"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің м.а. 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 18 қаңтарда N 6738 тіркелді

Қолданыстағы

      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының 7-бөлім 49-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 наурызда № 5573 тіркелген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 ж. наурыз, № 3, 338-б.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемінде:
      4-тармақта:
      1) тармақшада «ұялы байланыс пен» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі - 1 секунд;»;
      5-тармақта:
      1) тармақшада «ұялы телефон байланысы,» деген сөздері алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ұялы байланыс:
      байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде - 1 секунд;
      басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу - 1 секунд;»;
      4) тармақшада «60» саны «30» санына ауыстырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (P.P. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министр С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                Қ. Әбсаттаров

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау
      агенттігінің (Монополияға
      қарсы агенттік)
      Төрағасы
      ____________ Есенбаев М.Т.
      «__» ___________ 2010 жыл 

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің Төрағасы
      _____________ Әбіқаев Н.Ә.
      «__» ___________ 2010 жыл