РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы Заңдарына, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/3 және 2010 жылғы 26 қазандағы N 8/1 ұйғарымдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласындағы К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан 1-ші көше "Сауранбай болыс" атауымен, ал осы көшеге (Сауранбай болыс) сол жағынан перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 1-ші тұйық "Сауранбай болыс тұйығы" атауымен аталсын.
2. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 2-ші көше Ақаев Абдулла есімімен аталсын.
3. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 5-ші көше Шамахан Құндызбаев есімімен, ал осы көшеге (Шамахан Құндызбаев) перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан тұйық "Шамахан Құндызбаев тұйығы" болып аталсын.
4. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 7-ші көше Бақытбек Ермақашев есімімен аталсын.
5. Қызылорда қаласындағы Қ. Яссауи көшесіне перпендикуляр, Төле би көшесіне оң жағынан параллель орналасқан Қ. Яссауи тұйығы аталып кеткен 2-ші көше Жанайбек Сақтағанов есімімен аталсын.
6. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы (бұрынғы Чиже Сан Тин көшесі) көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 1-ші көше Уатай Байменов есімімен аталсын.
7. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 308 квартал" аталып кеткен көше Нұрғали Сатығұлов есімімен аталсын.
8. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 309 квартал" аталып кеткен көше Жаңалық Әбдірахманов есімімен аталсын.
9. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 2-ші көше "Сайыпназар ахун" есімімен, ал осы көшеге (Сайыпназар ахун) перпендикуляр, Бауыржан Момышұлы көшесіне параллель орналасқан тұйық "Сайыпназар ахун тұйығы" атауымен аталсын.
10. Қызылорда қаласындағы Титов тұрғын ауданындағы темір жол мен Ә.Қашаубаев көшесінің ортасындағы параллель орналасқан көше "Желкілдек батыр" атауымен аталсын.
11. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 6-шы көше Әжіақбар Оңжігітов есімімен аталсын.
12. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 3-ші көше Төребек Османов есімімен аталсын.
13. Қалада қаласының "Рисмаш" шағын ауданындағы Қ.Маханбетов көшесі аяқталған жерден, яғни "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұсындағы темір жол мен "Ягодка" саяжайына баратын көше аралығындағы "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алдынан өтетін, бұрын Қаратоғай көшесі аталып кеткен көше Марал Ишан есімімен аталсын.
14. Бірлескен "Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/7 шешімі және Қызылорда қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 188 қаулысы жойылды деп танылсын.
15. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаттың кезектен
тыс отыз бесінші сессиясының төрағасы Қ. ЕРНАЗАРОВ
Қызылорда қаласының әкімі М. ЖАЙЫМБЕТОВ
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ