"Белсенді туберкулезбен ауыратын мұтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 114/18-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 357/48-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 3 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 638 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «ережесінде» деген сөздер «Қағидасы», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, 2007 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 114/18-ІV «Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда № 540 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда № 102 «Вечерняя Астана», 2008 жылғы 21 тамызда № 99 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерінде диспансерлік есепте тұрған жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар, толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар және отбасы мүшелері де туберкулезбен ауыратын тұлғалар ішінен азаматтар Әлеуметтік көмекке мұқтаж болып танылады. Жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілген санаттардан басқа емдеу орнынан алшақ тұратын тұлғаларға да көрсетіледі.».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                   Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                        В. Редкокашин