Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 13 сәуірдегі мәслихатының N 29/9 қала әкімдігінің N 2781 бірлескен шешімі мен қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 05 мамырда N 10-1-135 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 11 наурыздағы N 2/2, 2010 жылғы 30 наурыздағы N 3/1 ұйғарымдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы "Федор Киняев – 1", "Федор Киняев - 2" көшелері Мешітбай Қаржаубаев есімімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан (мал базар қиылысы) көше Смағұл Ысқақов есімімен аталсын.
      3. Қызылорда қаласындағы Ізмұхамед Еділбаев көшесі Нұрділдә Сыздықов есімімен аталсын.
      4. Қызылорда қаласындағы Михаил Фрунзе тұйығы  Әбди Асаубаев есімімен аталсын.
      5. Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков көшесінің аяқталған тұсынан дария жағалауындағы (халыққа қызмет көрсету орталығы бағыты) атауы жоқ көше Есен Демесінұлы Демесінов есімімен аталсын. 
      6. Қызылорда қаласындағы Чиже Сан Тин атындағы көшесі Бауыржан Момышұлы есімімен аталсын.
      7. Қызылорда қаласындағы Төле би көшесіне параллель Яссауи көшесіне перпендикуляр орналасқан бірінші көше Жұмабай Бәкішев есімімен аталсын.
      8. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы параллель орналасқан үшінші көше Күдеріқожа Көшекұлы есімімен аталсын.
      9. Титов мөлтек ауданы бойынша: Көшеней Рүстембеков көшесінің сол жағынан перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 200 м – 640 м аралығы) атауы жоқ көше аралығын 9 көше "Жаңақұрылыс-1", "Жаңақұрылыс-2", "Жаңақұрылыс-3", "Жаңақұрылыс-4", "Жаңақұрылыс-5", "Жаңақұрылыс-6", "Жаңақұрылыс-7", "Жаңақұрылыс-8", "Жаңақұрылыс-9" атауымен тиесілінше аталсын.
      10. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі                     М. Ергешбаев

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      кезекті ХХІХ сессиясының төрағасы             И. Мұсабаев     

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                          И. Құттықожаев