"2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 552 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 қазандағы № 439 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 105 болып енгізілді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 552 Қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-93 болып тіркелген, 2010 жылдың 10 ақпанында № 14 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      4 тармақ алынып тасталсын.
      Аталған Қаулының 1 және 2-қосымшалары осы Қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы Қаулының орындалуын қадағалау аудан Әкімінің орынбасары Г.Тұрсынбековаға жүктелсін.

      Аудан Әкімі                                А.Қарабалаев

Талас ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 6 қазандағы
№ 439 Қаулысына
1-қосымша

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 Қаулысына
1-қосымша

2010 жылғы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. «Қаратау қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
      2. «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Талас ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 6 қазандағы
№ 439 Қаулысына 2-Қосымша

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 Қаулысына
2-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақасының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

Қатысушылардың еңбекақасының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері

1

Көркем безендіру, көгалдандыру және қайта жаңғырту жұмыстары

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі-6 ай.

Қала бойынша көркем безендіру-50 километр. Қайта жаңғырту жұмыстары -3276 шаршы метр, қоқыстан тазарту-1600 тонна.

18

18

18110 теңге

Жергілікті бюджеттен

2

Нысанды күзетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.

4

4

18110 теңге

Жергілікті бюджеттен

      Барлығы:


22

22