Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" N 103/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 04 қарашадағы N 335/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 07 желтоқсанда N 12-6-100 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "32) барлық санаттағы бірінші, екінші топтағы мүгедектер.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
      "32) 32) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – нақты құны бойынша екі кезеңдік басылымға жазылуға материалдық көмек.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
      "27) 32) тармақшасында көрсетілген санаттарға, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірлі куәлігінің көшірмелері, алушы мәртебесін растайтын құжат, кезеңдік басылымдарға жазылуға төлеу жөніндегі түбіртек.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев