Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6795 тіркелді

Қолданыстағы

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      4. Екінші деңгейдегі банктерге 2011 жылғы 1 шілдеге дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының қосымшасының 2-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовқа жүктелсін.

      Төрайым                                   Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және  
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының    
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 8 қаулысының   
1-қосымшасы     

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін екінші деңгейдегі
банктердің қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

      Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3924 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      44-тармақта «және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы» деген сөздер алып тасталсын.
      2. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3925 тіркелген):
      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
      7-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «операциялық тәуекелдеріне, алаяқтыққа әкеп соғатын банк басшылығының және қызметкерлерінің дұрыс емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер;»;
      1-қосымшасында:
      «Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар» деген кестеде:
      «Талап критерийлері» деген бағанада:
      төртінші жолдың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кредит комитеті банктің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген ішкі кредиттік саясатын іске асырады, кредиттік портфелінің сапасын бақылауды жүзеге асырады және банктің меншікті капиталының бес процентінен асатын заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді;»;
      бесінші жолда:
      бірінші бөлігіндегі үшінші, төртінші абзацтар алып тасталсын;
      екінші бөлігінде:
      бесінші абзацта «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      «қаржы құралдарын түрлеріне қарай топтастыра отырып және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;
      оларға қарсы қалыптасқан провизиялардың көлеміне жіктелген кредиттердің динамикасы туралы есептер.»;
      сегізінші жолдың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «банктің әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері, оның ішінде басшы қызметкерлеріне және білімі мен жұмыс стажының болу талабын қоса отырып, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бар;»;
      «Талаптардың атауы» деген бағанадағы жиырма төртінші жолда «ай сайын» деген сөздер «тоқсан сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-қосымшасында:
      «Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар» деген кестенің «Талап критерийлері» деген бағанасында:
      он екінші жолдың екінші абзацында «басқармаға» деген сөзден кейін «тоқсан сайын және» деген сөздермен толықтырылсын;
      он бесінші жолдың бесінші абзацында:
      «апта сайын» деген сөздер «ай сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ай сайын» деген сөздер «тоқсан сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-қосымшасының «Банктің операциялық қызметінің, ақпарат жүйесiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» деген кестесі:
      мынадай мазмұндағы екінші жолмен толықтырылсын:

«

Директорлар кеңесі банкте операциялық тәуекелді басқару саясатын регламенттейтін және мыналар:
банкке тән операциялық тәуекелді анықтау;
операциялық тәуекелді анықтауға, бағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға (төмендетуге) банктің тәсілі;
банктің бизнес стратегиясына сәйкес келетін операциялық тәуекелдің рұқсат етілген деңгейі болатын ішкі құжатты бекітеді және мерзімді түрде қайта қарайды.

Банк Басқармасы:
әлуетті операциялық тәуекелдерді сәйкестендіруге және бағалауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға;
операциялық тәуекелдерді басқару бойынша саясатты, ішкі ережелерді және барлық маңызды өнімдер, операциялар және процесстер бойынша операциялық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге және жетілдіруге;
банк бөлімшелерінің банктің директорлар кеңесі бекіткен операциялық тәуекелдерді басқару саясатын сақтауын қамтамасыз етуге жауапты.
Басқарма:
мүдделер тартысын болдырмау үшін операциялық тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшелердің, бизнес бөлімшелерінің және өзге мүдделі бөлімшелердің арасында міндеттемелер мен есептілік жүйесін бөлуді;
операциялық тәуекелді басқаруға жауап беретін қызметкерлердің кредиттік, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқаруға жауапты қызметкерлермен, сондай-ақ сыртқы қызметтерді (сақтандыру шарты, аутсорсинг (жұмыстарды орындауға үшінші тұлғаларды тартуға)) сатып алуға жауап беретін ұйымның қызметкерлерімен өзара іс-әрекет жасауды қолдауын;
банктің операциялық тәуекелді басқару саясатын маңызды операциялық тәуекелдерге ұшыраған банктің мүдделі бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етеді.
Басқарма операциялық тәуекел деңгейі туралы есепті қарайды, өз құзыреті шеңберінде түзету шараларын қабылдайды және Директорлар кеңесіне банктегі операциялық деңгейі туралы есепті ұсынады.

»;

      мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші жолдармен толықтырылсын:

«

Банк Басқармасы:
барлық маңызды банк өнімдеріне, операцияларға, процесстерге және жүйелерге тән операциялық тәуекелді сәйкестендіру және бағалау рәсімін;
жаңа өнімдерді, операцияларды, процесстерді және жүйелерді енгізген кезде оларға тән операциялық тәуекелдерді бағалаудың тиісті рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді

Банктің операциялық тәуекелдерді анықтау бойынша ішкі рәсімдері банк мақсатына жетуінде жағымсыз әсер етуі мүмкін ішкі факторларды (қызметтің құрылымы, көлемі, ресурстардың сапасы, ұйымдастырушылық өзгерістер, кадрлардың тұрақтамауы) сондай-ақ сыртқы факторларды (банк секторындағы өзгерістер, технологиялар) ескереді және операциялық тәуекелді анықтау және бағалау үшін мынадай құралдарды пайдалануды көздейді, бірақ олармен шектелмейді:
өзін-өзі бағалау немесе тәуекелді бағалау. Банк өзінің операциялық және өзге қызметін, әлуетті операциялық тәуекелге ұшырағыштық тізбесіне салыстыра отырып бағалайды. Банк бақылау мәселелерінің тізбесін және (немесе) операциялық тәуекелдерді басқарудағы күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін жұмыс кездесулер өткізуді пайдаланады;
Түрлі бизнес және ұйымдық бөлімшелері немесе бизнес процесстер тәуекелдің түрлері бойынша көрсетілген графикалық немесе мәтіндік сипаттама ретіндегі тәуекел картасы. Тәуекел картасы банкке проблемалық салаларды және тәуекелдерді басқару бойынша одан кейінгі қадамының басымдылығын анықтауға мүмкіндік береді;
тәуекел индикаторы – банктің тәуекелдерге ұшырау дәрежесі туралы көрсетілетін, көбінесе қаржылық болатын сандық көрсеткіштер. Тәуекел индикаторы тұрақты түрде қайта қаралады және операциялық тәуекелді басқарудағы кемшіліктерін көрсете алатын өзгерістері туралы ескертеді. Банк осындай индикаторларға жүргізілмеген немесе аяқталмаған операциялардың немесе мәмілелердің санын, олардың жиілігі және (немесе) көлемінің өсуі үнемі кадрлардың алмастыруы (тұрақтамауы), қателер мен жаңсақтықтың жиілігі және (немесе) маңыздылығы, ақпараттық-технологиялық жүйесінің тұру уақытын (ұзақтығын) жатқызады. Банкте әр индикатор үшін маңызды операциялық тәуекелдерді анықтауды қамтамасыз ету үшін лимиттер белгіленді;
өлшем.
Банкте банктің операциялық тәуекелге ұшырағыштығын тиісінше бағалауға, сондай-ақ операциялық тәуекелді бақылау (төмендету) үшін тиісті шаралар әзірлеуге мүмкіндік беретін, шығындар бойынша деректер базасын құруды қамтамасыз ететін рәсімдері бар ішкі құжат болады.
Операциялық тәуекелді өлшеу бойынша банктің рәсімдерінде жүйелі мониторингі және жиілігін, маңыздылығын және шығындардың нақты оқиғалары туралы өзге жеткілікті ақпаратын тіркеу көзделеді.

Басқарма шығындар бойынша тиісті деректер базасындағы зияндар туралы ақпаратты жинау рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжатты бекітті.

Банктің шығындар бойынша тиісті деректер базасында зияндар туралы ақпаратты жинау рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжаты:
қызметтің бағыты бөлігінде шығындардың түрлері мен мөлшері туралы мәліметтері көрсетілетін операциялық шығындары, банктік операцияларын және олардың пайда болу мен анықтаудың өзге оқиғалары туралы деректер базасын жүргізу тәртібін;
операциялық шығындар туралы ақпаратты ұсыну нысаны және енгізілетін ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
операциялық шығындар бойынша сыртқы деректер базасын пайдалануды көздейді. Операциялық шығындардың оқиғалары туралы сыртқы деректер шығындар сомасы туралы ақпаратты, шығындар пайда болған бизнес-процессі, шығындарға ұшыраған себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты және банкте операциялық тәуекелді бағалау үшін қажетті өзге ақпаратты қамтиды.

Басқарма операциялық тәуекел профиліне және банктің операциялық тәуекелді алдын ала басқару үшін ірі шығындарға (залалдарға) ұшырауына жиі мониторингті жүзеге асырады.

Операциялық тәуекелді басқару бойынша есеп:
ішкі қаржы және операциялық деректерді;
операциялық тәуекелдер бойынша белгіленген талаптарды (лимиттерді) сақтау бойынша деректерді;
банктен тыс жерлерінде болатын және ашық қол жеткізуде (есептер, баспасөз-релиздер және өзгелері) болатын операциялық тәуекелдердің оқиғалары туралы деректерді;
тәуекел индикаторлардың мониторингі нәтижелерін;
оларды жою бойынша уақытылы түзету шараларды қабылдау үшін анықталған проблемаларды қамтиды.
Банк Басқармасы:
жиі, бірақ тоқсанына кемінде бір рет банктің тиісті бөлімшелерінен есептер алады (операциялық тәуекелді басқару бойынша бөлімшесі не ішкі аудит қызметі);
ішкі есептер жүйесінің тиімділігін бағалау үшін ішкі дерек көздері (аудиторлар, қадағалау органдар) дайындаған есептерді пайдаланады.
Директорлар кеңесі мерзімді бірақ жарты жылда кемінде бір рет банктің операциялық тәуекелге ұшырағыштық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті ақпарат алады.

Банк Басқармасы операциялық тәуекелді бағалауды мынадай:
жаңа өнімді енгізу (бизнес-процесті);
бар өнімдерге маңызды өзгерістер енгізу (бизнес-процестер);
маңызды ұйымдастыру өзгерістер енгізу кезеңдерде қарайды.

Банктің уәкілетті органы өнімді (бизнес-процессті), бар өнімдерге (бизнес-процесстерге) маңызды өзгерістерді бекіту туралы және операциялық тәуекел туралы ұсынылған бағалауды назарға ала отырып, маңызды ұйымдастыру өзгерістерді бекіту туралы шешім қабылдайды.

Банктің директорлар кеңесі жарты жылда кемінде бір рет операциялық тәуекелдің банкке әсер ету дәрежесін талдауға мүмкіндік беретін басқарушылық есептілікті алады.

Директорлар кеңесі мынадай басқарушылық есептілікті талдайды:
өткен жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда тәуекел объектілері (қызмет бағыттары) бойынша бөлгенде зияны туралы;
өткен жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда операциялық тәуекелдің себептерін, оқиғалар түрлерін, салдарын бөлгенде зияны туралы.

Банк аутсорсинг - бөгде ұйымдарды және тұлғаларды банкке қажетті жұмысты орындауға тартуымен байланысты тәуекелдерді басқаруын көрсететін ішкі ережелерін әзірледі.

Аутсорсингке байланысты тәуекелдерді басқаруын көрсететін ішкі ережелерге мыналар:
аутсорсинг шартына (келісіміне) қойылатын талаптар, оның ішінде меншік құқығы, деректердің құпиялылығы, құқықтарды тоқтату мәселелері, даулы мәселелерді шешу бойынша талаптар;
аутсорсингке байланысты тәуекелдерді басқару және мониторинг жүргізу, оның ішінде қызмет көрсетуді жеткізушінің қаржылық жай-күйінің рәсімдері;
банк пен қызмет көрсетудің сыртқы жеткізушілер арасындағы құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті бөлу жатады

Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің операциялық тәуекелді басқару саясатын тиімді және жан-жақты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет банк бөлімшелерімен операциялық тәуекелді басқарудың келісілген құрылымның іске асырылуын және тиімділігін қарайды.

»;

      9-қосымшасының «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына Нұсқаулықтың Талаптардың критерийлерін орындау бойынша есепте» деген екінші кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«

Нұсқаулықтың тиісті жолдың атауы

2

Талаптар

Талаптардың критерийлері





»;

      10 және 11-қосымшалары «Жинақталған қорытындылар» деген кестеден кейін мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бірінші басшы (не оның орнындағы тұлға) ______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты)   (қолы)    (күні)
      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
_____________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты)  (қолы)    (күні)
Орындаушы:_________________________ _________
          (лауазымы, тегі және аты)  (қолы).».

      3. Агенттік Басқармасының «Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының – жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 4041 тіркелген, 2006 жылғы 24 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 33-34 санында жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының – жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулықта:
      3-тармақтың 2) тармақшасында «және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы» деген сөздер алып тасталсын.
      4. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 4158 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
      12-тармақтың үшінші абзацында «және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы» деген сөздер алып тасталсын.
      5. Агенттік Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына(Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 4580 тіркелген):
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы»;
      3-тармақ алып тасталсын.
      6. Агенттік Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 5670 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      42-тармақта «және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы» деген сөздер алып тасталсын.
      7. Агенттік Басқармасының «Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 183 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 5784 тіркелген, 2009 жылғы 9 қазанда «Заң газеті» газетінде № 154 (1751) санында жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесінде:
      6-тармақтың 2) тармақшасындағы «және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы» деген сөздер алып тасталсын.
      8. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 196 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 5805 тіркелген):
      1-тармақтың төртінші бөлігіндегі «және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы» деген сөздер алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және 
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының    
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 8 қаулысының   
2-қосымшасы     

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Агенттік Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3571 тіркелген).
      2. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 318 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3861 тіркелген).
      3. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 323 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3846 тіркелген).
      4. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3925 тіркелген).