Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «ережесін», «ережесі», «ережеде» деген сөздер тиісінше «қағидасын», «қағидасы», «қағидада» деген сөздермен ауыстырылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Геберт |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–ІV шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді.2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй–жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай–ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха ауданы мәслихатының 09.04.2012 № 3/6-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзац 01.01.2014 дейін қолданыста болады (21.12.2012 N 8/6-V шешімінің 2-т. қараңыз).
жекешелендірілген үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха ауданы мәслихатының 21.12.2012 № 8/6-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерін тұтыну төлемдеріне арналған ұйғарынды шығындардың шекті үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.
6. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органымен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерін, олардың өзгерістерін уәкілетті органына ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеген жағдайда тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалардың шегінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған жылудың азаюы есепке алынады.
2. Тұрғын үй көмегін беру
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;
отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзац 01.01.2014 дейін қолданыста болады (21.12.2012 N 8/6-V шешімінің 2-т. қараңыз).
жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек–шот.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 09.04.2012 № 3/6-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 12.07.2012 № 4/8-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2012 № 8/6-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқығы жоқ:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй – жайын жалға (жалдауға) берген;
жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелмеген тұлғалары бар, соның ішінде мыналардан басқа:
І, ІІ топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, 80 жастан асқандарды күтетін тұлғалар;
3 жасқа дейінгі баланы күтетін, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелейтін аналар;
мүгедектік топтары жоқ туберкулез, онкологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған тұлғалар;
өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмеген (көрсетпеген) және аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген жағдайда;
егер ата-аналары ажырасқан болса, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы өтініш бермеген жағдайда.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.12.2010 № 34/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
9. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
10. Тұрғын үй көмегін алуға бірінші рет өтініш берген және өтініш берген уақытта коммуналдық қызмет көрсетуге төлем бойынша қарыздары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша қарыздарына қарамастан тағайындалады.
11. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстарды ескерумен тұрғын үй көмегін алу құқығы орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылғаннан кейін алты ай ішінде сақталады.
12. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек – балалар, тұл жетімдер, қамқорлықтағылар, 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептеу кезінде олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
13. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту маусымында жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылыйтын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасы мен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес, төлеміне баламды есептеледі.
14. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде мынадай шектеулер есепке алынады:
өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген жағдайда, ерлі-зайыптылардың екеулерінің де табыстары есепке алынады және тұрғын үй көмегі туралы өтініш беруші зайыбының мекен - жайы бойынша тағайындалады;
өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, оның ата-анасы басқа мекен-жайда тіркелсе, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы ұсынады;
өтініш беруші оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын және жалғыз тұратын болса, өтініш беруші ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй көмегін алғаны туралы анықтаманы ұсынады.
15. Тапсырылған құжаттар қаралғаннан кейін отбасының мәліметтері мен коммуналдық төлемдері көрсетілетін шарт-өтініш жасалады. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлғаның және уәкілетті органы өкілінің қолдары қойылады.
16. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін ұсынудың негізі болып табылады.
17. Электрмен, газбен, жылумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, сумен жабдықтау, тұрғын үйді ұстау және байланыс қызметін пайдаланғаны үшін шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның түбіртектері, газға берген анықтамалары бойынша тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі.
Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде анықталады.
18. Тұрғын үй көмегі өтінішпен бірге барлық қажетті құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы тіркеуді белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтініш берушінің науқастануына, басқа жаққа емделуге курортқа, шипажайға кетуіне, туыстарының қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса құжаттарды ұсынған жағдайда).
19. Қайталанған өтініш берген кезде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзіміне қарамастан тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі өтініш берген айынан бастап есептеледі.
20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметін өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, сондай-ақ мәртебесінің өзгеруі туралы ақпараттандыруы қажет.
21. Алынып тасталды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.12.2010 № 34/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
22. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П = ТҮТЕЖӘТ – (t x д),
П – тұрғын үй көмегінің мөлшері,
ТҮТЕЖӘТ – тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем,
t – тұрғын үй төлемінің нормативтік шығыны (=10 %),
д – отбасының жиынтық табысы.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 09.04.2012 № 3/6-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2012 № 8/6-V (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 дейін қолданыста болады); 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері
23. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:1) аудандар:
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
екі адамнан тұратын отбасылар үшін - 30 шаршы метр;
үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 45 шаршы метр;
төрт адамнан тұратын отбасылар үшін – 60 шаршы метр;
бес немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін – 75 шаршы метр;
2) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге шығындар - 1 шаршы метрге 19,9 теңге;
3) Бір адамға айына газ нормасының шығыны – 5,5 кг;
4) Электр қуатын пайдалану нормасы:
бір адам тұрса – 72 кВт;
екі адам тұрса (әр біреуіне) – 57 кВт;
үш және одан да көп адам тұрса (әр біреуіне) – 50 кВт.
Тұрғын үйді қамтамасыз етуге су, жылу, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
Ескерту. 5-бөлімі алынып тасталды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 12.07.2012 № 4/8-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй–жайларда тұратындарға тұрғын үй көмегін ұсыну
33. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй–жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.34. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 500 кг мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
35. Көмір құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
36. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі. Отынды сатып алу туралы түбіртек болмаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі мамандармен өтініш және акт жасалады.
37. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы (көмірдің бағасы) өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
38. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.
39. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасы алынған көмірдің салмағын және ағымдағы жылдың қай уақытында алынса да бағасы көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынуы тиіс.
7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
40. Тұрғын үй көмегі ауданның бюджет қаражаттары есебінен беріледі.41. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші дәрежелі банктер арқылы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5-ІV шешіміне қосымша |
Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы "Уба-Информ" газетінің № 10 санында жарияланған).2. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы "Уба-Информ" газетінің № 21 санында жарияланған).
3. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-77, 2008 жылғы 10 шілдедегі "Уба-Информ" газетінің № 28 санында жарияланған).
4. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 11 шілдедегі № 10/3–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-79 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2008 жылғы 1 тамыздағы № 31 санында жарияланған).
5. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 20/6–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-102 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған).
6. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/7-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-105 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 46 санында жарияланған).
7. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/3–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-113 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 8 санында жарияланған).