Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6153 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      2. Егiншiлiкті дамыту және фитосанитариялық қауiпсiздiк департаментi осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің м.а.                                   М. Оразаев

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрдің м.а.
2010 жылғы 25 ақпандағы № 118  
бұйрығымен бекітілген      

Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Селекция жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      2. Осы Ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (келесіде - Мемкомиссия) - өсімдік сорттарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жүргізетін тұқым шаруашылығы саласына өкілетті органның қарамағындағы мекеме;
      2) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі (будан әрі - Мемтізбе) – Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын сорттарды, тұқымдарды қамтитын Мемтізбе;
      3) сорт - шаруашылық және биологиялық қасиеттері, морфологиялық белгілері ұқсас, шығу жағынан тектес, белгілері тұқым қуалайтын және ботаникалық таксонда бірге тұрған өсімдік топтарынан кем дегенде бір белгіден айырмашылығы бар бір дақылдағы өсімдіктер тобы.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      3. Мемтізбені жүргізуді Мемкомиссия жүзеге асырады.
      4. Тізбе Қазақстан Республикасында өсірілетін өсімдік сорттарын жүйелеу мақсатында және олардың ұлттық нарығын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының осы салада халықаралық ынтымақтастыққа кіруіне жағдай жасайды.
      5. Мемтізбеге Мемкомиссия жүргізген мемлекеттік сынақ нәтижелері, өтініш берушінің деректері немесе сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы және отандық және шетелдік селекциялы басқа да өсірілетін өсімдіктердің сорттары енгізіледі.
      Мемкомиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттер жүргізген сынақ нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалана алады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      6. Мемлекеттік сынау нәтижесі бойынша Мемтізбеге енгізілетін сорттардың өнімділігі стандарттардан жоғары болуы, негізгі ауруларға шыдамдылығы олардан төмен болмауы, немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын ерекше шаруашылық бағалы белгілері болуы тиіс.
      7. Тұқым шаруашылығы саласынадағы уәкілетті орган құрған Мемтізбедегі өзгерістерді қарайтын және өзгеріс енгізетін республикалық комиссия, сорттың шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік немесе өтініш берушінің сынақ нәтижелері бойынша Мемтізбеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде шешімдер қабылдау үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныс береді.
      8. Мемтізбеге енгізілетін өзгерістердің тізілімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі және Мемкомиссияның ресми бюллетенінде жарияланады.
      9. Мемтізбе мынадай деректерді қамтиды: сорттың атауы, пайдалануға рұқсат берілген немесе ұсынылған жылы, ұсынылатын облыстар, оригинатордың нөмірі, жеке дақылдар бойынша тиісті кодтармен белгіленген сорттың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Мемтізбенің қосымшаларында, түскен өзгерістер бойынша реттеліп отыратын, күшті бидай мен дәнді дақылдар, жармалық және дәндібұршақтық дақылдар, арпаның сыра қайнататын аса бағалы сорттары, күнбағыстың жоғарымайлы сорттары мен будандары, рапстың эруксіз (0-типті) және эруксіз төменглюкозинолатты (00-типті) сорттарының тізімдері келтірілген.
      11. Мемкомиссия мекеме-оригинаторларға Мемтізбеге енгізілген сорттар мен будандарға авторлық куәлік пен куәлік береді.