Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 652 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдері күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының  
2010 жылғы 22 қыркүйектегі 
№ 387/51-IV шешіміне 1-қосымша

Астана қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына сәйкес әзiрленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен оны көрсету тәртібін белгілейді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

1. Жалпы ережелер

      1. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық және басқа да қызметтер - ұстау, күрделі жөндеу және (немесе) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша қызметтерге қаражат жинақтауға арналған жарналар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы;
      отбасы шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі – коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде хабарласқан алдындағы тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің сегіз пайызынан аспайтын есептеу құралының құнын төлеуге шығындар;
      есептеу құралы - тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясының бір фазалық есептеуіші.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегi Астана қаласында тұрақты тұратын тұрғын үй иесi немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер коммуналдық және басқа да қызметтер көрсету төлемiне шығыстары осы мақсаттарға отбасы шығындарының шекті жол берілетін деңгейi шегiнен асып кетсе көрсетіледі.
      Тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі сондай-ақ осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, есептеу құралдарының құнын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы Ережемен белгіленген норма шегінде коммуналдық және басқа да қызметтерге төлеуге тиесілі сома мен есептеу құралының құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен. 
      4. Осы Ережемен белгiленген нормалардан асатын коммуналдық және басқа да қызметтердің үстеме төлемін азаматтар жалпы негiзде жүргізедi.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде отбасы құрамына бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және Астана қаласында тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Он сегіз жасқа дейінгі ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-ана құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      6. Тұрғын үй көмегі Басқарма ұсынған жұмысқа орналастырудан, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жолдаудан, өз еркiмен қоғамдық жұмысқа қатысудан дәлелсiз себеппен бас тартқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.
      Тұрғын үй көмегі жұмыссызға жұмысқа орналасқаннан бастап, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жолданғаннан бастап қалпына келтіріледі.
      7. Тұрғын үй көмегiн:
      1) егер отбасында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған, олардың стационарлық емдеуде бір айдан аса болған кезеңінде, бірінші және екінші топ мүгедектерiн, мүгедек балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін, жеті жасқа дейінгі бала тәрбиелеумен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке жарамды азаматтар болса;
      2) егер ата-аналары айырылысқан, бiрақ бiрге тұратын балаларына алимент төлеу жөнiнде талап етпеген;
      3) егер жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй (пәтерi, үйi) бiр бірліктен артық болса, немесе тұрғын үй алаңдарын жалға (жалдау) тапсырған болса, отбасылар ресiмдей алмайды.
      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу жөнiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерi Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұдан әрi – Басқарма) болып табылады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (бұдан әрi – өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Басқармаға хабарласады және белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң белгіленген үлгісін алады (осы Ережеге 1-қосымша).
      10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі (көшiрмелер мен түпнұсқалар салыстыру үшін):
      1) тұрғын үйдiң меншiк иесiмен (жалдаушы, қосымша жалдаушы) бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң жеке басын растайтын құжаттары;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органымен берiлген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың болмауы (болуы) туралы анықтама;
      3) тұрғын үйге құқық беретiн құжат (жекешелендiру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);
      4) азаматтарды тiркеу кiтабы;
      5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiк;
      6) отбасы кiрiстерi туралы мәлiмет;
      7) еңбек қызметiн растайтын құжаттар;
      8) АХАЖ органынан (жалғыз басты аналар үшiн) № 4 нысандағы анықтама;
      9) тұрғын үй көмегiн тағайындауға хабарласқан айдың алдындағы айға тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот және (немесе) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналыста бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен, мөрімен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоты;
      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      11. Тұрғын үй көмегi көмекке құқық туған айдан кейiн барлық қажетті құжаттармен (коммуналдық қызметтерге шот берілген айы) хабарласқан айдың алдыңғы айынан тағайындалады.
      12. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындаған айдан үш айдан астам коммуналдық және басқа да қызметтерге төлем жөнінде берешектер пайда болған отбасыларға тұрғын үй көмегін төлеу пайда болған берешекті толығымен өтегенге дейін осы фактіні анықтаған айдан бастап тоқтатылады. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі коммуналдық және басқа да қызметтер бойынша берешектер аталған жағдайда есепке алынбайды.
      14. Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу бiрiншi рет өтiнiш бiлдiрген айдан бастап бiр жыл ішінде осы Ереженің 10-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынумен жүргiзiледi.
      15. Тұрғын үй көмегiн алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін, оның ішінде тұрғын үй меншiк нысанының, отбасы құрамының және оның жиынтық табысының өзгеруі, ал жұмыссыздар – мәртебесiнiң өзгеруi туралы кез келген жағдайлар жөнінде Басқармаға он күндік мерзімде хабарлайды.
      16. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттілігі жағдайында Басқарма өтiнiш иесiнiң тұрған жерiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.

3. Коммуналдық және басқа да қызметтердi тұтыну нормалары

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда күрделі жөндеуге, ұстау бойынша қызметтер және (немесе) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері, тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы мен коммуналдық қызметтердiң мына түрлерi есепке алынады:
      1) электр қуатпен қамтамасыз ету;
      2) сумен жабдықтау;
      3) газбен жабдықтау;
      4) жылумен жабдықтау;
      5) кәрiз;
      6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару;
      7) лифт қызметi.
      18. Коммуналдық қызметтi жеткiзушiлер коммуналдық қызмет тарифтерiн, сондай-ақ олардың Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген өзгерiстерiн Басқармаға ұсынады.
      19. Тұрғын үй көмегiн тағайындағанда өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасына Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгіленген әр отбасы мүшесiне он сегіз шаршы метрден норма қабылданады. Жалғыз басты тұратын азаматтар үшін тұрғын үй алаңының нормасына жалғыз басты адамдар үшiн отыз шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден кем емес тұрғын үй алаңының нормасы қабылданады.
      20. Тұрғын үй көмегiн есептегенде электр қуатын тұтынудың мына мөлшерлемелері:
      150 Квт – 1-3 адамнан тұратын отбасына;
      200 Квт – 4 және одан да көп адамдардан тұратын отбасына қолданылады.
      21. Тұрғын үйдің газбен жабдықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөнiнде тиісті құжат болғанда, белгiленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтiнiшi бойынша газбен жабдықтау үшін төленетін төлемнің есебіне есептелуі мүмкін, бірақ газбен жабдықтау үшін белгіленген тұтыну нормалары мен тарифтері шегiнде.

4. Отбасының кіріс жиынтығын есептеу

      22. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде оның құрамы осы Ереженің 5-тармағына сәйкес анықталады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен. 
      23. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

5. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      24. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде азаматтардың келіп түскен өтініштерін қарау үшін Басқармада тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      25. Комиссия құжаттар қабылдаған күннен он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім (осы Ережеге 2-қосымша) қабылдайды.
      26. Тұрғын үй көмегін алушы тұтынылған коммуналдық және басқа қызметтер туралы, есептеу құралын сатып алғандығы туралы (екі айдың ішінде) мәліметтерді белгілі бір себептерге байланысты (науқастану, қала шегінен тыс жерде болу) уақытылы ұсынбаған жағдайда және осы себептерді куәландыратын тиісті анықтаманың болғаны кезінде, комиссия көрсетілген кезеңге тұрғын үй көмегін төлейді.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен. 
      27. Тұрғын үй көмегін азаматтардың жалған мәлімет беру салдарынан артық немесе заңсыз төленген сомасын өндіртіп алу заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      28. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру қала бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      29. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеуді төлеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтау жарнасына тұрғын үй көмегiн төлеу, оны кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеуге сомалар жинақтау үшін кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына екiншi деңгейлi банктердің бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.
      Коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемнің ұлғаюына қатысты байланыс қызметтерін сатып алуға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға берген тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге қатысты тұрғын үй көмегін төлеу, есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екiншi деңгейлi банктердің бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.
      30. Жинақ шотынан қаражатты пайдалану кондоминиум объектісінің органы мен мердігер арасындағы шарттарды орындауды қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісінің үй-жайларының (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүргізіледі.
      31. Алушылар қажеттi құжаттарды өз уақытында ұсынбаған жағдайда осы Ереженің 26-тармағында көрсетiлгеннен басқа жағдайда тұрғын үй көмегiн төлеу тоқтатылады.
      32. Тұрғын үй көмегiн төлеуді жүргiзетiн банктердің бөлiмшелерi тұрғын үй көмегiнiң төленген сомаларына салыстыру актiлерiн жасайды және оларды ай сайын Басқармаға ұсынады.

Астана қаласында тұрғын үй
көмегін көрсету ережесіне
1-қосымша       

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 46/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

            Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
                             өтініш

      Мен ___________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., туған жылы)
тұрғын үйдің меншік иесі (жалға алушысы) болып табылатын, жеке куәлік
№ ________________, кіммен берілді ___________, СТН _________________
      Менің отбасыма құрамында ___ адам, мекенжайы __________________
коммуналдық және есептеу құралының құнын төлеу бойынша өзге де
қызметтер төлемі бойынша шығынды өтеу үшін тұрғын үй көмегін
тағайындауыңызды сұраймын.

№ р/с

Өтініш беруші отбасының мүшелері Т.А.Ә.

Туған күні

Туыстық қатынастар

Әлеуметтік мәртебесі

1

2

3

4

5

      Өтінішке қажетті құжаттарды ____ данада қоса беремін.
Есептік шоттың № _______________ банктің атауы _______________
      Өзгерістер болған жағдайда 10 күннің ішінде ол туралы
хабарлауға міндеттенемін.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының
1-тармағына және 325-бабының 3-тармағына сәйкес, ұсынылған
құжаттардың дұрыстығына жауапкершілікпен таныстым.

      "___" _________ 200__ ж. Өтініш иесінің қолы ________________
      Құжатты қабылдады ___________________________________________
                       (Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                           кесу сызығы

      Азамат _____________________________ тұрғын үй көмегін
тағайындау үшін қоса берілген құжаттармен __ парақта қабылданды.

      "__" ____ 200__ ж. ______________________________________
                          (Құжатты қабылдаған маманның Т.А.Ә.)

Астана қаласында
Тұрғын үй көмегін
беру ережесіне
2-қосымша  

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі комиссия отырысының
20____ жылғы «____» ___________ №_____
ШЕШІМІ

Т.Ә.А. __________________________________
Мекен-жайы ______________________________
Мәртебесі _______________________________

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй
қатынастары туралы» Заңына сәйкес, есептің негізінде 20____ жылдың
_______ айына __________ теңге _____ тиын көлемінде тұрғын үй көмегі
ТАҒАЙЫНДАЛСЫН

Тіркеу № ___________________________
Ашылды _____________________________

Комиссия төрағасы __________________
Комиссия мүшелері __________________
Бөлім бастығы ______________________

М.О.

Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 387/51-IV шешіміне 
2-қосымша      

Астана қаласы мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізілімі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 30 шілдеде № 283 болып тіркелген, 2003 жылғы 6 тамызда № 106 "Астана ақшамы" газетінде жарияланған);
      2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпанда № 119/16-ІІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаментінде 2003 жылғы 30 шілдеде N 283 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 14 наурызда № 379 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 наурызда № № 40-41 "Астана хабары", 2005 жылғы 29 наурызда № 46 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
      3. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдеде № 398/50-ІІІ Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 30 шілдеде № 475 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда № № 131-132 "Астана хабары", 2007 жылғы 4 тамызда № № 132-133 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
      4. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 251/38-ІV Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 22 қазанда № 595 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 қазанда № 128 "Вечерняя Астана", 2009 жылғы 27 қазанда № 120 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған);
      5. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 278/41-ІV Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 30 желтоқсанда № 609 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда № № 1-2 "Вечерняя Астана", 2010 жылғы 7 қаңтарда № 1 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған).