Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, білім беру, спорт және денсаулық салаларындағы мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылға әлеуметтік көмек беру туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 шілдедегі № 141 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда № 3-7-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 7 тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен бір жолғы ақшалай өтемақы 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде мәдениет, білім беру, спорт, денсаулық саласындағы мамандарына берілсін.
      2.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының          Аудандық мәслихаттың
          төрайымы                       хатшысы

       Д. Жиенбекова                  І. Қобланов