Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 440 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6605 болып енгізілді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т.)

      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б.Е. Қазбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысына (Ж.М. Қасымбек) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               А. Бектұров

Қазақстан Республикасы Көлік 
және коммуникация министрінің
2010 жылғы 29 қыркүйектегі 
№ 440 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 тіркелген, «Ресми газеттің» 2002 жылғы 31 тамыздағы № 35 санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесінде:
      көрсетілген Ереженің 4-қосымшасындағы:
      «СТН (ЖСН,БЖН)» деген аббревиатуралар «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы № 13-2-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2748 тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 10 сәуірдегі № 15 (171) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында:
      көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      «РНН» деген аббревиатура «ИИН/БИН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 6-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      «РНН» деген аббревиатура «ИИН/БИН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 9-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      «РНН» деген аббревиатура «ИИН/БИН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, № 2810 болып тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 2 қазандағы № 40 (196) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, № 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      көрсетілген Ереженің 2-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
      4. «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде, «Заң газетінде» жарияланған 2005 жылғы, № 3-8):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі нұсқаулығында:
      көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы:
      Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шартында:
      6.6-тармақтағы:
      тапсырыс беруші реквизиттеріндегі:
      «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      орындаушы реквизиттеріндегі:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау туралы шартқа қосымшасында:
      тапсырушы реквизиттеріндегі:
      «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      орындаушы реквизиттеріндегі:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН/БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 9-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 10-қосымшасындағы:
      «СТН» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
      5. «Темір жол көлігімен жүк тасымалдау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің  2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3294 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған 2005 жылғы мамыр, № 14, 86-құжат; 2005 жылғы маусым, № 15, 89-құжат; 2005 жылғы шілде, № 16, 118-құжат; 2005 жылғы тамыз, № 17, 133-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен жүк тасымалдау ережесiнде:
      29-тармақтың бесінші абзацындағы «СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)» деген сөздерді және аббревиатураны «ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)» деген сөздермен және аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      353-тармақтағы «, СНТ-ді» деген аббревиатура алып тасталсын;
      864-тармақтың екінші абзацындағы «, және салықшы куәлігінің көшірмесі» деген сөздер алып тасталсын.