Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 67 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 тамызда № 7095 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және жекелеген қаржы ұйымдары жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-бөлімде:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары өтімділіктің азаю тәртібімен орналастырылған. Шоттар жоспарында бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт таңбадан тұрады. Нөмірдің бірінші цифры тарауға тиесілілігін, екіншісі - топқа тиесілілігін, үшінші және төртінші цифрлары - синтетикалық шоттардың шағын топтарына тиесілілігін көрсетеді.»;
      2-бөлімде:
      3-тарауда:
      3390 54-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «3390 55 Көзделмеген тәуекелдер резерві»;
      3390 66-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «3390 81 Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері»;
      3430 61-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «3430 61 Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қысқа мерзімді резервтер»;
      5-тарауда:
      5100 «Төленбеген капитал», 5110 «Төленбеген капитал» шоттарының нөмірлері және аттары алып тасталсын;
      5470 61-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «5480 Резервтерді (провизияларды) түзету шоты»;
      7-тарауда 7470 06-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «7470 06 Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыстар»;
      3-бөлімде:
      3-бөлімнің тақырыбынан кейін «Баланстық шоттар» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-тарау. Баланстық шоттар»;
      3390 54-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 55-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «3390 55 «Көзделмеген тәуекелдер резерві» (пассив).
      Мақсаты: көзделмеген тәуекелдердің есептелген резервтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша көзделмеген тәуекелдердің қалыптастырылған резервтерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша көзделмеген тәуекелдердің қалыптастырылған резервтерінің сомаларын олар азайған кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      3390 66-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 81-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «3390 81 «Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері» (пассив).
      Мақсаты: брокердің клиент алдындағы міндеттемелерін есепке алу. Шоттың кредиті бойынша брокердің клиент алдындағы міндеттемелерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша брокердің клиент алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жүргізіледі.»;
      3430 61-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3430 61 «Номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қысқа мерзімді резервтер» (пассив).
      Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша қысқа мерзімді резервтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша номиналдық кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша резервтердің сомаларын есептен шығару жүргізіледі.»;
      5110-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;
      5470 61-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5480-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «5480 «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» (актив-пассив).
      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне (бұдан әрі - Активтерді жіктеу ережесі) сәйкес құрылуы тиіс резервтер (провизиялар) мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша талап етілетін резервтер арасындағы айырма сомасын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша Активтерді жіктеу ережесіне сәйкес құрылуы тиіс резервтер (провизиялар) мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша талап етілетін резервтер арасындағы айырманың сомалары арасында оң айырма туындаған (ұлғайған) немесе алдыңғы есепті күні № 5480 баланстық шотта танылған теріс айырма сомасы азайған кезде жоғарыда аталған сомалар жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша Активтерді жіктеу ережесіне сәйкес құрылуы тиіс резервтер (провизиялар) мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша талап етілетін резервтер арасындағы айырманың сомалары арасында оң айырма туындаған (ұлғайған) немесе алдыңғы есепті күні № 5480 баланстық шотта танылған оң айырма сомасы азайған кезде жоғарыда аталған сомалар жазылады.»;
      6150 01-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 немесе № 6150 03 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.»;
      6150 02-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша іске асырылмаған кірістер сомаларын № 5610 немесе № 6150 04 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.»;
      6250 01-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 немесе № 6250 02 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.»;
      6280 03-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 немесе № 6280 05 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.»;
      6280 04-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 немесе № 6280 06 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.»;
      7710-шоттың сипаттамасынан кейін «Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-тарау. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер»;
      8600 12-шоттың сипаттамасынан кейін «Меморандум шоттары» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-тарау. Меморандум шоттары»;
      8970-шоттың сипаттамасынан кейін «Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтері» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-тарау. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтері»;
      1830 06-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 1810 № 1830 04 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.»;
      1830 07-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 1810 № 1830 05 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.»;
      1830 10-шот сипаттамасының үшінші бөлігі мынадай жазылсын:
      «Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 1810 № 1830 09 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Г.Марченко