Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 тамызда № 7148 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 210 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

                                                 Ә. Жақсыбеков

          "КЕЛІСІЛДІ"                       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                Ұлттық қауіпсіздік
     милиция генерал-майоры              комитетінің төрағасы
     ___________Қ. Қасымов             милиция генерал-майоры
       2011 жылғы 2 мамыр               __________Н. Әбіқаев
                                         2011 жылғы 29 шілде

Қазақстан Республикасы   
Қорғаныс министрінің    
2011 жылғы 18 мамырдағы  
№ 220 бұйрығымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзiрлендi.
      Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация әуе кемелерiнің тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) тіркеу тәртiбiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу туралы хабарлама (бұдан әрi – Хабарлама) беру тәртiбiн айқындайды Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерi Тiзiлiмде тіркелуге жатады.
      3. Тiзiлiмдi жүргiзудi және Хабарлама берудi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерi бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

2. Әуе кемесiн тiркеу (шығару) және Хабарлама беру тәртiбi

      4. Мемлекеттiк санатқа ауыстырылатын әуе кемесiн тiркеу үшiн қарамағына әуе кемесi келiп түскен мемлекеттiк орган (мекеме) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді;
      2) әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсiн;
      3) әуе кемесiн қабылдағанын (сатып алғанын) растайтын тиісті құжаттардың көшірмелерін;
      4) әуе кемелерiн әуе кемелерінің тиiстi тiзiлiмінен шығаруды растайтын құжатты (азаматтық әуе кемелерi және шетел мемлекеттерінiң әуе кемелерi үшiн).
      Ұсынылған құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган әуе кемесiн Тiзiлiмге енгiзедi және Хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн Тiзiлiмге енгiзу тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтінім келіп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      5. Әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн қарамағында әуе кемесi бар мемлекеттiк орган (мекеме) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді;
      2) Хабаламаны (түпнұсқасы);
      3) әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсiн;
      4) шетел мемлекетіне әуе кемесiн беруді (сатуды) немесе мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн азаматтық (эксперименттік) санатына ауыстыруды немесе мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн есептен шығаруды растайтын тиісті құжаттардың көшiрмелерiн.
      Ұсынылған құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығарады.
      Мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтінім келіп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      6. Хабарлама әуе кемесінің Тiзiлiмде тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады. Хабарлама жоғалтылған немесе бүлінген кезде оның көшiрмесi берiледi. Көшiрменi алу үшiн уәкiлеттi органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді ұсыну қажет.
      Әуе кемесіне Хабарламаның көшірмесін беру өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      Хабарламаның көшірмесін беру кезінде уәкiлеттi орган Тiзiлiмдегі Хабарламаның түпнұсқасын жою туралы тиісті жазбаны енгізеді.
      Хабарламаның көшірмесі "көшірме" белгісін және тіркеуші органның мөртаңбасын қоюмен Хабарламаның түпнұсқасының барлық мәтінін қамтуға тиіс.

Қазақстан Республикасы  
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
1-қосымша         

ҮЛГІ          

ЕЛТАҢБА
Уәкілетті орган___________________________________________________________________
Мемлекеттiк авиациясының әуе кемесiн
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация
әуе кемелерiнің тiзiлiмiне мемлекеттік тiркеу туралы

ХАБАРЛАМА
№_____

1. Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң түрi

2. Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң толық зауыттық нөмiрi

3. Шығарылған  жылы

4. Мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi *





      5. Пайдаланушы_________________________________________________
      6. Мемлекеттiк авиация әуе кемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiне тiркелгенi куәландырылады.
_____________________________  ________ _______________________
(уәкілетті органның басшысы)    (қолы)        (Т.А.Ж)

        М.О.
20 ___ж. "____" __________

      Ескертпе: * Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік авиация әуе кемесі үшін толтырылады.

      (сыртқы жақ бетi)                                      ҮЛГІ

МЕМЛЕКЕТТIК АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСIН БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI

Пайдаланушы__________________________________________________________
Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________  (уәкілетті органның басшысы)  (қолы)          (Т.А.Ж)

      М.О.
20 ______ж. "____" _______

Пайдаланушы__________________________________________________________
Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________  (уәкілетті органның басшысы)  (қолы)          (Т.А.Ж)

      М.О.
20 ______ж. "____" _______

Пайдаланушы__________________________________________________________
Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________  (уәкілетті органның басшысы)  (қолы)          (Т.А.Ж)

      М.О.
20 ______ж. "____" _______

Пайдаланушы__________________________________________________________
Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________  (уәкілетті органның басшысы)  (қолы)            (Т.А.Ж)

      М.О.
20 ______ж. "____" _______

Қазақстан Республикасы  
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
2-қосымша         

ҮЛГІ           

Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері Әуе қорғанысы күштері бас
қолбасшысының басқармасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІМ
__________________________________________________________________
(әуе кемесінің түрі)

Зауыттық нөмірі_____________________________________________________
Шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні) __________________
____________________________________________________________________
(авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірлері)
________________________________ авиациялық қозғалтқыштары орнатылған
____________________________________________________________ жататын
                (пайдаланушы және оның мекенжайы)
________________________________________________________келіп түскен
_________________________________________________________ негізінде
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне тіркеуді және оған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемесін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк беруді сұраймын.
      Қосымша мәліметтер:
      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)_____________________________
      2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг ___________________________________
      Қосымшалар:___________________________________________________
__________________________________________ _______ _________________
(мемлекеттік органның, мекеменің басшысы)   (қолы)    (Т.А.Ж)

     М.О.

20 ____ж. "____" __________

Қазақстан Республикасы  
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
3-қосымша        

ҮЛГІ           

Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері Әуе қорғанысы күштері бас
қолбасшысының басқармасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн шығару туралы ӨТІНІМ

___________________________________________________________ жататын
               (пайдаланушы және оның мекенжайы)
___________________________________________________________________
                     (әуе кемесінің түрі)
Зауыттық нөмірі______________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірлері)
________________________________ авиациялық қозғалтқыштары орнатылған
Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы хабарлама
№ ______ 20 ___жылғы "__"___________ берілген
мемлекеттік және тіркеу тану белгілері______________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________байланысты
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығаруын сұраймын.
      Қосымша мәліметтер:
      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)_____________________________
      2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг____________________________________
      Қосымшалар: __________________________________________________
__________________________________________ _______ _________________
(мемлекеттік органның, мекеменің басшысы)   (қолы)    (Т.А.Ж)

      М.О.
20 _____ж. "______" _______

Қазақстан Республикасы   
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
4-қосымша         

ҮЛГІ           

Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері Әуе қорғанысы күштері бас
қолбасшысының басқармасы

Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы хабарламаның көшірмесін алуға ӨТІНІМ
___________________________________________________________________
(әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі)

әуе кемесінің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы "___"____ № _______
Хабарламаны ауыстыруды (көшірме беруді) сұраймын.
Ауыстыру (көшірме беру) себебі _____________________________________
____________________________________________________________________
Куәлікті жоғалтуға, зақымдауға (бүлдіруге) әкеп соқтырған жағдайлар___________________________________________________________
Әуе кемесі туралы деректер:
Әуе кемесінің түрі__________________________________________________
Зауыттық нөмірі ____________________________________________________
Шығарылған күні (әскери өкілдің қабылдап алған күні) _______________
Қондырылған қозғалтқыштар __________________________________________
____________________________________________________________________
       (авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірлері)
Санаты (әуе кемесінің арналуы)______________________________________
Ең ауыр ұшу салмағы, кг_____________________________________________
_____________________________________________________________тиесілі
                (пайдаланушы және оның мекенжайы)
негізінде___________________________________________________________
________________________________________________________келіп түскен
Қосымшалар:_________________________________________________________
__________________________________________ _______ _________________
(мемлекеттік органның, мекеменің басшысы)   (қолы)    (Т.А.Ж.)

           М.О.
20 ____ж. "___" _________