Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6194 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 29) тармақшасына және 21-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру Ережесі бекітілсін.
      2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.А. Тоқсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыруды) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 206 бұйрығының (№ 2359 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар
      министрі
      __________ Ә. Құсайынов
      25 наурыз 2010 жыл

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 наурыздағы  
№ 204 бұйрығымен бекітілді 

Қазақстан Республикасы аумағында орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру)
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына және 8-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және республика аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ветеринариялық сертификат - республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық құжат;
      2) ветеринариялық анықтама - жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық құжат;
      3) дезинфекция - объектіні тазалағаннан кейін жүргізілетін жануарлардың инфекциялық және паразитарлық ауру қоздырғыштарын жою бойынша рәсім;
      4) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
      5) шел - теріні бөлу кезінде дермадан ажыратылатын тері қабаты;
      6) төсеме - жануарларға жұмсақ, құрғақ, таза және жылы құндақ жасау үшін пайдаланылатын материал қабаты;
      7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
      8) тасымалдау — тасымалдаудың кез келген құралдарын (авто, темір жол, әуе, су) пайдаланып бір пункттен басқасына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстырумен байланысқан рәсімдер кешені.
      3. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты (мал айдау трассалары) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен анықталады.
      4. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6029 тіркелген) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектілерге ветеринариялық құжаттарды беру ережесіне сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
      5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 432 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 тіркелген) Жануарлардың және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалданғанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық домдау туралы ережесіне сәйкес дауалауға жатады.
      6. Жануарлар мен құстарды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жүк жөнелтуші оларды жүру кезеңіне жемшөп және төсемелермен қамтамасыз етеді.
      7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауы (бұдан әрі - бақылау) оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларды тиеу, түсіру жүргізілетін аумақтың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты жүретін аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен (бұдан әрі - Инспектор) жүзеге асырылады.
      8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиеу кезінде инспектор:
      1) тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық құжаттардың болуына (ветеринариялық құжаттарды толтырудың дұрыстығы (толықтығы), ветеринариялық құжаттарды берушілердің қолдарды және мөрлерінің болуы);
      2) көлік құралдарының жағдайына және температуралық режимнің (көлік құралдары мен өнімнің) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес сақталуына;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын көлік құралдарына дауалау жүргізу туралы куәландырушы құжаттардың болуына;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы мөлшерінің таңбалаудың ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігіне;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің тасымалдау режимі мен жағдайларына ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
      6) тірі жануарлардың орнын ауыстыру кезінде ветеринариялық тексеріп қарауға (таңдамалы термометрияға, тамыр соғысы мен тыныс алуын өлшеуге) бақылауды жүзеге асырады.
      Жануарлар тиеу орындарына (темір жол станциясы, порт, пристань) тиеудің басталуына дейін кемінде 3 сағат бұрын жеткізіледі және тиісті аумақтың Инспекторымен тексерілуге жатады. Инспектор жануардың денсаулық жағдайын, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) мүмкіндігін анықтайды.
      9. Жұқпалы аурулармен ауыратын немесе күмәнді жануарлар мен құстар, ветеринариялық құжаттарға сәйкес келмейтін деректер анықталған немесе ветеринариялық құжаттар болмаған жағдайда Инспектор жүк жіберушінің қатысуымен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау актісін жасайды.
      10. Бақылау нәтижелері бойынша Инспектор ветеринариялық құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиеуге, түсіруге рұқсат берілгендігі туралы белгі жасайды.

2. Жануарлар мен құстарды (бал араларын қоса) автокөлік
құралдарымен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      11. Ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін төсеніш (ағаш үгіндісі, сабан) қабатымен жабылған, кузовтың еденінен 2 метрге дейінгі және қойларды, ешкілер мен шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 метрге дейін биіктіктегі борты бар автокөлік құралы (мал тасығыштар) пайдаланылады.
      12. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарларды келесі тәртіппен орналастырады:
      1) басын алға қаратады және ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, бұқаларды, түйелерді) мықтап байлайды. Тиеудің алдында жылқылардың тағаларын алып тастайды;
      2) байлаусыз, барлық жануарларға автокөлік кузовында жатуға мүмкіндік беретін мөлшерде (екі жасқа дейінгі ірі қара мал төлдерін, шошқа, қой мен қозыларды және басқа ұсақ жануарларды);
      3) құстарды қалың, ылғал өткізбейтін едені, жеткілікті мөлшердегі төсеніші бар және ауа айналымының еркін болуы қамтамасыз етілген торларда тасымалдайды. Торларды қабаттап тиеуге жол беріледі (бірақ төртеуден артық емес).
      13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардың санына тәуелсіз жолсерікпен қоса жүреді. Жануарлардың жолсерігі автокөлік құралының кабинасында немесе жануарлардан оқшауланған арнайы жабдықталған орын болған кезде жануарлардың жанындағы автокөлік құралының кузовында болады.
      14. Жануарларды суару қысқы кезеңде күніне бір реттен кем емес, жазғы кезеңде екі реттен кем емес жүргізіледі.
      Жануарларды автокөлік құралдарында ерекше сақтықпен, қатты жұлқымай және тежемей тасымалдайды (орнын ауыстырады).
      15. Тірі балықты, шаяндарды тасымалдау (орнын ауыстыру) осы мақсатқа лайықталған арнайы ыдыстарда жүзеге асырылады.
      Жүк жіберуші балықты, шаяндарды таза, зиянды қоспалары жоқ және жолда балықтардың, шаяндардың қалыпты тіршілігіне қажетті концентрациядағы оттегісі бар суда жеткізеді. Балықтарды, шаяндарды алыс қашықтықтарға тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші балықтары мен шаяндары бар ыдыстарға суды ауыстыру немесе қосуға жол берілетін пункттерді алдын-ала анықтайды.
      16. Араларды тасымалдау үшін тиісті түрде дайындалған ұяларда, жәшіктерде - пакеттерде, ал пакеттерді ауа айналымына арналған металл торлары бар берік фанералық жәшіктерде тасымалдайды.
      Ұяларды тұғырықтарда тасымалдау кезінде оларды болат лентамен қысып буады, арнайы рамалардың көмегімен екі, үш немесе төрт қабаттап қояды.

3. Жануарлар мен құстарды әуе көлігімен тасымалдау (орнын
ауыстыру) тәртібі

      17. Жануарлар мен құстарды жіберудің алдында жөнелтуші әуе компаниясының өкілімен:
      1) жануарларды тасымалдауда (орнын ауыстыруда) пайдаланылатын ұшақ үлгісін;
      2) ұшақтың қай жүк бөлімінде, және олардың тасымалдануы (орнын ауыстыруы) қандай температуралық режимде жүзеге асырылатынын;
      3) жануарлар мен құстарды тасымалдау үшін қосымша жабдықтардың қажеттілігін және мүккәмалдармен қамтамасыз етілуін (арнайы торлар, төсеме материал түрі, азықтандыру үшін құрылғының) келістіреді.
      18. Ұшақ жабдықтарының зақымдалуының алдын-алу, ластанудың алдын-алу үшін ұшақ еденін брезентпен немесе су өткізбейтін және ылғал сіңіргіш заттары бар басқа материалмен жабады. Барлық қажетті мүккәмал, төсеме материал жөнелтушімен қамтамасыз етіледі.

4. Жануарлар мен құстарды (бал араларын қоса) темір жол
көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      19. Жануарлар мен құстарды вагондарға (-дан) тиеу және түсіру малды тиеу платформаларымен жабдықталған станцияларда жүргізіледі. Жануарларды көпшілік пайдаланатын платформалардан немесе жолдар арқылы алаңдардан тиеуге (түсіруге) жол беріледі.
      20. Жануарлар мен құстарды вагондарда тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жануарларды азықтандыруға, суаруға, күтуге арналған жабдықтарды және құралдарды жүк жөнелтуші ұсынады.
      21. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарларды келесі тәртіппен орналастырады:
      1) жылқылар вагонның көлденең бойына паралельді, бастарымен есік аралық кеңістікке қарай, жолсерік жүруі үшін ортаңғы қатарда шеткі қатарға қарағанда бір жылқы аз орналастырылады. Жылқыларды тағасын алып тастап тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі;
      2) Ірі қара малды ұзына бойы немесе көлденең орналастырылады. Көлденең әдісте, тиеудің алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына 1-2 малға бір шығыршық есебімен бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар бекітіледі. Вагонның екі басында әр қайсысы екі тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына көлденеңінен, вагонның беткі қабырғасына тіреп сөрелер орнатылады. Ірі қара малды тиеуден кейін вагондар есіктерінің ойықтарында торлар орнатылады.
      Ұзына бойы әдісінде есіктегі ойықтарға торларды бекітіп, ірі қара малды вагонның көлденең бойына паралельді, бастарымен есік аралық кеңістікке қаратып орналастырылады.
      22. Әр түрлі жануарлар мен құстарды бір вагонда бірге тасымалдауға (орнын ауыстыруға) оларды бір-бірінен мықты шарбақпен бөлген жағдайда жол беріледі.
      23. Ұсақ жануарларды (атжалмандар, теңіз шошқалары және басқалар) бүйір қабырғасы бойынша үстіңгі тор мен төбенің аралығы кемінде 0,2 метр болатындай бірнеше қабаттап торлар мен жәшіктерде тасымалдайды (орнын ауыстырады). Ұзына бойы орналасқан қабырғаларға жәшіктер мен торларды жануарларға күтім жасау және ауа ағымы болу үшін жол қалдырып орналастырады. Тор және жәшіктердің су өткізбейтін түбі болады және тиелгеннен соң жақсылап бекітіледі.
      Терісі бағалы аңдарды олардың түріне қарай өздігінен ашылу мүмкіндігін жоққа шығаратын мықты тиекті металдан жасалған торлы есіктері бар металл немесе мықты ағаш торларға орналастырады.
      24. Жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде жүру жолында көлік құралдарын тазалауды жолсеріктер жүргізеді және станция бастығымен бекітілген немесе келісілген жүру маршруты бойынша межелі пунктте немесе станцияларда түсіреді.
      25. Тірі балықтарды, шаяндарды таза, зиянды қоспалары жоқ және жолда балықтардың, шаяндардың қалыпты тіршілігіне қажетті концентрациядағы оттегісі бар суда тасымалдайды. Балықтарды, шаяндарды алыс қашықтықтарға тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші балықтары мен шаяндары бар ыдыстарға суды ауыстыру немесе қосуға жол берілетін пункттерді алдын-ала анықтайды.
      26. Араларды тасымалдау үшін тиісті түрде дайындалған ұяларда, жәшіктерде - пакеттерде, ал пакеттерді ауа айналымына арналған металл торлары бар берік фанералық жәшіктерде тасымалдайды.
      Ұяларды тұғырықтарда тасымалдау кезінде оларды болат лентамен қысып буады, арнайы рамалардың көмегімен екі, үш немесе төрт қабаттап қояды.

5. Жануарлардан алынатын өнімдерді автокөлік құралдарымен
тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      27. Жануарлардан алынатын өнімдерді облыс сыртына тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды сақтап, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады (етті қатарлау және асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі).
      Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
      28. Автокөлік құралымен жануарлардың етін тоңазытылған, мұздатылған немесе суыған қалпында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі (кебу қабығы пайда болып, 6 сағат бойы суытылған).
      Жаңа сойылған немесе дефростацияланған (ерітілген) етті тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
      29. Суытылған немесе тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын аралықтарға тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай артуға рұқсат етіледі. Автокөлік кузовының еденін жуады, таза брезент, содан кейін таза мата төсейді.
      Құстың ұшаларын жәшіктерге қатарлайды.
      30. Жұмыскер-жүк тиеушілерге немесе басқа тұлғаларға тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге автокөлік құралының кузовында болуға жол берілмейді.
      31. Етті:
      1) мұнай өнімдерімен немесе өткір иісті заттармен сіңірілген (ластанған);
      2) өткір ерекше иісі бар өнімдермен бірге автокөлік құралдарында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
      32. Балықты суытып, мұздатып, тұздап және дауалаудың басқа түрлерінде тасымалдайды. Тоңазытылған балықты тасымалдауға жәшіктерде немесе бөшкелерде, мұздатылғанды - жәшіктерде, қораптарда, тұздалғанды - бөшкелерде жеткізеді.
      33. Бал араларды ұяларда, жәшіктерде тасымалдайды. Тасымалдауға арналған балауызды таза, алдын-ала ішіне қағаз немесе бір рет пайдаланылатын полиэтилен үлдір айналдыра төселген бөгде иістері жоқ жәшіктерге буып-түйеді.
      34. Сүтті құтыларда, сүтті құюға және төгуге және цистерналарды жууға арналған заттармен жабдықталған изометриялық сүт цистерналарында тасымалдайды.
      35. Жұмыртқаларды берік қораптарда тасымалдайды (орнын ауыстырады). Жұмырқаларды жоңқамен немесе сабанмен буып-түюге жол берілмейді.
      36. Балды бөшкелерде, құтыларда, сондай-ақ эмальданған ыдыста тасымалдайды (орнын ауыстырады).

6. Жануарлардан алынатын өнімдерді темір жол көлігімен
тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

      37. Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалардың және талаптардың (қатарлап және асып қою тәртібі, температуралық режимі, тоңазыту жүйесінің әсері) сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған вагондарды пайдаланады.
      Буып-түюсіз тасымалданатын етті вагонның торлары мен қабырғаларының арасына суық ауаның алмасуына арналған саңылаулар қалдыра отырып, алдын-ала еден торларымен, сондай-ақ қабырғаларды тиеу биіктігіне немесе қағазбен төсеп, тығыз қатарлармен тиейді.
      38. Тоңазытылған және суытылған етті вагондарға ілмекке іліп, ұшалардың, жартылай ұшалардың және ширек ұшалардың өзара, еденмен және вагонның қабырғаларымен үйкелуіне жол бермей тиейді.
      Сиыр етінің жартылай ұшаларын оң жақ жартылары вагондар есіктерінің бір жағында, сол жақ жартылары басқа жағында, ал ішкі жақтары вагонның тік қойылған қабырғаларына қарайтындай асып қояды.
      Сиыр етінің ширек ұшаларын және қой ұшаларын екі қабат қылып асып қояды - сиыр еті мен қой етінің екінші қабатын бірінші қабатқа жіппен асып қояды. Үлкен көлемдегі жартылай ұшаларды немесе ширек ұшаларды шахматтық тәртіппен ілмекке іледі. Мұздатылған еттің сүйегінің жанындағы бұлшық ет қалыңының температурасы тиеу кезінде -8 -12 С-ден артық емес болады.
      Буып-түйілген мұздатылған ет блоктарының температурасы -8 С-ден артық емес, тоңазытылған еттің бұлшық ет қалыңында -0-ден +4 С-ге дейін, салқындаған етте +4-тен + 12 С-ге дейін. Салқындатылған қалыпта сиыр етін, қой етін және жылқы етін тасымалдайды.
      39. Ұзынынан жартылай ұшаларға бөлшектенген шошқа етін сиыр еті мен қой еті сияқты асып қояды.
      Кесілген шошқа еттерін тоңазытылған күйде тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
      Инспектор бұлшық ет қалыңы мен сүйектерде тасымалдауға ұсынылған орындарының кемінде 5%-да температурасын өлшейді.
      40. Өндірістік қайта өңдеуге арналған етті мұздатылған күйінде тасымалдайды (орнын ауыстырады), бұндай ет қандай мақсатта жолданылатыны қоса берілетін құжаттарда көрсетіледі.
      41. Мұздатылған ет және киттердің бауыры температурасы -10оС артық емес блоктарда буып-түйіліп тасымалданады (орнын ауыстырады).
      42. Құс еті ыдыстарда тасымалданады (орнын ауыстырады):
      мұздатылған күйінде - бұлшық ет қалыңдығындағы температурасы -18оС-ден артық емес, тазаланған және жартылай тазаланған;
      тоңазытылған күйінде - бұлшық ет қалыңдығындағы температура 0-ден +4оС-ге дейін.
      43. Үй қоянының ұшалары бұлшық ет қалыңдығындағы температурасы - 6оС артық емес, терісіз, бассыз және ішкі мүшелерісіз (бүйректен басқасы), көгерудің, кілегейленудің, ылғалданудың ізісіз жәшіктерде тасымалданады (орны ауыстырылады).
      44. Субөнімдерін (тілдерді, миларды, еріндерді, жүректі, бауырды, бүйректерді, құйрықтарды, асқазандарды) ұлпа қалыңындағы температурасы - 6оС артық емес, балауса, таза, бұзылудың белгілерісіз тасымалданады (орны ауыстырылады).
      Инспектордың рұқсаты бойынша субөнімдердің аңдарға арналған жемшөп екенін тауарлық - қоса жүретін құжаттарда көрсетіп, жемшөпке арналған брикеттелген мұздатылған субөнімдерді тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жібереді.
      45. Ысталған еттерді саңылаулары бар жәшіктерде тасымалдайды (орнын ауыстырады). Ысталғандарды оларға тамақтық ерітілген майды құйып тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі.
      46. Шикідей ысталған және жартылай ысталған шұжықтар таза құрғақ беткеймен, қабығы зақымдалмай тасымалданады (орны ауыстырылады). Жартылай ысталған шұжықтарды +4оС артық емес температурамен тиейді.
      47. Келесі өлшемдерге сәйкес келетін шпикты тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі:
      1) түсі - ақ немесе сарғаюсыз, қараюсыз немесе басқа реңдерсіз қызғылт реңі бар ақ;
      2) консистенциясы - тығыз, майлы емес, тұтқыр емес;
      3) иісі мен дәмі - балауса, тұздалған немесе тұздап ысталған, тұз және басқа да бөгде дәмдер мен иістерсіз шпикке тән.
      48. Жануарлардың тамақтық ерітілген майлары (сиыр майы, қой майы, шошқа майы және сүйек майы) май өткізбейтін қағазға оралып және 4 С жоғары емес температурадағы жәшіктерге буып-түйіліп ағаш бөшкелерде, қаңылтыр және шыны банкаларда тасымалданады (орны ауыстырылады).
      49. Тұздалған ет кесегі тұздық құйылған бөшкелерде тасымалданады, тұздықтың жарамдылық мерзімі 10 күннен аз болса, тасымалдауға жіберілмейді.
      50. Балықты тасымалдауға тоңазытылған, мұздатылған және тұздалған түрінде ұсынады. Тоңазытылған балықты +1-ден +5 С-ге дейінгі, мұздатылғанды +6 С, мұздатылған креветкаларды, мидияларды, трепангаларды және басқа да теңіз өнімдерін -15 С температурада тасымалдайды. Суық ысталған, қақталған және басқа балықты ыдыспен тасымалдайды.
      51. Тасымалдауға стандартты емес және әлсіз ыдысқа буып-түйілген жұмыртқалар, сондай-ақ қабығының тұтастығы бұзылған және кебудің белгілері бар жұмыртқалар жіберілмейді.
      Жұмыртқа өнімдерін (жұмыртқа меланжы, жұмыртқаның ағы мен сарысы) ақ қаңылтырдан жасалған банкаларда герметикалық жауып, тығыз жәшіктерге қатарлап тасымалдайды. Жұмыртқа өнімдерінің темпераурасы -6 С-ден артық емес.
      52. Сүт және сүт өнімдері темпеатурасы +8 С-ден артық емес балауса күйінде ыдыста тасымалданады. Сүт және сүт өнімдерін өткір иісі бар өнімдермен бірге тасымалдауға тиым салынады.
      53. Балды бөшкелерде, құтыларда, сондай-ақ эмальданған ыдыстарда тасымалдайды (орнын ауыстырады).

7. Жануарлардан алынатын өнімдерді әуе көлігімен тасымалдау
(орнын ауыстыру) тәртібі

      54. Тез бұзылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (ыстық ысталған балық, ұзақ сақтауға шыдамайтын ет және сүт өнімдері, асыл тұқымды жұмыртқалар, ұсақ үй жануарлары, тәуліктік балапандар) әуе көлігімен тасымалданады. Объектілердің ұшаққа жеткізілу уақыты жүк жөнелтушінің аэропортпен келісімі бойынша белгіленеді.
      55. Сапасы, буып-түйілуі және термиялық дауалануы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жануарлардан алынатын өнімдер тиеуге жіберілмейді. Ет және ет өнімдерін тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
      56. Сүтті, қаймақты ұшақтың жүкке арналған үй-жайында белгілеп, мықтап жабылатын құтыларда тасымалдайды.
      57. Жұмыртқалар мықты қораптарда арнайы буып-түю материалдарымен тасымалданады (орны ауыстырылады). Жұмырқаларды жоңқамен немесе сабанмен буып-түюге жол берілмейді.
      58. Суық ысталған, қақталған және басқа балықты ыдыста (жәшіктерде, қораптарда, себеттерде, банкаларда, тұздалғанды - бөшкелерде) тасымалдайды.

8. Жануарлардан алынатын шикізатты (тасымалданатын) объектіледі
темір жол көлігімен тасымалдау тәртібі

      59. Ірі құрғақ терілерді (түйенің, буйволдың) ұзындығы бойынша екіге бүктеп немесе байламай жіппен орап тасымалдайды.
      Тұзсыз құрғақ және тұздалған құрғақ терілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) - қатты немесе жұмсақ ыдыста, сулы тұздалған - ағып кетпейтін бөшкелерде немесе жәшіктерде.
      Тері және өңделмеген тері шикізаты мұздатылған күйінде орны ауыстырылмайды.
      60. Жүн, түк, шаш, мамық және қауырсынды жұмсақ ыдысқа буып-түйіп, ал ұсақ партияларды жәшіктерде немесе мықты жұмсақ ыдыстарда тасымалдайды.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық құжаттардағы жүннің түрі (жуылған немесе жуылмаған), жуудың әдісі (суық немесе ыстық) туралы мәліметтердің болуын тексереді. Жүнді жуу орындарынан жөнелтілетін жүннің әр түгінің фабрикалық маркасы бар.
      61. Құрғақ ішек-қарындарды жәшіктерде, себеттерде немесе мықты жұмсақ ыдысқа оралған түктерде тасымалдайды. Құрғақ тұздалған және сумен тұздалған ішек-қарындарды ағып кетпейтін бөшкелерде немесе жәшіктерде тасымалдайды.
      62. Мүйіздерді, тұяқтарды және сүйектерді жұмсақ бөліктері мен ластан тазартып, жақсылап кептіріп тасымалдайды. Кептірілмеген мүйіздер, тұяқтар және сүйектер тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жіберілмейді.
      63. Жұмсақ бөліктерінен тазартылған шикі сүйек қысқы мезгілде күндізгі уақыттағы ауаның -5оС және төмен температурасында жүкті қабылдаушының мұндай тасымалдауға келіскен жағдайында тауар құжаттамасындағы «Ерекше өтініштер және жөнелту белгілері» бағанында «Шикі сүйекті мұздатылған күйінде тасымалдауға келісемін. Жүк қабылдаушымен келісілді» деген белгі қойып, мұздатылған күйінде тасымалдайды.
      Егер жүк жөнелтуші шикі сүйекті тасымалдауға (орнын ауыстыруға) келіспесе, тасымалдау ветеринариялық құжаттарда оның шыққан жері (асханалық, далалық) туралы белгі қойылып, тез бұзылатын жүк ретінде рефрижераторлық қозғалмалы құрамда жүзеге асырылады.
      64. Далалық сүйектер және тұяқтар тиеудің алдында алдын-ала хлорлық әктің түссіздендірілген ерітіндісімен дауаланады және кептіріледі, бұны ветеринариялық құжаттарда көрсетеді. Асханалық сүйекті далалықпен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
      Мүйіздерді, тұяқтарды және сүйектерді ыдыссыз, жабық вагондарда, ұсақ партияларды қатты ыдыста (жәшіктер, бөшкелер) тасымалдайды (орнын ауыстырады).
      65. Бөлініп алынбаған терілердің кесінділері кенеп қаптарда немесе жәшіктер мен қораптарда тасымалданады.
      66. Шелді жылы мезгілде құрғақ түрінде қаптарда, ал әктік сүтпен консервіленгендерді ағып кетпейтін бөшкелерде тасымалдайды.
      Шелді жылдың суық мезгілінде ауаның нөл градустан төмен температурасында жақындағы желім пісіру зауыттарына тасымалдау жабық вагондарда қатты кесектер түрінде мұздатылған күйінде жіберіледі.
      Шелді ыдыссыз тасымалдауда (орнын ауыстыруда) жүк жөнелтуші вагонның еденін сөндірілмеген әкпен төсейді.
      Кесінділерді және шелдерді ұсақ партиялармен орнын ауыстыру оларды ағып кетпейтін бөшкелерге буып-түю жағдайында жіберіледі.
      67. Қатты немесе жүмсақ өткізбейтін ыдысқа буып-түйілмеген жануарлардан алынатын шикізаттарды ұсақ жөнелтулермен орнын ауыстыруға жол берілмейді.
      68. Мамық пен қауырсынды қап тігетін матаға буып-түйеді.
      69. Эндакриндік шикізатты (ұйқы, қалқанша, қарбалас қалқанша бездері) -12оС артық емес температурада рефрижераторлық вагондарда мұздатылған күйінде тасымалданады (орнын ауыстырады).

9. Тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ауру жануарларды
анықтаған кездегі іс-шаралар

      70. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің арасынан (тиеу, түсіру кезінде, жүру жолында) ауру жануарлар, сондай-ақ жануарлардың өлекселері анықталған кезде Инспекторлар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) партияның қалған жануарларын бөліп алады. Бұл жөнінде тиісті аумақтың Инспекторларына, сондай-ақ жануарлар партиясының шыққан аумағының Инспекторына, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосына хабарлайды.
      71. Барлық жағдайларда ауру жануарлар анықталған кезде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
      72. Жүру жолында немесе жануарларды түсіру орнында өлекселер табылған кезде олардың иесі (жолсерік) өлім-жітімнің себебі туралы қорытынды негізінде тиісті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) шаралар қабылдайтын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жақындағы аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.
      73. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер бөгелудің немесе алынудың барлық жағдайларында Инспектор жүк жөнелтушінің (жүк қабылдаушының) қатысуымен акт жасайды. Актіде қабылданған шектеулердің себептерін (анықталған ауруды), сондай-ақ жүргізілген және жүзеге асырылуға жататын шектеу, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және эпизоотияға қарсы іс-шараларды көрсетеді. Актінің бір данасы акті жасалған орын бойынша Инспекторға, екіншісі - жүк жөнелтушіге (жүк қабылдаушыға) немесе жүктің құжаттарына қоса беріледі.

Қазақстан Республикасы  
      аумағында орны ауыстырылатын
      (тасымалданатын) объектілерді
      тасымалдау (орнын ауыстыру)
      ережесіне 1 қосымша    

Автокөліктерде жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау
кезіндегі температуралық режимдер

№№ Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тиеу кезіндегі температура,оС Кузовтағы температура, оС

1

Мұздатылған ет,
ет өнімдері және балық, жануар майлары, шұжықтар, ысталған, жартылай ысталған

-8 артық емес
 
 
0
0-ден +4-ке дейін

-12 артық емес
 
 
0-ден -3 дейін 0-ден -3 дейін

2

Тоңазытылған ет, құс,
балық

0-ден +4-ке дейін

0-ден -1 дейін

3

Суыған ет

+4-тен +12 дейін

+4-тен -10 дейін

4

Құтылардағы сүт

+5

+5-тен 0 дейін

Қазақстан Республикасы   
аумағында орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілерді
тасымалдау (орнын ауыстыру) 
ережесіне 2 қосымша     

Ұшақтың жүктік үй-жайында ет және ет өнімдерін тасымалдаудың
температуралық режимдері

№№ Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы Тиеудің температуралық режимі, оС Өнімнің ішіндегі температура, оС

1

Мұздатылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті (ұшалар жартылай ұшалар)

-12 артық емес

-6...-8

2

Мұздатылған ет блоктары

-12 артық емес

-3 артық емес

3

Тоңазытылған ет

0...-1

0...-4

4

Суыған ет

0

+4...-12

5

Мұздатылған құс еті

+5

-6 артық емес

6

Үй қояндарының ұшалары (мұздатылған)

-8 артық емес

-6 артық емес

7

Эндокриндік шикізат

-12 артық емес

-12 артық емес

9

Ысталған еттер және шұжықтар

+2 артық емес

+4 артық емес