Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер жөнінде мәліметтер беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және ұсыну мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 28 қазанда № 6607 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы қаулы 2011.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т.).

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және төлемдер бойынша мәліметтерді беру тәртібін, нысандарын және мерзімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесінде:
      тақырыбы «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      «(далее - ЕКНП)» деген сөздер орыс тіліндегі мәтінде алынып тасталсын;
      «ТББЖ-нің кодын» деген аббревиатура және сөздер «төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің кодтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қою тәртібі» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) беру тәртібі, нысаны және мерзімі» деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта «қойылады (№ 1 қосымша)» деген сөздер және цифр «осы Ереженің 1-қосымшасына сай қойылады» деген сөздермен және цифрмен ауыстырылсын;
      12-тармақта «№ 2 қосымшасына» деген сөз және цифр «2-қосымшасына» деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
      18-2-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «ТББЖ кодтарына қатысты жүргізілетін төлемдер жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер тиісінше «Ұлттық Банкке», «Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «, клиринг ұйымдары,» деген сөздер мен тыныс белгілері алынып тасталсын;
      «№» белгісі орыс тіліндегі мәтінде алынып тасталсын;
      екінші бөлікте «төлем бойынша мәліметтерге» деген сөздер «Мәліметтерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      «мәліметтердегі деректердің» деген сөздер «Мәліметтердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
      «19. Мәліметтер Орталық белгілеген хабарлама форматына сәйкес электрондық түрде Ұлттық Банкке беріледі.
      20. Мәліметтерді:
      1) Орталық, Орталықтың банкаралық ақша аударымдары жүйесі (бұдан әрі - банкаралық жүйе) және клиринг жүйесі (бұдан әрі - клиринг жүйесі) арқылы жүргізілген төлемдер бойынша, ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-сінен кешіктірмей;
      2) банктер және «Қазпочта» акционерлік қоғамы береді және Ұлттық Банк есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей қалыптастырады.
      Есепті кезеңде Мәліметтер болмаған жағдайда банктер немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамы бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
      Егер Мәліметтерді беру мерзімі демалыс күнге сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді беру күні болып саналады.»;
      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтіні «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыштағы мәтін «қолдану» деген сөзден кейін «және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      Төлемдер белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
      «1 - Арнайы аударымдар» бөлімінде:
      140-кодтың бірінші және екінші жолдары алынып тасталсын;
      «3 - Салымдар (депозиттер)» бөлімінде:
      321-кодтың бесінші және жетінші жолдары алынып тасталсын;
      324 «Ұзақ мерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу: негізгі соманы және есептелген сыйақыны» кодынан кейін мынадай мазмұндағы 325-кодпен толықтырылсын:
      «325 Банктің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан басқа
           банктегі өзінің корреспонденттік шотына өз қаражаттарын
           аударуы»;
      Ескертудің «3 - Салымдар (депозиттер)» бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Төлем бастамашысында қолма-қол ақшаны банк шотына есептеу және банк шотынан алу көздері мен мақсаттары туралы ақпарат болған кезде төлем белгілеуге сәйкес келетін код көрсетіледі. Бұл ақпарат болмаған кезде 311 және 321 кодтар қойылады.»;
      3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 2 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:
      23 және 23-1-тармақтар алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 906 тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 қаулысымен бекітілген Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 14 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1469 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 24 жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 490 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1766 тіркелген).
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он төрт күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне жіберсін.
      6. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 78 қаулысына қосымша

«Қазақстан Республикасының      
мемлекеттік жіктеушісін — төлем    
белгілеудің бірыңғай жіктеушісін    
қолдану және төлемдер бойынша төлем   
белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде
мәліметтер беру ережесіне      
3-қосымша              

Нысан

______________________________ ұсынады
          (атауы)                

20__жылғы _______________ мәліметтер
   (айы)

Төлемді жүргізу ортасы

Ақша аудару жүйесінің атауы

Төлем белгісі

Алушы банктің БСК, алушы банк клиентінің ЖСК

Бенефициар банктің БСК, бенефициар банк клиентінің ЖСК

Ақша жіберуші

Бенефициар

Толық көрсету

Резиденттік белгі

Экономика секторы

Ел

Резиденттік белгі

Экономика секторы

Ел

Төлем белгілеу коды

Есепті кезеңдегі төлемдер саны

Төлемнің сомасы теңге

Төлем валютасы

Ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Басшы ___________ _____________________________
         (қолы)              (аты-жөні)

Бас бухгалтер ________ ________________________
               (қолы)        (аты-жөні)

Мәліметтерді толтыру жөніндегі түсініктемелер

      1. Орталық беретін мәліметтер төлем туралы мынадай ақпарат кіретін 16 бағаннан тұрады:
      1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасына сәйкес келетін белгі (бұдан әрі - төлем жүргізу ортасының белгісі) көрсетіледі:
      01 - банкаралық жүйе;
      02 - клиринг жүйесі;
      2) 2 және 3-бағандар толтырылмайды;
      3) 4-бағанда алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
      4) 5-бағанда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
      5) 6-бағанда ақша жіберушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;
      6) 7-бағанда ақша жіберуші экономикасы секторының коды көрсетіледі;
      7) 8 және 11-бағандарда «КZ» көрсетіледі;
      8) 9-бағанда бенефициар резиденттігінің белгісі көрсетіледі;
      9) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі;
      10) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі;
      11) 13-бағанда есептік кезеңдегі төлем саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде баған 1 мәнді қабылдайды. Жаңа төлемнің өлшемдері 1, 4 - 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
      12) 14-бағанда төлемнің сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
      13) 15-бағанда «КZТ» көрсетіледі;
      14) 16-бағанда Мәліметтерді толтыру жөніндегі осы түсініктемелердің 3-тармағында көзделген ақша төлемдерін жене аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері белгілерінің бірі көрсетіледі: 01; 02; 03; 04; 05; 06; 07; 08; 09; 10; 11; 17; 18; 19.
      2. Банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы беретін және Ұлттық Банк (бұдан әрі - қаржы ұйымдары) қалыптастыратын Мәліметтер филиалдар мен өкілдіктер ескеріле отырып толтырылады және оның ішінде банк шотын ашпай:
      1) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген;
      2) банкаралық жүйені және клиринг жүйесін (бұдан әрі - ақша аудару жүйелері) қоспағанда, төлем жүйелері арқылы және резидент банктер мен резидент емес банктердің ностро және лоро корреспонденттік шоттары бойынша, оның ішінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын почталық ақша аударымдары бойынша жүргізілген;
      3) қаржы ұйымы мен оның клиенті арасындағы немесе қаржы ұйымының екі клиенті арасындағы, оның ішінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын почталық ақша аударымдары бойынша (бұдан әрі - банкішілік аударымдар) төлемдер бойынша ақпаратты қамтиды.
      Қаржы ұйымдарының мәліметтері төлем туралы мынадай ақпаратты қамтитын 16 бағаннан тұрады:
      1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасының белгісі көрсетіледі:
      03 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шот;
      04 - Қазақстан Республикасы аумағындағы ақша аудару жүйесі;
      05 - шет елге/шет елден ақша аудару жүйесі;
      06 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегіндегі ностро және лоро корреспонденттік шоттары;
      07 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты есептемегенде шет елге/шет елден ностро және лоро корреспонденттік шоттары;
      08 - банкішілік аударымдар;
      09 - «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында ашылған корреспонденттік шоттар;
      2) 2-бағанда Мәліметтер берілетін ақша аудару жүйесінің атауы көрсетіледі;
      3) 3-бағанда төлем түрлеріне сәйкес келетін белгі (бұдан әрі - төлем белгісі) көрсетіледі:
      01 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ақша аудару жүйелері арқылы жіберген төлем, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында ашылған корреспонденттік шоттар;
      02 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ақша аудару жүйелері арқылы алған төлем және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында ашылған корреспонденттік шоттар;
      03 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ностро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем;
      04 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ностро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем;
      05 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы лоро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем;
      06 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы лоро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем;
      07 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының ностро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
      08 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының ностро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
      09 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының лоро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
      10 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының лоро корреспонденттік  шотына ақшаны басқа да есептеуі;
      11 - банкішілік аударым. Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы әрі алушы банк, әрі бенефициар банк болып табылады.
      Төлемнің «01» және «02» белгілері төлем жүргізу ортасының «04», «05» және «09» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «03» - «10» белгілері төлем жүргізу ортасының «03», «06», «07» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «11» белгісі төлем жүргізу ортасының «08» белгісі бойынша толтырылады;
      4) 4-бағанда банктер және «Қазпочта» акционерлік қоғамы алушы банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді, алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.
      Ұлттық Банк Мәліметтерді қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда алушы банктің банктік сәйкестендіру кодын және алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер бойынша алушы банктің банктік сәйкестендіру коды ғана қойылады.
      Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы шет елден алған төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды қойылады.
      Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде Мәліметтердің 4-бағаны толтырылмайды.
      5) 5-бағанда банктер және «Қазпочта» акционерлік қоғамы бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді, бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.
      Ұлттық Банк Мәліметтерді қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын және бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер бойынша бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды ғана қойылады;
      Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы шет елге жіберген төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды қойылады.
      Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған жағдайда Мәліметтердің 5-бағаны толтырылмайды;
      6) 6-бағанда ақша жіберушінің резиденттік белгісі көрсетіледі.
      Қаржы ұйымы алған төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жіберушінің резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 6-бағаны толтырылмайды;
      7) 7-бағанда ақша жіберуші экономикасы секторының коды көрсетіледі.
      Қаржы ұйымы алған төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жіберушінің экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 7-бағаны толтырылмайды;
      8) 8 және 11-бағандарда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес азаматтығының елі (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның/филиалдың/ өкілдіктің тіркелген елі (заңды тұлғалар үшін) көрсетіледі.
      Егер аудару үшін негіздеме болып табылатын құжаттарды ұсыну талап етілмеген немесе ұсынылған құжаттарда азаматтық немесе тіркеу елі көрсетілмеген жағдайда:
      8-бағанда қаржы ұйымы алған төлемдер бойынша төлем алынған ел қойылады;
      11-бағанда қаржы ұйымы жіберген төлемдер бойынша төлем жіберілген ел қойылады.
      Ел ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің атауы мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Елдердің кодтары» деген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі. Халықаралық қаржы ұйымдары бойынша төлемдерді көрсеткен кезде «Халықаралық қаржы ұйымдары» ZZ коды қойылады;
      9) 9-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі.
      Қаржы ұйымы жіберген төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 9-бағаны толтырылмайды;
      10) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі.
      Қаржы ұйымы жіберген төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 10-бағаны толтырылмайды;
      11) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі. Корреспонденттік шоттар бойынша келіп түскен халықаралық төлемдерді көрсеткен кезде Мәліметтердің 6, 7, 12-бағандарын корреспондент банктің төлем құжаттарының және төлем үшін негіздеме болып табылатын өзге құжаттардың негізінде Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы толтырады;
      12) 13-бағанда есепті кезеңдегі төлемдер саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде баған 1 мәнін қабылдайды. Жаңа төлемнің өлшемдері 1 - 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мэн 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
      13) 14-бағанда төлемнің сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі. Егер төлем шетел валютасымен жасалатын болса, ол бойынша мәліметтер төлем жасау кезіндегі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге қайта есептеліп беріледі;
      14) 15-бағанда төлем валютасының коды ҚР МЖ 07 ИСО 4217 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;
      15) 16-бағанда осы Мәліметтерді толтыру жөніндегі түсініктемелердің 3-тармағында көзделген ақша төлемін және аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерінің мынадай белгілерінің бірі көрсетіледі: 01; 02; 03; 04; 05; 06; 07; 08; 09; 10; 11; 12; 17; 18; 19.
      Алынған төлемдер бойынша «20» белгісі көрсетіледі.
      3. Ақша төлемі және аударымдарын жүзеге асыру тәсілінің белгісі ақша төлемін және аударымдарын жүзеге асырудың мынадай қолданылған тәсілдеріне байланысты айқындалады:
      01 - төлем тапсырмасын ұсыну (клиенттердің және қаржы ұйымының төлем тапсырмалары, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы бағалы қағаздар үшін есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бастама жасаған төлем тапсырмалары орындалған жағдайда көрсетіледі);
      02 - төлемдік талап-тапсырманы ұсыну;
      03 - бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банк шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімін ұсыну;
      04 - дебитордың банк шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімін ұсыну;
      05 - бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банк шотына ұсынылған кеден органының инкассалық өкімін ұсыну;
      06 - тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектерді, жол чектерін беру (чек ұстаушыға тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектер төленген жағдайда, сондай-ақ, қолма-қол ақша алуға арналған чектерді қоспағанда, жол чектері төленуге қабылданған жағдайда көрсетіледі);
      07 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банк шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімін ұсыну;
      08 - төлем хабарламасын ұсыну;
      09 - әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің банк шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімін ұсыну;
      10 - атқару парақтарының негізінде инкассалық өкімді ұсыну;
      11 - банк шотын тікелей дебеттеу (банк шотын тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға ақша жіберушінің алдын ала келісімі болған жағдайда банк шотын тікелей дебеттеу шартына, банк заемы шартына, банк шоты шартына және басқа құжаттарға сәйкес жүзеге асырылған төлемдер орындалған жағдайда көрсетіледі);
      12 - төлем ордерін ұсыну;
      17 - почталық ақша аударымдары;
      18 - банкоматтар арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
      19 - ақша төлемі немесе аударымдарын жүзеге асырудың өзге де тәсілдері.