Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексіне сәйкес және Рудный қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сұлбасының негізінде мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-153, 2010 жылғы 19 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мәтінінде және қосымшасында "Автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы Ф. Виноградов
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің Қостанай облысы
бойынша салық департаменті Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________________ О. Рабченюк
22.10.2010 ж.
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ М. Досболов
22.10.2010 ж.
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ С. Искуженов
22.10.2010 ж.