Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы (IV шақырылымның кезекті XXI сессиясы) "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне өзгерісте мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 208-4/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 шілдеде N 12-6-91 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" N 186-4/21 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 тіркелген, 2010 жылы 6 наурызда аудандық "Родные просторы" газетінің 10 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2) тармақшадағы "1950 - 1951 жылдары КСРО үкіметтік органдарының шешімі бойынша шайқастарға қатысқандар (Венгрия)", "бұрыңғы Кеңес үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясы әскерлеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) тармақшада "аз қамтылған азаматтар" "тұрғындардың мақсатты топтарына жататын тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      келесі мағнадағы 30), 31), 32) тармақшалар толықтырылсын:
      "30) Қазақстан Республикасы көлімінде темір жол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған ерітіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зертеуге және емдеуге ерітіп апаратын тұлғалар";
      "31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы)";
      "32) мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылары".
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       А. Кирилов

      Аудан мәслихатының төрағасы                В. Крутиков