Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 52 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 шілдеде № 7080 тіркелді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе (бұдан әрі - Тізбе) бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы Тізбенің 1-тармағының 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы, жетінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы және қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «ЖСН (БСН)», «БСН» деген аббревиатуралар «СТН» деген аббревиатура болып, «Жеке сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздер «Әлеуметтік жеке код», «әлеуметтік жеке кодты» деген сөздер болып, «клиенттің сәйкестендіру нөмірі», «бизнес - сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып саналсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                 Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі
      Министр ______Г. Әбдіқалықова
      2011 жылғы 23 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министр _______Б. Жәмішев
      2011 жылғы 15 маусым

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы 
№ 52 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір
қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру
мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуін қоспағанда, заңды тұлғалардың және олардың бөлімшелерінің жүзеге асыратын ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары олар банк шотын ашқан кезде ғана жүргізіледі.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк шотын ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары түбіртектер, кіріс касса ордерлері, хабарлама-шоттар, бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар, зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл құжаттар төлем құжаттары (бұдан әрі - төлем хабарламалары) болып табылады. Қағаз тасымалдауышта ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Төлем хабарламаларында осы Ереженің 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болуы тиіс. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
      Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекен-жайы және телефоны көрсетіледі.
      Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келуі тиіс. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.
      Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда белгіленген бланктерде ұсынылады.
      Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Ереженің 5-қосымшасының екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесімен бірге ұсынылады. Алушы-банк қажет болғанда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленсе, 50 және одан да аз позициядан (аты-жөннен) тұратын 5-қосымшаның екінші бөлігінің электрондық көшірмесін талап етеді.»;
      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алушы-банк бюджетке төлемдер төлеуге, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуге енгізілген қолма-қол ақшаны алушы-банкке олар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициарға аударуы тиіс.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Егер алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы ақша аудару шартында (бюджетке төлемдер төлеу мақсатындағы ақша аудару шарттарын қоспағанда) өзгеше көзделмесе, төлем хабарламасын орындаған кезде алушы-банктің төлем сомасының есебінен комиссиялық сыйақы алуға құқығы жоқ.»;
      19-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Ереженің 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
      1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
      2) бюджеттік жіктеу кодының сандық мәнін корсете отырып бюджетке төленетін төлемдердің атауы;
      3) салық органының коды (сандық мәні).
      Чекте банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.»;
      5-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырда «Заң газеті» газетінің № 77 (1303) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесінде:
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк электрондық банк қызметін көрсету үшін Интернет желісінде интернет - ресурс ашқан кезде интернет - ресурсты ашқаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) хабарлайды.»;
      екінші бөлікте 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) интернет - ресурстың домендік аты және электрондық мекенжайы;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Интернет - ресурстың домендік аты, электрондық мекенжайы өзгерген кезде банк осындай өзгерістер болғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке хабарлайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банк электрондық банк қызметтерін уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияда көзделген банк операцияларына ғана көрсетеді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Банк шарт жасаған кезде клиентке электрондық банк қызметтері туралы ақпарат ұсынады. Электрондық банк қызметтерін алудың тәртібі және талаптары банктің бірінші басшысы не уәкілетті басқару органы бекіткен банктің ішкі ережесінде айқындалады. Бұл ереже, егер банк электрондық банк қызметтерін Интернет арқылы көрсетсе, банктің интернет - ресурсында орналастырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Банк пен клиент арасында жасалған шартта электрондық банк қызметтерін көрсетудің жекелеген талаптары банктің интернет - ресурсында орналастырылған және осындай шарттың талаптарынан тұратын электрондық құжатқа сілтеме жасау арқылы шартқа енгізілетіні көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайда банк шарттың қолданылу мерзімі ішінде клиенттің осы электрондық құжатқа кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.».

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына   
1-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына   
2-қосымша      

«Қазақстан Республикасының 
аумағында төлем құжаттарын  
пайдалану және ақшаның   
қолма-қол жасалмайтын төлемдері
мен аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне 5-қосымша    

Кассир:

ТҮБГРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін)
Резидент  
Резидент емес  
Ақша жөнелтуші  ___________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
Бенефициар «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
РМҚК
БСК ______________

Төлемнің атауы

ТМК

Сома

Әлеуметтік аударымдар

012


Өсімпұл

017








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):
Күні ____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________________
Қолы _____________                       Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Жеке сәйкесте ндіру нөмірі

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру нөмірін алуға арналған тіркеу карточкасындағы (өзгерсе, көрсету қажет)

Туған күні

Кезең (ай, жыл)

Сома

1.







2.







3.





















ЖИЫНТЫҒЫ:





Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________________________
Қолы _____________________

Кассир:

ТҮБГРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін)
Резидент  
Резидент емес  
Ақша жөнелтуші  _____________________
ЖСН/БСН _____________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
Бенефициар «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
РМҚК
БСК ______________

Төлемнің атауы

ТМК

Сома

Әлеуметтік аударымдар

012


Өсімпұл

017








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):
Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________________________
Қолы _____________________

Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Жеке сәйкесте ндіру нөмірі

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру нөмірін алуға арналған тіркеу карточкасындағы (өзгерсе, көрсету қажет)

Туған күні

Кезең (ай, жыл)

Сома

1.







2.







3.





















ЖИЫНТЫҒЫ:





Күні _____________+________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні _______________________________________
Қолы ______________________

Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)