Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 27 қазандағы мәслихатының N 35/3 қала әкімдігінің N 230 бірлескен шешім мен қаулы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 25 қарашада N 10-1-155 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 26/4 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 18.02.2014 N 1610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/3, 2010 жылғы 26 қазандағы N 8/1 ұйғарымдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласындағы К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан 1-ші көше "Сауранбай болыс" атауымен, ал осы көшеге (Сауранбай болыс) сол жағынан перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 1-ші тұйық "Сауранбай болыс тұйығы" атауымен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 2-ші көше Ақаев Абдулла есімімен аталсын.
      3. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 5-ші көше Шамахан Құндызбаев есімімен, ал осы көшеге (Шамахан Құндызбаев) перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан тұйық "Шамахан Құндызбаев тұйығы" болып аталсын.
      4. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 7-ші көше Бақытбек Ермақашев есімімен аталсын.
      5. Қызылорда қаласындағы Қ. Яссауи көшесіне перпендикуляр, Төле би көшесіне оң жағынан параллель орналасқан Қ. Яссауи тұйығы аталып кеткен 2-ші көше Жанайбек Сақтағанов есімімен аталсын.
      6. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы (бұрынғы Чиже Сан Тин көшесі) көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 1-ші көше Уатай Байменов есімімен аталсын.
      7. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 308 квартал" аталып кеткен көше Нұрғали Сатығұлов есімімен аталсын.
      8. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 309 квартал" аталып кеткен көше Жаңалық Әбдірахманов есімімен аталсын.
      9. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 2-ші көше "Сайыпназар ахун" есімімен, ал осы көшеге (Сайыпназар ахун) перпендикуляр, Бауыржан Момышұлы көшесіне параллель орналасқан тұйық "Сайыпназар ахун тұйығы" атауымен аталсын.
      10. Қызылорда қаласындағы Титов тұрғын ауданындағы темір жол мен Ә.Қашаубаев көшесінің ортасындағы параллель орналасқан көше "Желкілдек батыр" атауымен аталсын.
      11. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 6-шы көше Әжіақбар Оңжігітов есімімен аталсын.
      12. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 3-ші көше Төребек Османов есімімен аталсын.
      13. Қалада қаласының "Рисмаш" шағын ауданындағы Қ.Маханбетов көшесі аяқталған жерден, яғни "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұсындағы темір жол мен "Ягодка" саяжайына баратын көше аралығындағы "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алдынан өтетін, бұрын Қаратоғай көшесі аталып кеткен көше Марал Ишан есімімен аталсын.
      14. Бірлескен "Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/7 шешімі және Қызылорда қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 188 қаулысы жойылды деп танылсын.
      15. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс отыз бесінші сессиясының төрағасы            Қ. ЕРНАЗАРОВ

      Қызылорда қаласының әкімі                        М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы           И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ