Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасын және кезеңділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7207 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасы және кезеңділігі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж.Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрлі А.П.Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                        Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар  
министрінің 2011 жылғы  
21 қыркүйектегі № 334   
бұйрығына қосымша     

Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті
ұсыну қағидасы және кезеңділігі

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10)-тармақшасына сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық аймақтың басқару органының арнайы экономикалық аймақтың және қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілікті ұсынудың тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
      2. Арнайы экономикалық аймақтың және қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы құрастырады және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жібереді.
      3. Арнайы экономикалық аймақтың қызмет нәтижелері туралы есептілік Уәкілетті органға тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады және мыналарды қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі ақпарат;
      2) жұмыс жасап жатқан қатусышылар саны;
      3) бюджеттік қаражатын бөлінуі және олардың игерілуі;
      4) қол жеткізілген нәтижелерді (нақты мәлімет) жоспарланғандармен салыстыру;
      5) жинақтау әдісі мен көздерін, сондай-ақ қолданылған ақпаратты өңдеу және талдау әдістерін көрсету;
      6) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың орындалу мониторингі;
      7) арнайы экономикалық аймақтың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.
      4. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілік Уәкілетті органға жыл сайын, жылдан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады және мыналарды қамтиды:
      1) нақты жасалған инвестициялар көлемі, соның ішінде шетелдік көздерінен;
      2) тауар өндіру және қызмет (жұмыс) көлемі;
      3) жұмыс орындарының саны;
      4) шикізаттық емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялар көлемі.
      5. Толық емес есептілікті ұсынылған жағдайда, Уәкілетті орган есептілікті алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына ескертулерді көрсетіп, қайтарады. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы ескертулерді алғаннан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде пысықтап есептілікті жібереді.