«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Геберт
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 28/5–ІV шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алдық кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын атқарушы орган.
3. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй – жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатындарға коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
4. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерін тұтыну төлемдеріне арналған ұйғарынды шығындардың шекті үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.
6. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органымен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерін, олардың өзгерістерін уәкілетті органына ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеген жағдайда тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалардың шегінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған жылудың азайуы есепке алынады.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
8. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқығы жоқ:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй – жайын жалға (жалдауға) берген;
жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелмеген тұлғалары бар, соның ішінде мыналардан басқа:
І, ІІ топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды (медициналық -әлеуметтік сараптама анықтамасын ұсынған жағдайда), 80 жастан асқандарды (медицина мекемесінің дәрігерлік – кеңес комиссиясының қорытындысын ұсынған жағдайда) күтетін тұлғалар;
3 жасқа дейінгі баланы күтетін, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелейтін аналар;
мүгедектік топтары жоқ (емдеу мекемелерінен анықтама ұсынған жағдайда) туберкулез, онкологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған тұлғалар;
өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмеген (көрсетпеген) және аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген жағдайда;
егер ата-аналары ажырасқан болса, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы өтініш бермеген жағдайда.
9. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
10. Тұрғын үй көмегін алуға бірінші рет өтініш берген және өтініш берген уақытта коммуналдық қызмет көрсетуге төлем бойынша қарыздары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша қарыздарына қарамастан тағайындалады.
11. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстарды ескерумен тұрғын үй көмегін алу құқығы орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылғаннан кейін алты ай ішінде сақталады.
12. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек – балалар, тұл жетімдер, қамқорлықтағылар, 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептеу кезінде олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі);
13. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту маусымында жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылыйтын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасы мен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес, төлеміне баламды есептеледі.
14. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде мынадай шектеулер есепке алынады:
өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген жағдайда, ерлі-зайыптылардың екеулерінің де табыстары есепке алынады және тұрғын үй көмегі туралы өтініш беруші зайыбының мекен - жайы бойынша тағайындалады;
өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, оның ата-анасы басқа мекен-жайда тіркелсе, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы ұсынады;
өтініш беруші оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын және жалғыз тұратын болса, өтініш беруші ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй көмегін алғаны туралы анықтаманы ұсынады.
15. Тапсырылған құжаттар қаралғаннан кейін отбасының мәліметтері мен коммуналдық төлемдері көрсетілетін шарт-өтініш жасалады. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлғаның және уәкілетті органы өкілінің қолдары қойылады.
16. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін ұсынудың негізі болып табылады.
17. Электрмен, газбен, жылумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, сумен жабдықтау, тұрғын үйді ұстау және байланыс қызметін пайдаланғаны үшін шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның түбіртектері, газға берген анықтамалары бойынша тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі.
Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде анықталады.
18. Тұрғын үй көмегі өтінішпен бірге барлық қажетті құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы тіркеуді белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтініш берушінің науқастануына, басқа жаққа емделуге курортқа, шипажайға кетуіне, туыстарының қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса құжаттарды ұсынған жағдайда).
19. Қайталанған өтініш берген кезде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзіміне қарамастан тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі өтініш берген айынан бастап есептеледі.
20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметін өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, сондай-ақ мәртебесінің өзгеруі туралы ақпараттандыруы қажет.
21. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын маман отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары туралы және отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлерін растайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегі қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін үйдің иесі (жалгер) заңсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
22. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П = ТҮТЕЖӘТ – (t x д),
П – тұрғын үй көмегінің мөлшері,
ТҮТЕЖӘТ – тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем,
t – тұрғын үй төлемінің нормативтік шығыны (=10%),
д – отбасының жиынтық табысы.
4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді
пайдалану нормативтері
23. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
1) аудандар:
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
екі адамнан тұратын отбасылар үшін - 30 шаршы метр;
үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 45 шаршы метр;
төрт адамнан тұратын отбасылар үшін – 60 шаршы метр;
бес немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін – 75 шаршы метр;
2) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге шығындар - 1 шаршы метрге 19,9 теңге;
3) Бір адамға айына газ нормасының шығыны – 5,5 кг;
4) Электр қуатын пайдалану нормасы:
бір адам тұрса – 72 кВт;
екі адам тұрса (әр біреуіне) – 57 кВт;
үш және одан да көп адам тұрса (әр біреуіне) – 50 кВт.
Тұрғын үйді қамтамасыз етуге су, жылу, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
24. Отбасының жиынтық табысын есептегенде келесі кірістерден басқа кірістің барлық түрлері есепке алынады:
тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
қайтыс болғандарды жерлеуге төленетін біржолғы жәрдемақы;
бала тууына байланысты төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
есептеу кезінде белгіленген күн көріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген ақшалай және табиғи түрде берілген қайырымдылық көмек;
төтенше жағдайлар салдарынан мүліктері мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген материалдық көмек;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілген табиғи көмектің түрлері:
дәрі – дәрмектік препараттар түрінде;
шипажайлық – курорттық емделу түрінде;
протездік-ортопедиялық құралдар (әзірлеу және жөндеу);
жылжымалы құралдары (кресло – арбалар) және мүгедектерге бөлінген сауықтырудың басқа да құралдары;
білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымында көрсетілетін тегін тамақтандыру және көмек көрсету;
алынған шағын несиелердің сомасы;
халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерде белгіленген оралмандардың тұрғылықты жерге келу бойынша жол ақысын және мүліктерін (оның ішінде малдарын) жеткізу жөніндегі шығындарын өтеуге, келген жерінен үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге бөлінетін қаражаттар.
25. Құрамында жоғары және орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде келісім негізінде оқитын студенттері бар отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде, отбасының жиынтық табысы ай сайынғы оқу төлемі мөлшерінен төмен болмауы қажет.
26. Ауылдық жерлерде тұратындар үшін қосалқы шаруашылықтан түскен табыс бір ірі қара мал басы болған жағдайда (саяжай учаскесін, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсандағы жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал екі, үш ірі қара мал басы болған жағдайда, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал төрт және одан да ірі қара мал басы болған жағдайда, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
27. Қала тұрғындары үшін қосалқы шаруашылықтан түскен табыс ірі қара мал басынан бір бас болған жағдайда (саяжай учаскесін, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсандағы үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал екі және одан да көп ірі қара мал басы болған жағдайда,бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
28. Жиынтық табысын есептегенде өнімді жасқа жетпеген үй малы есепке алынбайды. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімденген болып саналады.
29. Құжат бойынша расталған табыстар түріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан, алименттерден, МЗТО-дан, ӘСМҚ-дан төленген бір жолғы төлемдер жатады.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келесі жағдайларда алименттер есептелмейді:
жұмыс істемейтін және алименттерді төлеу бойынша қарыздары болған (сот орындаушысынан анықтама ұсынылғанда) немесе оның мекенжайы белгісіз болған жағдайларда (анықтама ұсынылғанда);
бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған жағдайда (анықтама ұсынылғанда);
туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған жағдайда (анықтама ұсынылғанда);
Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен жағдайларда (анықтама ұсынылғанда).
30. Отбасы құрамында қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғылықты жер бойынша әділет органдарымен тіркелген тұлғалары есептелінеді.
Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жайда тіркелген басқа да тұлғалардың жалпы табысын қосу жолымен өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелінеді.
31. Есептеу кезеңінде бір тоқсаннан астам төлемге жататын біржолғы табысты алу кезінде, жиынтық табысында алынған кірістердің барлық сомасы есепке алынады.
32. Өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
6. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік
үй–жайларда тұратындарға тұрғын үй көмегін ұсыну
33. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй – жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.
34. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 500 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
35. Көмір құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
36. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі. Отынды сатып алу туралы түбіртек болмаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі мамандармен өтініш және акт жасалады.
37. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы (көмірдің бағасы) өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
38. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.
39. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасы алынған көмірдің салмағын және ағымдағы жылдың қай уақытында алынса да бағасы көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынуы тиіс.
7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
40. Тұрғын үй көмегі ауданның бюджет қаражаттары есебінен беріледі.
41. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші дәрежелі банктер арқылы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 28/5-ІV шешіміне қосымша
Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы "Уба-Информ" газетінің № 10 санында жарияланған).
2. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4 – ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы "Уба-Информ" газетінің № 21 санында жарияланған).
3. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4 – ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-77, 2008 жылғы 10 шілдедегі "Уба-Информ" газетінің № 28 санында жарияланған).
4. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 11 шілдедегі № 10/3 – ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-79 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2008 жылғы 1 тамыздағы № 31 санында жарияланған).
5. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 20/6 – ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-102 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған).
6. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/7- ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-105 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 46 санында жарияланған).
7. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 – ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/3 – ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-113 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 8 санында жарияланған).