Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 367 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6321 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.02 № 18-02/85 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.02 № 18-02/85 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә. Тоқсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 367 бұйрығымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы

      Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда, бүкіл мәтін бойынша "Ереже" сөзі "Қағида" сөзімен ауыстырылсын - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.02 № 18-02/85 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы (одан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру (одан әрі – Деректер базасы) тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.02 № 18-02/85 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдалыналады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

      2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi - ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      4) дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары мал иелерінің талап етуі бойынша дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Деректер базасынның жұмыс істеуі тиісті ақпараттық жүйе аясында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Деректер базасы арналған:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру біріңғай принциптерін қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік есепке алу үшін;

      2) жануарлардың республика ішінде орнын ауыстыру, және оларды экспорттағанда және импорттағанда біріңғай автоматтандырылған бақылау жүйесін құру үшін;

      3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық алдын алу шараларының нақтылығын қамтамасыз ету үшін;

      4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық күйін, сапасы мен шыққан жерін бақылауды нығайту үшін;

      5) жануарлар туралы мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін;

      6) мал шаруашылығының өнімдерінің нарығын басқару және болжау үшін, жануарлар саны туралы ақпаратты алу: мал басы, жынысы, жасы, тек тәнділігі және орналасқан мекені;

      7) мал шаруашылығында селекциялық бағдарламалар және технологиялық жүйесін жетілдіру жүйесін оңтайландыру үшін.

      5. Деректер базасы электронды түрде жүргізіледі. Деректер базасын жүргізу рұқсат етілмеген іс-қимылдар мүмкіндігін қақпайлауды қамтамасыз ететін жағдайда іске асырылады.

      6. Деректер базасына ену мүмкіндігі уәкілетті органның келісуімен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру заңнамасымен белгіленген тәртіпте беріледі.

      7. Уәкілетті орган:

      1) деректер базасын өз жұмысында, жинақтауды, деректерді талдау, оларды сақтауды қосқанда, қолданады;

      2) деректер базасының бағдарламалық құралдарын жетілдіреді;

      3) деректер базасын жүргізудің ұйымдастыру және әдістемелік принциптерін әзірлейді және жетілдіреді.

      8. Ведомство деректер базасын жануарлардың орнын ауыстыру, жануарлар иелерінің бірдейлендіру нөмірлерін берілуін және қолданылуын, деректер базасының мағлұматының толықтығын және нақтылығын қадағалау мақсатында қолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      9. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жануарлар иесі жөнінде және бірдейлендірілген жануарлар туралы мағлұматтарды, және де оларға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асады.

      10. Деректер базасын қалыптастыруға және жүргізуге мыналар енгізіледі:

      1) жануарлар иесі жөнінде мағлұматтар енгізу:

      шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН);

      жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);

      2) бірдейлендірген жануарлар жөнінде мағлұматтар енгізу:

      жануарлардың бірдейлендіру нөмірі, тектік және желілік тәнділігі;

      аты (болған жағдайда);

      жынысы;

      шығу тегі туралы мағлұмат;

      туу туралы деректер;

      қырылу (өлім-жітім) туралы деректер: қырылу (өлім-жітім) анықталған фактісінің күні, қырылудың (өлім-жітімнің) себебі;

      сойылуы, сатылуы, алынып жойылуы, жоғалуы туралы деректер: сойылған, сатылған, алынып жойылған күні, сойған немесе жойған кәсіпорыннын аталуы (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН), тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, БСН, сатылғанда – елді мекеннің аталуы;

      3) жануарлардың орнын ауыстыру жөнінде мағлұматтарды енгізу:

      орнын ауыстырудың күні мен себебі;

      кеткен және/немесе жіберілген және келген жануар иесі туралы деректер, шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің аталуы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, БСН; жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), ЖСН, жануарларды импортағанда немесе экспортағанда елдің (әкімшілік аумақтың) аты;

      4) жануарлардың денсаулығы, ветеринариялық алдын алу, емдеу шараларының және диагностикалық зерттеулер туралы мағлұматты енгізу;

      5) деректер базасындағы мағлұматтарды жаңарту (ветеринариялық шаралар, жануарлардың туылуы, қолдану, иемдену құқығын беру, сатып алу, сату және ұрлану, сою немесе қырылу процестерінде жүзеге асырылады).

      11. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес нысан бойынша жасалған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туаралы ведомостың негізінде, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды дерекқорға енгізуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді жіберуге байланыс болмаған немесе кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, ветеринария саласындағы маман енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпарат тасымалдаушыға түсіреді, сонымен қатар деректерді мұрағаттау мақсатында және деректерді дерекқорға жүктеуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мал иесінің талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ветеринария саласындағы маман дерекқордан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінді көшірме шығарып береді, көшірме бір данада шығарылады, ветеринария саласындағы маманның лауазымын көрсете отырып, қолымен, ұйымның мөрімен расталады.

      Ескерту. 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.02 № 18-02/85 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан/Форма

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________

      ______________________________________

      (тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті

      атқарушы органы құрған мемлекеттік

      ветеринариялық ұйымның атауы/наименование

      государственной ветеринарной организации,

      созданной местными исполнительными органами,

      соответствующей административно-территориальной

      единицы)

      ______________________________________

      ______________________________________

      (мал иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      немесе заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН/фамилия,

      имя, отчество (при наличии) владельца животного

      или наименование юридического лица, ИИН/БИН)

Өтініш/Заявление

      Сізден ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан келесі жануарға жануардың жеке нөмірін көрсете отырып үзінді көшірме беруіңізді сұраймын/Прошу Вас предоставить выписку из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных на следующие животные с указанием индивидуального номера животного:

      _____________________________________

      _____________________________________

      _____________________________________

      (мал иесінің қолы/подпись владельца животного)

      _____________________________________

      (толтырылған күні/дата заполнения)

      *мал иесінің өтініші өз қолымен толтырылады/заявление владельца

      животного заполняется собственноручно

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан/Форма

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.02 № 18-02/85 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 № 7-1/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі
дерекқордан ________ күніне үзінді көшірме/
Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных
животных на дату______

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы/Нименовние области, города республиканского значения, столицы


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы/Наименовние района (города областного значения)


Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтің атауы/Наименование города районного значения, поселка, села, сельского округа


Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды тұлғаның атауы/фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца или наименование юридического лица, которому принадлежат сельскохозяйственные животные:


ЖСН/БСН/ИИН/БИН


р.с № / п.п















ЖЖН/ИНЖ

















Мәліметтердің атаулары/

Наименование сведений

Мәліметтер/

Сведения

Диагностикалық іс-шара/

Диагностические мероприятия

Вакцинациялау/

Вакцинация

Зерттеу түрі/

Вид исследования

Зерттеу күні/

Дата исследования

Аурудың атауы/

Наименвоание болезни

Зерттеу нәтижесі/

Результата исследования

Иммундеу күні/

Дата иммунизации

Наименвоание болезни


































Жануардың түрі/ Вид животного








Туылған күні/Дата рождения


Жануардың жынысы/Пол животного


Тұқымы/Порода


Егер асыл тұқымды жануар болса/если племенное животное


Әке-енесі туралы деректер/Данные о родителях


Есепке қою күні және себебі/Дата и причина постановки на учет


Есептен шығару күні және себебі/Дата и Причина снятия с учета


Импортталған/Импортировано


Кепілде тұруы/Находится в залоге


Бірдейлендіру әдісі/Метод идентификации



















      Берілген күні/Дата выдачи:

      М.О./М.П.

      (Үзінді көшірмені берген

      мемлекетік ветеринариялық ұйымының мөрі/

      печать государственой ветеринарной

      организации, выдавшей выписку)

      _____________________________________________________________________

      (Үзінді көшірмені берген маманның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), қолы/

      фамилия, имя, отчество (при наличии), должность, подпись выдавшего

      выписку)