"Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 431 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6599 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы 344-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3931 болып тіркелген «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239 (973) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 31-жолдың үшінші бағанындағы «26020000» деген «26170000» деген сандармен.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Б.Қ. Уандықов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынылуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы                    Д. Көтербеков