Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 16 тамыздағы N 356 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6481 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Ішкі істер органдарының құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Т. Қабденов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 356 бұйрығымен   
бекітілген      

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) қорғау нұсқамасы шығарылған немесе бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу мен бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Ішкі істер органдары:
      1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
      2) бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою туралы шешім қабылданған адамдарды профилактикалық есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
      3) Профилактикалық есеп профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын адамды есепке алуды қамтиды.
      4) Қорғау нұсқамасы шығарылған адам оған қорғау нұсқамасы ұсынылған сәттен бастап профилактикалық есепке алынады. Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі оны құқық бұзушыға ұсынған сәттен бастап есептеледі және 10 тәулікті құрайды.
      5) Бос уақытына шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған адам ішкі істер органдарына соттың қаулысы келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде профилактикалық есепке қойылады. Құқық бұзушының бос уақытына шектеулер және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеудің әрекет ету мерзімін сот айқындайды.
      6) Қорғау нұсқамасы шығарылған немесе бос уақытына шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы сот шешім қабылдаған адамды профилактикалық есепке қою үшін учаскелік полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі – учаскелік полиция инспекторы) құқық бұзушылық фактілерін растайтын қажетті құжаттарды қоса отырып, дәлелді баянат жазады, оны ішкі істер органының бастығы немесе оның орынбасары қарайды.
      7) Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді сақтауы мен жүктелген міндеттерді орындауын жүйелі түрде бақылауды қамтиды.
      8) Профилактикалық бақылау профилактикалық есеп әрекет еткен мерзімінде жүзеге асырылады.

2. Профилактикалық есепті жүргізу мен бақылау тәртібі

      9. Ішкі істер органының әрбір қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылықты не болмаса оны жасауға оқталуды тікелей анықтаған, сондай-ақ зорлық-зомбылық фактілері туралы жеке, заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан арыздар мен хабарламалар келіп түскен жағдайда не болмаса олар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кезде тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасаған немесе оны жасау қаупі бар адамды (бұдан әрі – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам) қорғау нұсқамасын шығару үшін ішкі істер органына жеткізеді.
      10. Қорғау нұсқамасы осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ішкі істер органының бастығы не болмаса оның орынбасары ақыл-есі дұрыс, он алты жасқа толған оны жасаған адамға қатысты толтырылады.
      11. Ішкі істер органының бастығы немесе оның орынбасары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты шектеулерді белгілеген кезде жәбірленушінің, учаскелік инспектордың пікірін, құқық бұзушының жеке басын, оның жеке мінез-құлық ерекшеліктерін, жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта жасауға ықпал етуі мүмкін басқа да факторларды ескереді.
      12. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қою арқылы танысады (қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, ол туралы жазылады). Содан кейін түпнұсқадан үш көшірме түсіріледі. Көшірменің бірінші және екінші данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға және жәбірленушіге тұпнұсқаға қол қою арқылы табыс етіледі. Көшірменің үшінші данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға оны ұсынған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолданады. Қорғау нұсқамасының түпнұсқасы осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес профилактикалық іске тігіледі.
      13. Жәбірленушіге құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда оның құқытары мен құқықтық салдары түсіндіріледі.
      14. Жәбірленушінің арызы бар болған жағдайда қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі ішкі істер органы бастығының не болмаса оның орынбасарының қолдауымен прокурордың санкциясы арқылы міндетті түрде үш тәулік ішінде жәбірленушіге және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға жазбаша түрде хабарлау арқылы отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.
      Ол үшін:
      1) еркін түрде жасалған және онда қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімін ұзарту туралы өтініші бар жәбірленушінің өтініші;
      2) қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімін ұзартуды санкциялау туралы ішкі істер органы бастығының не болмаса оның орынбасарының қолдаухаты;
      3) қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімін 30 тәулікке дейін ұзарту туралы прокурордың санкциясы талап етіледі.
      15. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-179-5111-1112332355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ішкі істер органының бастығы қажет болған жағдайда мынадай:
      іздестіруге, қудалауға, жәбірленушімен кездесуге, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге және онымен басқа да тәсілдер арқылы байланыс жасауға;
      атыс және қарудың басқа да түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға шектеулерді толық көлемде немесе жеке көрсете отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы сотқа қолдаухат енгізеді.
      Ішкі істер органының бастығы соттың алдында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға ішкі істер органына айына бірден төрт ретке дейін келіп тұруын міндеттеу туралы ұсыныс жасай алады.
      16. Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою белгілі орындарға баруға, механикалық көлік құралдарын басқаруға байланысты белгілі бос уақыт нысандарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытында тұрғын үй-жайдан шығуға, арнайы мемлекеттік органдардың немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз өзге де орындарға шығуына тыйым салуды көздеуі мүмкін.
      Кәмелетке толмағандарға білім беру ұйымдарына оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не болмаса арнайы мемлекеттік органдар немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа орналасу талаптары қойылуы мүмкін. Осы тізбе толық болып есептелмейді.
      17. Профилактикалық есепте тұрған адамға белгіленген шектеулерді сақтауды және жүктелген міндеттерді орындауды бақылау мақсатында учаскелік полиция инспектор тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеруді жүзеге асырады.
      18. Тексеріс жиілігі:
      1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамды кемінде екі күнде бір рет;
      2) бос уақытын шектеу және ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданғандарға кемінде аптасына бір рет тексеруді құрайды.
      19. Мыналар:
      1) қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімінің аяқталуы;
      2) құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптардың орындалу мерзімінің аяқталуы;
      3) маскүнемдіктен және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу;
      4) қылмыстық жазаға сотталу;
      5) есепте тұрған адамның қаладан, ауданнан тыс жерге тұрақты тұруға шығуы;
      6) адамның 18 жасқа жетуі;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа мән-жайлардың туындауы қорғау нұсқамасы шығарылған не болмаса бос уақыты шектелген және ерекше талаптар белгіленген адамдарды профилактикалық есептен шығару негіздері болып табылады.

Ішкі істер органдарының профилактикалық    
есебінде тұрған адамдарға профилактикалық  
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша                       

Нысан

ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ

__сағат __минут                             20___жылғы «___»_________
_____________________________________________________________________
                   (облыс, қала, аудан, ауылдық округ)
      «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында азамат(ша)________________________________
                                         (жәбірленушінің Т.А.Ә.)
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
азамат(ша) __________________________________________________________
                            (құқық бұзушының Т.А.Ә.)
Туған жылы, күні, айы________________________________________________
Мекен-жайы___________________________________________________________
азамат(ша)____________________________________________________қатысты
                              (Т.А.Ә.)
мынадай: оның еркіне қарамастан, іздестіру, қудалау, бару, ауызша, телефон арқылы сөйлесу және оған өзге де тәсілдермен байланысу, сондай-ақ қасақана құқыққа қарсы (әрекет немесе әрекетсіздік), денсаулыққа зиян келтіретін немесе дене күшін және (немесе) психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      Азамат _________________________________________
                    (құқық бұзушының Т.А.Ә.)
отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзушылық жасауы қорғау нұсқамасын енгізу үшін негіз болып табылады, атап айтқанда:____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтың уақыты, орны, фабуласы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________  _____________________________________________________________________

      Осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 355-1-бабында көзделетін жауапкершілікке әкеп соғады.
      Қорғау нұсқамасы 10 тәулік мерзімге шығарылады.

      Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі ол азамат_______________
_____________________________________________________________________                      (құқық бұзушының Т.А.Ә.)
тапсырылған сәттен басталады.

      Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі жеткілікті негіздер болған жағдайда прокурордың санкциясы және жәбірленушінің өтініші бойынша 30 тәулікке ұзартылуы мүмкін.
      Осы қорғау нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен шағымдануға болады.

ІІО бастығы (орынбасары)________ ____________________________________
                         (қолы)     (ІІО бастығының (орынбасарының)
                                                Т.А.Ә.)
      М.О.

Артқы жағында басылады.

Алғаны туралы қолхат:

Қорғау нұсқамасының көшірмесін алдым, қорғау нұсқамасын бұзған жағдайдағы құқықтармен және құқықтық салдарымен таныстым:
______________________________________________
         (құқық бұзушының қолы және Т.А.Ә.)

20___ жылғы «____»_____________
___________________________________
(жәбірленушінің қолы және Т.А.Ә.)

20___ жылғы «____»_____________

      Осы қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімін 20__жылғы «__»________ дейін ұзартуға САНКЦИЯ БЕРЕМІН

      М. О. ____________________прокуроры
               (қала, аудан)
      ________________________________________
      (қала, аудан прокурорының қолы, Т.А.Ә.)
      20____жылғы «____»______________________


      Осы қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі ұзартылғаны туралы хабарлама 20___жылғы «____»_______ шығыс №___________________ азамат(ша) ____________________________________ жолданды.
                 (құқық бұзушының Т.А.Ә.)

Ішкі істер органдарының профилактикалық    
есебінде тұрған адамдарға профилактикалық  
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша                 

Нысан

№ _______профилактикалық іс

___________________________________
   (ішкі істер органының атауы)

      20____ жылғы «____» ________ басталды
      20____ жылғы «____» ________ аяқталды

Жалпы жинақтау ісі мұқабасының ішкі жағына басылады

Жинақтау ісіндегі құжаттардың тізбесі

      1. Істегі құжаттардың тізімдемесі
      2. Профилактикалық есепке қою туралы баянат
      3. Есепке қою негіздемесін растайтын материалдар (сот қаулысының, қорғау нұсқамасының көшірмелері)
      4. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері
      5. Сипаттайтын материалдар
      6. Адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, оларды денсаулық сақтау органдарының наркологиялық, психоневрологиялық мекемелеріне орналастыру туралы қаулылардың көшірмелері
      7. Біріктірілген деректер банкінің есебі мен «Информ сервис» АІЖ есептері бойынша сұрау салулар