Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 52 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 шілдеде № 7080 тіркелді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе (бұдан әрі - Тізбе) бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы Тізбенің 1-тармағының 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы, жетінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы және қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «ЖСН (БСН)», «БСН» деген аббревиатуралар «СТН» деген аббревиатура болып, «Жеке сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздер «Әлеуметтік жеке код», «әлеуметтік жеке кодты» деген сөздер болып, «клиенттің сәйкестендіру нөмірі», «бизнес - сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып саналсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                 Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі
      Министр ______Г. Әбдіқалықова
      2011 жылғы 23 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министр _______Б. Жәмішев
      2011 жылғы 15 маусым

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы 
№ 52 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір
қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру
мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      14-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ақша төлемі және/немесе аударымы бастамашысының уәкілетті адамдарының тегі, аты, әкесінің аты. Бұл ретте тегі толығымен, аты және әкесінің аты бірінші әріптерімен көрсетілуі мүмкін. Қағаз тасымалдауышта жасалған құжаттар үшін сондай-ақ нұсқау жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және мөрінің (егер бар болса) таңбасы;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте ақша жөнелтушінің және бенефициардың атауы, сондай-ақ олардың жеке сәйкестендіру кодтары, бірнеше бенефициар көрсетілуі мүмкін бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем құжатын есептемегенде, төлем құжатында бір рет көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ұйымдастыру-құқықтық нысандарын қоса алғанда, жөнелтушінің, бенефициардың және оларға қызмет көрсететін банктердің атауын банктердің және клиенттердің жұмысына қиындық келтірмейтіндей етіп қысқартуға жол беріледі.»;
      15-тармақ алып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді беру үшін банк санкцияланбаған ақша төлемдерінен және/немесе аударымдарынан қорғау іс-қимылдарының өзі әзірлеген тәртібін, сондай-ақ «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлем туралы заң) және осы Ережеде белгіленген қорғау іс-қимылдарының өзге де элементтерін сақтауға міндетті.»;
      21-тармақ мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Қағаз тасымалдауыштарда орындалған төлем құжаттарында және оларды қайтарып алу туралы немесе олардың орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерде қандай да бір түзетулер жасауға жол берілмейді. Банк түзетулерді, түзеулерді, сондай-ақ санмен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қайтару себебін көрсете отырып, бастамашысына қайтарады.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Алушы-банк немесе бенефициар банкі ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың ережелері мен ерекшеліктерін реттейтін осы Ереженің және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес емес нысанда толтырылған және ұсынылған, сондай-ақ клиенттің деректемелері (жеке сәйкестендірілген коды (бұдан әрі - ЖСК), ЖСН(БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда, ал бюджетке төлемдерді төлеу кезінде сондай-ақ бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған жағдайларда төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Алушы-банк сондай-ақ ақша жөнелтушінің атауы төлем құжатында көрсетілген клиенттің атауына сәйкес келмеген жағдайда төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банктің төлем құжатын акцептеуден бас тартуы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының ЗаңындаТөлем туралы заңда көзделген негіздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банктің клиентіне сәйкес келіп, инкассалық өкімде көрсетілген клиенттің атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 27-1 және 27-2-тармақтармен толықтырылсын;
      «27-1. Қағаз тасымалдауышта орындалған төлем тапсырмасында ақша жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және егер бар болса - қолдар және мөр таңбасының үлгілеріне/қолдардың үлгілеріне сәйкес оның мөрінің таңбасы болуы тиіс. Егер қолдардың үлгілері және мөр таңбасы бар құжатта/қол үлгісі бар құжатта банк шотын пайдалануға уәкілетті адамдар ретінде бірінші және екінші қол қою құқығына ие адамдар көрсетілсе, төлем тапсырмасында бұл адамдардың қолдарының болуы міндетті.
      27-2. Алушы-банк немесе бенефициар банкі осы Ереженің 22-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ төлем тапсырмасында көрсетілген төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмеген жағдайларда төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады. Бенефициардың төлем сомасын төлем жасалған күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып конвертациялауды жүзеге асыру арқылы банк шотының валютасында аудару туралы жазбаша растауы болған жағдайда бенефициар банкінің қалауы бойынша төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмейтін төлем тапсырмасын орындауына жол беріледі. Конвертацияның жүзеге асырылғаны үшін комиссиялардың мөлшері және алу тәртібі клиент пен қызмет көрсететін банк арасында жасалған шартта айқындалады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке төлем тапсырмасын белгіленген нысандағы бланктерде (1-қосымша) ұсынады.
      Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке осы Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады. Ақша жөнелтушінің осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.
      «Төлемнің мақсаты» бағанында ақша жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, нөмірі мен күнін және егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделсе, өзге де деректемелерді, сондай-ақ «төлем мақсатының коды» бағанында төлемнің кодтық белгіленуін көрсетеді.
      Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін бюджетке төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында ең алдымен төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.
      Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодын дұрыс көрсетуді жөнелтуші қамтамасыз етеді.
      Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулыларының талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі - тізім) алушы-банкке ұсынады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын тізім алушы-банкке тізімнің электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесімен бірге ұсынылады. Алушы-банк қажет болғанда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленсе, 50 және одан да аз позициядан (аты-жөннен) тұратын тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;
      35-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Ақша жөнелтушінің банкіне бір мезгілде бенефициар әрі бенефициар банкі болып табылатын тұлға бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған кезде тізілімнің қоса берілуі талап етілмейді.»;
      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақшаны өндіріп алушы ақша жөнелтушінің банкіне осы өндіріп алудың негізділігін растайтын сот шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары және қаулылары бойынша берілетін атқару құжаттарының түпнұсқаларын не жеке сот орындаушысының не атқару құжаттарын орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімінің мөрімен расталған олардың көшірмелерін қоса инкассалық өкімді ұсынады.»;
      42-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық органының міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерінде «бенефициар» және «бенефициардың банкі» бағандарында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы көрсетіледі.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «89. Акцептелген толем тапсырмасына сәйкес бенефициар пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициар банкі төлем күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей оған ақшаның қабылданғаны туралы хабарлайды. Бұл талапты банк орындамағаны үшін жауапкершілік банк пен бенефициар арасындағы шартта белгіленуі мүмкін. Бенефициар банкі бенефициарға банк шотының көшірме-үзінділерін және қағаз тасымалдауышта орындалған не шарт талаптарына сәйкес электрондық түрдегі төлем тапсырмасын ұсыну арқылы бенефициарға хабарлауы мүмкін.»;
      100-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банк шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде төлемдік талап-тапсырмаларды алғаш ұсынған сәттен бастап бір жыл ішінде олардың бірнешеуі ұсынылған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманың әрбір кейінгі ұсынылуына көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынылған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесін қоса бере отырып жол беріледі.»;
      116-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банк шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер Банктер туралы заңда, Төлем туралы заңда, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, алушы-банк алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және ақша жөнелтушінің банк шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақша жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген банк шоты шартында алушы-банктің өзге төлем құжаттарын қабылдау және сақтау міндеттемесі көзделуі мүмкін. Алушы-банк мұндай төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда олардың сақталу мерзімдері, егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндеБанктер туралы заңдаТөлем туралы заңда және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, төлемдік талап-тапсырмалардың сақталу мерзімдеріндей болады.»;
      124-3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакциядағы 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуін қоспағанда, заңды тұлғалардың және олардың бөлімшелерінің жүзеге асыратын ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары олар банк шотын ашқан кезде ғана жүргізіледі.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк шотын ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары түбіртектер, кіріс касса ордерлері, хабарлама-шоттар, бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар, зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл құжаттар төлем құжаттары (бұдан әрі - төлем хабарламалары) болып табылады. Қағаз тасымалдауышта ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Төлем хабарламаларында осы Ереженің 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болуы тиіс. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
      Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекен-жайы және телефоны көрсетіледі.
      Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келуі тиіс. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.
      Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда белгіленген бланктерде ұсынылады.
      Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Ереженің 5-қосымшасының екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесімен бірге ұсынылады. Алушы-банк қажет болғанда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленсе, 50 және одан да аз позициядан (аты-жөннен) тұратын 5-қосымшаның екінші бөлігінің электрондық көшірмесін талап етеді.»;
      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алушы-банк бюджетке төлемдер төлеуге, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуге енгізілген қолма-қол ақшаны алушы-банкке олар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициарға аударуы тиіс.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Егер алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы ақша аудару шартында (бюджетке төлемдер төлеу мақсатындағы ақша аудару шарттарын қоспағанда) өзгеше көзделмесе, төлем хабарламасын орындаған кезде алушы-банктің төлем сомасының есебінен комиссиялық сыйақы алуға құқығы жоқ.»;
      19-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Ереженің 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
      1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
      2) бюджеттік жіктеу кодының сандық мәнін корсете отырып бюджетке төленетін төлемдердің атауы;
      3) салық органының коды (сандық мәні).
      Чекте банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.»;
      5-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырда «Заң газеті» газетінің № 77 (1303) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесінде:
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк электрондық банк қызметін көрсету үшін Интернет желісінде интернет - ресурс ашқан кезде интернет - ресурсты ашқаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) хабарлайды.»;
      екінші бөлікте 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) интернет - ресурстың домендік аты және электрондық мекенжайы;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Интернет - ресурстың домендік аты, электрондық мекенжайы өзгерген кезде банк осындай өзгерістер болғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке хабарлайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банк электрондық банк қызметтерін уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияда көзделген банк операцияларына ғана көрсетеді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Банк шарт жасаған кезде клиентке электрондық банк қызметтері туралы ақпарат ұсынады. Электрондық банк қызметтерін алудың тәртібі және талаптары банктің бірінші басшысы не уәкілетті басқару органы бекіткен банктің ішкі ережесінде айқындалады. Бұл ереже, егер банк электрондық банк қызметтерін Интернет арқылы көрсетсе, банктің интернет - ресурсында орналастырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Банк пен клиент арасында жасалған шартта электрондық банк қызметтерін көрсетудің жекелеген талаптары банктің интернет - ресурсында орналастырылған және осындай шарттың талаптарынан тұратын электрондық құжатқа сілтеме жасау арқылы шартқа енгізілетіні көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайда банк шарттың қолданылу мерзімі ішінде клиенттің осы электрондық құжатқа кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.».

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына   
1-қосымша      

«Қазақстан Республикасының 
аумағында төлем құжаттарын 
пайдалану және ақшаның   
қолма-қол жасалмайтын төлемдері
мен аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне 1-1 қосымша  

Алушы-банкке келіп түскені

Бюджетке төлемдер төлеуге арналған
№ _____________
төлем тапсырмасы
_____________________________ жылғы «____»
(үзінді-көшірме жасалған күн)            

Ақша жөнелтуші
______________________________
          (атауы)

ЖСН (БСН) ____________________
             Алушы-банк

             Сома (барлығы)

ЖСК     КОд




БСК

Бенефициардың ЖСК KZ24070105KSN0000000 ___________________ БеК 11

Бенефициардың банкі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі

БСК KKMFKZ2A

Барлығы (сомасы жазумен):____________________________________________
_____________________________________________________________________

Бенефициардың (салық органының) атауы

Салық органының БСН

Төлемнің мақсаты*

БЖК

ТМК

Сома





































Алушы-банк
_____ жылғы «___» _________ жүргізді

Басшының аты-жөні _____________     _________________________________
МО қолы   _____________________     (жауапты орындаушылардың қолдары)

Бас бухгалтердің аты-жөні _______________________
қолы ____________________________________________

мөртабан орны».


_______________________
*заңды тұлға төлемдерді өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін жүзеге асыратын жағдайда алдымен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН, содан кейін оның атауы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына   
2-қосымша      

«Қазақстан Республикасының 
аумағында төлем құжаттарын  
пайдалану және ақшаның   
қолма-қол жасалмайтын төлемдері
мен аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне 5-қосымша    

Кассир:

ТҮБГРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін)
Резидент  
Резидент емес  
Ақша жөнелтуші  ___________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
Бенефициар «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
РМҚК
БСК ______________

Төлемнің атауы

ТМК

Сома

Әлеуметтік аударымдар

012


Өсімпұл

017








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):
Күні ____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________________
Қолы _____________                       Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Жеке сәйкесте ндіру нөмірі

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру нөмірін алуға арналған тіркеу карточкасындағы (өзгерсе, көрсету қажет)

Туған күні

Кезең (ай, жыл)

Сома

1.







2.







3.





















ЖИЫНТЫҒЫ:





Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________________________
Қолы _____________________

Кассир:

ТҮБГРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін)
Резидент  
Резидент емес  
Ақша жөнелтуші  _____________________
ЖСН/БСН _____________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
Бенефициар «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
РМҚК
БСК ______________

Төлемнің атауы

ТМК

Сома

Әлеуметтік аударымдар

012


Өсімпұл

017








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):
Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________________________
Қолы _____________________

Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Жеке сәйкесте ндіру нөмірі

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру нөмірін алуға арналған тіркеу карточкасындағы (өзгерсе, көрсету қажет)

Туған күні

Кезең (ай, жыл)

Сома

1.







2.







3.





















ЖИЫНТЫҒЫ:





Күні _____________+________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні _______________________________________
Қолы ______________________

Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)