Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 маусымда № 7020 тіркелді.

Жаңартылған

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдарды пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. "Жалпы пайдаланымдағы кiрме жолдарға қойылатын талаптарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 6 тамыздағы № 306-I (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3006 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2004 ж., № 37-40, 1001-бабы) және "Кірме жолдардағы жұмыс ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 367-I (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3179 болып тіркелген, 2005 ж., 24 тамызда № 91 (715) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н И. Қилыбай) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы А. Бектұров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Табиғи

      монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

      ________________ Н. Алдабергенов

      2011 жылғы 12 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
Министрінің м.а.
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 275 бұйрығымен
бекітілген

Кірме жолдарды пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кірме жолдарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және кірме жолдарды пайдалану тәртібін, кірме жолдарға қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ кірме жолдарды пайдалану кезінде тармақ иеленуші, контрагент, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы және тасымалдау процесіне өзге де қатысушылардың қарым-қатынасын реттейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Осы Қағидада пайдаланатын ұғымдар темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мағыналарда қолданылады.

2. Кірме жолдарды пайдалану тәртібі

      3. Кірме жол тікелей немесе басқа кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдармен жанасады. Кірме жол шекарасы "Кірме жол шекарасы" белгісімен белгіленеді."

      Мұндай белгі қою орнын Ұлттық инфрақұрылым операторы жер учаскесіне (кірме жолдарға) жеке меншік құқығына арналған акті негізінде айқындайды.

      Кірме жолдын басқа кірме жолға жалғасқан жағдайда "Кірме жол шекарасы" белгісі тармақ иеленушінің келісімімен белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Тармақ иеленуші (контрагент) шартты негізінде тасымалдау процесінің қатысушыларына кірме жолдар қызметтерін көрсетеді.

      Тармақ иеленуші (контрагент) табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге шарт жасасады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.10.2017 № 745 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тармақ иеленуші кірме жолдарды техникалық күтіп ұстауды қамтамасыз етеді және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады.

      6. Тармақ иеленуші әрбір кірме жолға мыналардан тұратын құжаттамалар пакетінің екі данасын ресімдейді:

      жолдың бойлық пішіні бар техникалық паспорт;

      жасанды құрылыстар сызбасы;

      мамандандырылған жолдар мен қойма алаңдарын көрсете отырып, тиеу-түсіру (босату) орындары көрсетілген масштабты схема-жоспары.

      Құжаттаманың бірінші данасы тармақ иеленушіде қалады, екінші данасын тармақ иеленуші кірме жолдың қызметтеріне шарт жасасқан кезде Ұлттық инфрақұрылым операторына береді.

      Жаңа объектілерді пайдалануға енгізгеннен немесе олардың жабылуынан кейін тармақ иеленуші техникалық паспортқа тиісті өзгерістер енгізеді және паспортқа енгізілген барлық өзгерістері туралы хабарлай отырып, техникалық паспорттың бір данасын Ұлттық инфрақұрылым операторына береді. Ұлттық инфрақұрылым операторы жанасу станциясының техникалық-басқару актісіне өзгерістер енгізеді және оған қосымша кірме жолдар ведомосін жасайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Кірме жолдар уақытша және тұрақты пайдалану үшін ашылады. Салынған кірме жолды тұрақты пайдалануға ашу және мұндай жолға жылжымалы құрамды беру құрамына Ұлттық инфрақұрылым операторының өкілі кіретін комиссия жол пайдалануға қабылдағаннан кейін рұқсат етіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      8. Кірме жолды пайдалану тармақ иеленуші әзірлеген және тасымалдау ережесіне сәйкес Ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен кірме жолда қызметтер көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Кірме жолдарды пайдалану жоспарланған және жоспардан тыс жұмыстарды орындаған жағдайларда, қозғалыс қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның, контейнерлердің, жүктердің сақталуына қауіп төндіретін ақаулар анықталған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көліктік бақылау органының актісі негізінде тармақ иеленушімен тоқтатылады.

      Жоспарланған жұмысты тармақ иеленушілер жұмыстың басталуы мен аяқталуы көрсетілген, кірме жолдардың жөндеу жұмыстарының графигі негізінде орындайды. Кірме жолдардың жөндеу жұмыстары жоспарланған жоспарлы жұмысты өткізу кестесін тармақ иеленуші күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей бекітеді.

      Жоспардан тыс жұмыс "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес мемлекеттік көліктік бақылау органының анықталған бұзушылықтар туралы акті негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.10.2017 № 745 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тармақ иеленушілер өздерінің орналасқан аумағы шегінде кірме жолдарды жарықпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ кірме жолдарында қоқыстар мен қардан, арам шөптен және қалдық жүктерден тазарту жұмыстарын жүргізеді, жолдың жоғарғы құрылымының және оның элементтерінің сел және жаңбыр суынан тазарту жұмыстарын жүргізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.10.2017 № 745 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Бір тармақ иесінде станцияға (бірнеше станцияларға) жеке жанасатын бірнеше кірме жолдары болған кезде, вагондарды беру-әкету шарты әрбір жанасатын жеке кірме жолына жасалады.

3. Кірме жолдарға қойылатын талаптар

      12. Жолдың жоспары мен бойлық бейіні көрсетілген жұмыстарды орындауға лицензиясы бар ұйым жүргізген аспаптық суретке түсіру негізінде жасалады.

      13. Кірме жолдардың жоспары мен бейінін мерзімді аспаптық тексеру кірме жолдардың бейінін өзгертетін жөндеу-жол жұмыстарын жүргізгеннен кейін жүргізіледі. Егер кірме жолдарды пайдалану кезінде кірме жолдардың бейінін өзгертетін жұмыстар жүргізілмесе, кірме жолдардың жоспары мен бейінін аспаптық тексеру он жылда бір рет жүргізіледі.

      14. Кірме жолдарды осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестендіру тармақ иесінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

4. Кірме жолдарды пайдалану кезіндегі тасымалдау процесіне
қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынас

      15. Тармақ иесі Ұлттық инфрақұрылым операторымен, тасымалдаушымен шарты бойынша маневрлік жұмыстарды және вагондарды уақытша орналастыру қызметтерін көрсетеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Тармақ иесінің локомотивпен кірме жолына қызмет көрсету кезінде вагондар тасымалдаушының локомотивімен Ұлттық инфрақұрылым операторының белгіленген шартымен қабылдау-тапсыру (шығарып тоқтату) жолында береді. Вагондардың одан әрі жүруі, олардың тиеу орындарында орналастыру, түсіру (жүк түсіру) және қабылдау-тапсыру (көрмелі) жолға қайтару тармақ иесінің локомотиві қамтамасыз етеді.

      Ұлттық инфрақұрылым операторының, тасымалдаушының локомотивімен кірме жолға қызмет көрсету кезінде вагондар кірме жолға беріледі және кірме жолдан оларға жүк тиеу, түсіру (босату) орындарына осы локомотив әкетеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      17. Тиеу, түсіру (босату) жолы болып жабық және ашық қоймаларға және жүктерді тиеуге, түсіру (босату) үшін тағайындалған жерлерге жанасатын кірме жолдардың бір бөлігі табылады.

      Тиеу, түсіру (босату) орындарына берілетін вагондардың максималды саны кірме жолдың қоймалық, тиеу-түсіру құрылғыларының пайдалы ұзындығы бойынша анықталады.

      Вагондарды шығарып тұрақтату темір жолдарына тапсыру кезінде берілетін вагондардың максималды саны оларда қабылданатын – түсірілетін пайдалы ұзындығы бойынша анықталады.

      18. Вагондарды кірме жолға беру-алып кету және кірме жолдан қайтару хабарлама, кесте немесе шарттарда белгіленген уақыт интервалы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.07.2017 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      19. Ол арқылы вагондарды беру-алып кету жүзеге асырылатын уақыт интервалын есептеу негізгі өндірістің технологиясына, кірме жолдың және жанасу станциясының техникалық жарақтандырылуы мен жұмыс технологиясына байланысты болады.

      Уақыт интервалының шамасын анықтайтын негізгі элементтер қабылдау-тапсыру операцияларын орындау, вагондарды кірме жолға беру/кірме жолдан әкету, тиеу, түсіру (босату) жөніндегі операциялар мен вагондардың орнын ауыстыру (кіргізу-шығару) үшін қажет уақыт болып табылады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.07.2017 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20. Вагондарды беру уақыты туралы тасымалдаушы тармақ иеленушіні вагондарды бергенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей хабардар етеді. Вагондарды беру уақыты туралы хабарламаларды тапсыру тәулік бойы телефон арқылы немесе хабарламалар кітабындағы жазбалармен электронды алмасу желісін қоса алғанда қолда бар байланыс құралдарымен жүргізіледі.

      Тармақ иеленуші хабарламаларды қабылдау үшін өзінің жауапты өкілдерін тағайындайды және тасымалдаушының өкіліне олардың тектері мен телефондарының нөмірлерін жазбаша хабарлайды.

      Шартта вагондарды кесте немесе белгіленген интервалдар бойынша беру көзделген жағдайда вагондарды беру уақыты туралы хабарлама талап етілмейді.

      Егер тиеу осы кірме жолда түсіруден (босатудан) босаған вагондарға жүргізілетін болса (қосарланған операциялар) бос вагондарды тиеуге беру уақыты туралы хабарлама талап етілмейді.

      Вагондарды беру уақыты туралы хабарламаларды беру тәртібі мен мерзімдерін тасымалдаушының өкілі бекітеді.

      21. Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе тасымалдаушының кінәсі бойынша вагондарды тиеу, түсіру (босату) орындарына, қабылдау-тапсыру (шығарып қою) жолдарына беру уақытының кешіктірілуі вагондарды беру туралы хабарламада көрсетілген уақыттан бастап есептеледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      22. Вагондарды тиеу, түсіру және қабылдау – тапсыру орнынан беру-алып кету уақыты қабысу станциясының технологиялық жұмыстары негізінде орнатылады және тасымалдаушы тармақ иеленушіге оның талабы бойынша көрсететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бекітілген Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру-алып кету ведомствосына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.10.2017 № 745 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Вагондарды хабарлама бойынша әкеткен жағдайда, сондай-ақ вагондардың кесте бойынша немесе белгіленген интервалдар арқылы әкетуге дайын болмағаны жағдайында жүк жөнелтуші (жүк алушы), тармақ иеленуші алдын ала (вагондарды беруге-әкетуге арналған шартпен белгіленген мерзімдерде) Ұлттық инфрақұрылым операторына, тасымалдаушыға вагондардың әкетуге дайындығының уақыты туралы хабарлайды. Вагондарды хабарлама бойынша әкеткен кезде әкету мерзімі хабарлама тапсырылған кезден бастап есептеледі. Вагондарды кесте бойынша немесе белгіленген интервалдар арқылы әкеткен кезде әкету мерзімі, егер өзге шартта көзделмесе, кестеде немесе интервалда көзделген уақыттан бастап есептеледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      24. Тармақ иеленуші кірме жолдарға қызмет көрсету туралы шарт жасасқан кезде немесе шарттың қолдану мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасасқан кезде шартқа жоспарлы жұмыстарды жүргізу кестесінің көшірмесін қоса ұсынады, сондай-ақ оны өзінің интернет ресурсында (бар болған кезде) орналастырады.

      Жоспарланған жұмыстардың кестесі өзгерген жағдайда тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметті пайдаланушыға және контрагентке жұмыстың басталуына дейін кемінде 15 жұмыс күні ішінде жоспарлы жұмыстар кестесінің өзгеруі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Ескерту. 4-тарау 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.10.2017 № 745 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.