Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 сәуірде № 6881 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және жол қатынасы комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Құсайын


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 130 бұйрығымен бекітілген

Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы

      1. Осы Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды тіркеу және оның жолаушылар поезының құрамында жүру тәртібін және шарттарын анықтайды.

      2. Халықаралық және республикаішілік қатынастарда жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық бағыттағы тұтас металды емес вагондарды тіркеуге рұқсат етіледі.

      Жалға алынған вагон-мейрамханалар және қызметтік-техникалық вагондарды тіркеуі және бағытпен жүруі келісім негізінде іске асырылады.

      3. Тасымалдаушы өз поезының құрамындағы қызметтік-техникалық және вагон-мейрамханалар вагондарының бағытпен жүруін қамтамасыз етеді.

      4. Вагон-мейрамханалар вагондарын тіркеу үшін жолаушы поездары келесі шарттарға сәйкес болуы қажет:

      "фирмалық" санатының болуы;

      облысаралық немесе халықаралық қатынастар кезінде бір бағытта жиырма және одан көп сағат жолда және олардың схемасында төрттен кем емес купелі вагондар жүретін болғанда;

      астананы республикалық маңызды қаламен қосқанда.

      Жолаушылар поездарының құрамына қызметтік-техникалық вагондарды тіркеу шартын тасымалдаушы немесе Ұлттық инфрақұрылым операторы анықтайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жолаушы вагондарын тіркеу тасымалдаушыға вагондардың жүрісіне төлем туралы құжаттардың болуы және вагонның тіркелуін және оған тиісті номердің тағайындалуын растайтын құжатты көрсету кезінде, және осы қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЛУ-46 нысандағы жеке вагондарды пайдалану құқығына куәлігінің болуы кезінде іске асырылады.

      6. Жолаушылар поездарына тіркеуге тыйым салынады:

      1) қауіпті жүктері бар вагондарды;

      2) кезеңдік жөндеу мерзімі өткен немесе бірыңғай техникалық тексеру мерзімі өткен вагондарды;

      3) ЛУ-46 нысандағы жекелеген вагондарды пайдалану құқығына рұқсаты бар куәлігі жоқ қызметтік және қызметтік-техникалық вагондар.

      7. Жолаушы поездарына (жедел және жүрдек поездардан басқа) Ұлттық темір жол компаниясының рұқсатымен мынадай жүк вагондары тіркеледі:

      1) төрт білікті жабық;

      2) сүт тасуға арналған цистерналар;

      3) автономды рефрижераторлы;

      4) тірі балықты тасымалдауға арналған.

      Бұл ретте халықаралық қатынастағы жолаушы поездарына біреуден кем емес жүк вагонын немесе тірі балықты тасымалдауға арналған екі вагонды секцияны, облысаралық және қала маңы қатынасындағы поезға үшеуден кем емес вагондарды тіркеуге жол беріледі.

      8. Басқа құрылымдағы және түрдегі жылжымалы құрам енгізілген жолаушылар поездарының қозғалыс жылдамдығы сол жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтан аспауы тиіс.

  Жолаушы поездарының құрамындағы
жылжымалы құрамды тіркеу және
оның бағытпен жүру қағидасына
қосымша

ЛУ-46 нысаны

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ


жеке вагондарды пайдалану құқығына

№_______КУӘЛІК

Вагонның № ______________________________ остьері

а) кімге ұсынылды: _________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________


б) қандай мерзімге _________________________ бастап

____________________дейін______________ қоса алғанда


в) қатынау ауданы немесе бағыты:

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________


г) ұсыну шарттары: _________________________________

____________________________________________________


д) вагонның тіркеу станциясы:

____________________________________________________

____________________________________________________


Вице-президенті

_________________ ____________ _____________________

Т.А.Ә.