліктер журналына тіркеу немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4

Аяқтау нысаны
(деректер, құжат, ұйымдық-реттеулік шешім)

Пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәлігі немесе дәлелді бас тарту

Тұтынушының қол қоюмен куәлікті немесе дәлелді бас тартуды беру

5

Орындау мерзімдері

2 сағат

30 минут

6

Келесі әрекет №

11

12

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс

ҚФБ 1-тобы
Комитеттің құжаттарды қабылдау уәкілетті қызметкері

ҚФБ 2-тобы
Комитеттің төрағасы

ҚФБ 3-тобы
Құрылымдық бөлімшенің бастығы

ҚФБ 4-тобы
Комитеттің орындаушысы

ҚФБ 5-тобы
Ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар

ҚФБ 6-тобы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, құжаттарды Комитеттің төрағасына жолдау

№ 2-әрекет
Орындайтын құрылымдық бөлімшені айқындау, бұрыштама қою

№ 3-әрекет
Құжаттарды қарастыруға жауапты орындаушыны айқындау, бұрыштама қою

№ 4-әрекет
Құжаттарды өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, пестицидке (улы химикатқа) сынаулар жүргізу және пестицидке (улы химикатқа) жүргізілген токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізу

№ 5-әрекет
Тiркеу және өндiрiстiк сынақтар жүргiзу

№ 6-әрекет
Пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірлеген материалдарды келісу




№ 6-әрекет Жүргізілген сынақтар нәтижелері туралы және пестицидке (улы химикатқа) жүргізілген токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі жұмыстар бойынша есептерді тексеру






№ 8-әрекет Куәлікті арнайы әзірленген бланкіде рәсімдеу





№ 9-әрекет
Рәсімделген куәлікті келісу





№ 10-әрекет
Куәлікке қол қою








№ 11-әрекет Куәлікті берілген куәліктер журналына тіркеу және оны тұтынушыға беру



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті қызметкері

ҚФБ 2-тобы
Комитеттің төрағасы

ҚФБ 3-тобы
Құрылымдық бөлімшенің бастығы

ҚФБ 4-тобы
Комитеттің орындаушы

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, құжаттарды Комитеттің төрағасына жолдау

№ 2-әрекет
Орындайтын құрылымдық бөлімшені айқындау, бұрыштама қою

№ 3-әрекет
Құжаттарды қарастыруға жауапты орындаушыны айқындау, бұрыштама қою

№ 4-әрекет
Құжаттарды өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру, дәлелді бас тартуды әзірлеу



№ 5-әрекет
Дәлелді бас тартуды келісу



№6 -әрекет
Дәлелді бас тартуға қол қою






№ 7-әрекет
Дәлелді бас тартуды тіркеу және оны тұтынушыға беру

«Пестицидтерді (улы химикаттарды)  
мемлекеттік тіркеу»мемлекеттік қызметі
регламентіне 2-қосымша      

ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема