Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі өмірдің қиын жағдайында деп анықталған отбасыларына.
2) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік деңгейінен төмен (атаулы әлеуметтік көмек алушыларға) отбасыларға, тағам өнімдерінің қымбаттауына байланысты ай сайын 0,5 АЕК мөлшерде. Әлеуметтік көмек өтінішсіз, жалпы тізілім негізінде, алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
3) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша көмекке коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеуге облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер есебінен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облысы филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен (әрі қарай - РМҚК) берілген тізім негізінде, алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен.
4) азаматтардың жекеленген санаттарына мерекелік күндерге және басқа да мейрамдарға - Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, 1988-1989 жылдары кезеңінде Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан мүгедектерге және қатысушыларға, майданда қаза болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, Ауғаныстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларына, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, Ауғаныстанда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына, тыл еңбеккерлеріне.
Мерекелік күндерге және басқа мейрамдарға әлеуметтік төлем мөлшері жергілікті өкілетті орган шешімімен анықталады. Әлеуметтік төлем өтінішсіз, алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Ақмола облыстық филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен берілген тізімдердің негізінде жүзеге асырылады;
5) жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейіне дейінгі ауылды жерлердің көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, күндізгі нысан бойынша колледждерде оқитын студенттерге оқу үшін төлем түрінде. Әлеуметтік көмек жылына бір рет, оқу төлемінің толық мөлшерінде жүргізілінеді;
6) басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топтағы мүгедектерге, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға, онкология және туберкулез ауруларына, емделу түрінен тәуелсіз, табысын есептеусіз төленеді әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі;
7) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге ай сайынғы қосымша көмекке 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Ақмола облыстық филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен берілген тізім негізінде, алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010.07.26 № 4С28/6 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен
2. Уәкілетті орган - «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек тағайындауын және төлеуін қамтамасыз етеді.
3. Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Қызметке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен, «Қазпошта» Акционерлік қоғамының, «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамның Ақмола облыстық филиалының және «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
5. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С 4/7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-5-85 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Дүйсембаев М.М
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының
әкімі Әубәкіров Р.Ш.
«Атбасар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы Дүйсенбаева С.А.