РҚАО-ның ескертуі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Шаруа (фермер) қожалықтарының №____ есеп кітабы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі бес жылда бір рет) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Шаруа (фермер) қожалықтарының №____ есеп кітабы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі бес жылда бір рет) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Күрішбаев ___________
2010 жыл
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 279 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 279 бұйрығына 1-қосымша |
||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 1 |
||
Статистикалық нысан коды 1827114 |
Шаруа (фермер) қожалықтарының №______ есеп кітабы (2011 – 2015 жылдарға арналған)
|
||
1-фермер |
|||
________________________________________________________________ |
|||
Кітапқа ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің аумағында тіркелген барлық шаруа (фермер) қожалықтары жазылады |
Шаруа (фермер) қожалығы басшысының тегі, аты, әкесінің аты
__________________________________________________________ Фамилия, имя, отчество главы крестьянского (фермерского) хозяйства
Шаруа (фермер) қожалығы басшысының жынысын көрсетіңіз (белгі қойыңыз) _ _
Е (ер) |_| Ә (әйел) |_|
Укажите пол главы крестьянского (фермерского) хозяйства (поставьте галочку) _ _
М(мужской) |_| Ж (женский) |_|
Шаруа (фермер) қожалығының құрылған жылы______________________ Год образования крестьянского (фермерского) хозяйства
Шаруа (фермер) қожалығының атауы_______________________________ Наименование крестьянского (фермерского) хозяйства
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)________________________ № (жер кадастры кітабы бойынша) ______________________________ Регистрационный номер налогоплательщика (РНН)
(по земельно-кадастровой книге)
Бизнес-сәйкестендірме нөмірі (БСН) ____________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________ Бизнес идентификационный номер (БИН)
Индивидуальный идентификационный номер (ИИН)
Шаруа (фермер) қожалығының негізгі мекенжайы__________________
Адрес головного крестьянского (фермерского) хозяйства
Шаруа (фермер) қожалығы филиалының мекен-жайы_________________
Адрес филиала крестьянского (фермерского) хозяйства
Шаруа (фермер) қожалығы басшысының тұрғылықты жері___________
Постоянное местожительство главы крестьянского (фермерского) хозяйства
Шаруа (фермер) қожалығы негізгі қызметінің негізгі бағыты____ Основное направление деятельности крестьянского (фермерского) хозяйства
Басқа да қызмет түрлері (қандай екенін көрсету)______________
Другие виды деятельности (указать какие)
1. Шаруа (фермер) қожалығының құрамы туралы мәліметтер
Сведения о составе крестьянского (фермерского) хозяйства
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 |
Шаруа (фермер) қожалығының ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс істейтін мүшелері – барлығы, адам |
|||||
2 |
оның ішінде әйелдер |
|||||
3 |
Жұмысқа тартылған жалдамалы қызметкерлер, адам |
|||||
4 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде және де басқа қызмет түрлерінде жұмыс істейтіндер – барлығы, адам |
|||||
2. 1 қаңтарға негізгі қорлардың құны, мың теңге |
||||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны |
|||||
2 |
Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының құны |
|||||
3 |
Ауылшаруашылығына арналған жерлердегі ғимараттар мен имараттардың құны/ |
3. 1 қаңтарға ауылдық (селолық), кенттік округтың шегінде және шегінен тыс жалға берілген (жалға алынған) шаруа (фермер) қожалықтарының пайдаланымындағы жерлер
Земля, находящаяся в пользовании крестьянского (фермерского) хозяйства, сданная (взятая) в аренду в пределах и вне пределов аульного (сельского), поселкового округа на 1 января
№ р/с |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
||||||
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||
1 |
А. Ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланатын жерлердің барлығы, га (0,1-ге дейінгі дәлдікпен) |
||||||||||
2 |
одан: |
||||||||||
3 |
егістіктік |
||||||||||
4 |
көпжылдық екпе ағаштар |
||||||||||
5 |
пішендік |
||||||||||
6 |
жайылы |
||||||||||
7 |
тыңайған жерлер |
||||||||||
8 |
жалға берілген жерлер* |
||||||||||
9 |
жалға алынған жерлер* |
||||||||||
10 |
Құрылыстар мен имараттардың жерлері, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса/ |
*) Егер жер жалға берілген (немесе алынған) болса, онда «Қосымша мәліметтер» бөлімінде кімге (немесе кімнен) берілгенін (немесе алынғанын) көрсету керек
Если земля сдана (или взята) в аренду, то в разделе «Дополнительные сведения» следует указать кому она сдана (или у кого взята)
1 шілдедегі (ағымдағы жылға астыққа арналған егіс алаңы туралы деректер шаруашылықтың ересек мүшелерінен сұрау негізінде жазылады) |
||||||||||||
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|||
10 |
Б. Барлық егістік алаңы, га (0,1-ге дейінгі дәлдікпен) |
|||||||||||
соның ішінде: |
||||||||||||
11 |
дәнді дақылдар |
|||||||||||
12 |
одан: |
|||||||||||
13 |
||||||||||||
14 |
||||||||||||
15 |
||||||||||||
16 |
майлы дақылдар |
|||||||||||
17 |
одан: |
|||||||||||
18 |
темекі |
|||||||||||
19 |
қант қызылшасы |
|||||||||||
20 |
шитті мақта |
|||||||||||
21 |
сабан және жем |
|||||||||||
22 |
көкөніс |
|||||||||||
23 |
одан: |
|||||||||||
24 |
||||||||||||
25 |
||||||||||||
26 |
картоп |
|||||||||||
27 |
қауындар және қарбыздар |
|||||||||||
28 |
гүлдер |
|||||||||||
29 |
басқа да дақылдар (көрсету) |
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||||
3 |
||||||||||||
4 |
||||||||||||
30 |
Көп жылдық дақылдар/Многолетние культуры |
|||||||||||
31 |
одан: |
|||||||||||
32 |
шекілдеуікті және дәнекті жемістер |
|||||||||||
33 |
одан: |
|||||||||||
34 |
||||||||||||
35 |
өзге де жемістер және жидектер |
|||||||||||
36 |
В. Су қоймаларындағы су бетінің жалпы алаңы, шаршы м. |
|||||||||||
37 |
Одан ауланған балық, кг |
4. Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)/
Скот, являющийся личной собственностью хозяйства (голов)
№ р/с |
Малдардың түрі және топтары |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||||
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||
1 |
Сүтті табынның ірі қара малы |
||||||||||
2 |
соның ішінде: |
||||||||||
3 |
бұқалары |
||||||||||
4 |
қысыр малдары |
||||||||||
5 |
1 жастан және олардан үлкен бұқашықтары |
||||||||||
6 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
7 |
1 жасқа дейінгі өгізшелер/ |
||||||||||
8 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
9 |
2 жастан асқан құнажындары |
||||||||||
10 |
1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажындарытелки от 1 года до 2 лет |
||||||||||
11 |
1 жасқа дейінгі құнажындары |
||||||||||
12 |
Өзге де ірі қара мал мен енекелер |
||||||||||
13 |
соның ішінде: |
||||||||||
14 |
бұқалары |
||||||||||
15 |
қысыр малдары |
||||||||||
16 |
1 жастан және олардан үлкен бұқашықтары |
||||||||||
17 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
18 |
1 жасқа дейінгі өгізшелер/ |
||||||||||
оның ішінде өгізшелер |
|||||||||||
20 |
2 жастан асқан құнажындары |
||||||||||
21 |
1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажындары |
||||||||||
22 |
1 жасқа дейінгі құнажындары |
||||||||||
23 |
Өгіздер |
||||||||||
24 |
|||||||||||
25 |
|||||||||||
26 |
Барлық тұқымды қойлар – барлығы |
||||||||||
27 |
соның ішінде: |
||||||||||
28 |
саулық қойлар |
||||||||||
29 |
1 жастан үлкен ұрғашы тоқтылары |
||||||||||
30 |
1 жастан үлкен ұрғашы ісектер |
||||||||||
31 |
1 жасқа дейінгі үлкен тоқты ісектер |
||||||||||
32 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі еркек тоқтылар |
||||||||||
33 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі ұрғашы тоқтылар |
||||||||||
34 |
6 айға дейінгі қозылар |
||||||||||
35 |
олардан қаракөл - қойлары |
||||||||||
36 |
соның ішінде: |
||||||||||
37 |
саулық қойлар |
||||||||||
38 |
1 жастан үлкен ұрғашы тоқтылары |
||||||||||
39 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі еркек тоқтылар |
||||||||||
40 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі ұрғашы тоқтылар |
||||||||||
41 |
6 айға дейінгі қозылар |
||||||||||
42 |
Ешкілер |
||||||||||
43 |
соның ішінде: |
||||||||||
44 |
ешкілер |
||||||||||
45 |
1 жастағы және олардан үлкен ешкілер |
||||||||||
46 |
1 жасқа дейінгі ұрғашы лақтар |
||||||||||
47 |
1 жасқа дейінгі еркек лақтар |
||||||||||
48 |
Жылқылар |
||||||||||
49 |
соның ішінде: |
||||||||||
50 |
биелер |
||||||||||
51 |
аттар |
||||||||||
52 |
1 жастан 3 жасқа дейінгі дөнендер жеребцы от 1 года до 3 лет |
||||||||||
53 |
1 жастан 3 жасқа дейінгі байталдар кобылки от 1 года до 3 лет |
||||||||||
54 |
1 жасқа дейінгі құлындар |
||||||||||
55 |
Есектер |
||||||||||
56 |
Қашырлар мен мәстектер |
||||||||||
57 |
Түйелер |
||||||||||
58 |
соның ішінде: |
||||||||||
59 |
буралар |
||||||||||
60 |
3 жасқа дейінгі түйе төлі |
||||||||||
61 |
Шошқалар |
||||||||||
62 |
соның ішінде: |
||||||||||
63 |
мегежіндер |
||||||||||
64 |
4 айдан 10 айға дейінгі қабаншалар |
||||||||||
65 |
4 айдан 10 айға дейінгі қішкентай шошқалар |
||||||||||
66 |
2 айдан 4 айға дейінгі торайларпоросята от 2 до 4 месяцев |
||||||||||
67 |
2 айға дейінгі торайлар |
||||||||||
68 |
Әр түрлі құс |
||||||||||
69 |
олардан: |
||||||||||
70 |
олардан мекиен тауықтар |
||||||||||
71 |
қаздар |
||||||||||
72 |
үйректер |
||||||||||
73 |
күрке тауықтар |
||||||||||
74 |
мысыр тауықтар |
||||||||||
75 |
Өзге де жануарларЖивотные прочие |
||||||||||
76 |
олардан: |
||||||||||
77 |
олардан ұрғашы үй қояндары |
||||||||||
78 |
бөденелер |
||||||||||
79 |
түйеқұстар |
||||||||||
80 |
араның балұясы |
||||||||||
81 |
торда өсірілетін өзге де терісі бағалы аңдар |
||||||||||
82 |
олардан: |
||||||||||
83 |
қара түлкі |
||||||||||
84 |
қара күзен |
||||||||||
85 |
саз құндызы |
5. 1 қаңтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының қолда бары туралы мәліметтер
Сведения о наличии сельскохозяйственной техники и оборудования для переработки продукции сельского хозяйства на 1 января
№ р/с |
Атауы |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
Ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бойынша |
||||||
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
4 |
||||||
5 |
||||||
6 |
||||||
7 |
||||||
Қайта өңдеуге арналған жабдықтар |
||||||
8 |
||||||
9 |
||||||
10 |
6. 1 қаңтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар
Постройки для хранения сельскохозяйственной продукции и содержания скота, другие постройки на 1 января
№ р/с |
Атауы |
өлшем бірлігіединицы измерения |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|||
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар |
|||||||
1 |
бірлік |
||||||
сыйымдылығы, т |
|||||||
2 |
бірлік |
||||||
сыйымдылығы, т |
|||||||
3 |
бірлік |
||||||
сыйымдылығы, т |
|||||||
Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыс |
|||||||
4 |
бірлік |
||||||
мал орнының саны |
|||||||
5 |
бірлік |
||||||
мал орнының саны |
|||||||
6 |
бірлік |
||||||
мал орнының саны |
|||||||
Мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстың бары |
|||||||
7 |
бірлік |
||||||
жалпы сыйымдылығы, текше метр |
|||||||
8 |
бірлік |
||||||
жалпы сыйымдылығы, текше метр |
|||||||
Өсіруге арналған жылыжайлар |
|||||||
9 |
көкөністер |
шаршы м. |
|||||
10 |
гүлдер |
шаршы м. |
|||||
11 |
саңырауқұлақтар |
шаршы м. |
|||||
12 |
шаршы м. |
||||||
Ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған жайлар |
|||||||
13 |
бірлік |
||||||
алаңы, шаршы м. |
|||||||
14 |
бірлік |
||||||
алаңы, шаршы м. |
7. 1 қаңтарға сатып алынатын кооперативтік бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары
Наличие закупочных кооперативных объединений, закупочных центров на 1 января
№ р/с |
Сатып алынатын бірлестіктердің, орталықтардың атауы (дайындаушылар үшін ТАӘ) |
келесі тауарларды сатып алу, тоннамен |
||||||||
астық |
майлы |
жемістеровощи |
жеміс және жидектер |
сүт |
ет |
тері (дана) |
жүн |
өзге ауыл шаруашылық өнімі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
||
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
8. Қосымша мәліметтер
Дополнительные сведения
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
4 |
||||||
5 |
||||||
6 |
Қолдары
Подписи
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
||
1 қаңтарға |
Шаруашылық басшысы |
|||||
Жазуды жүргізген адам |
||||||
1 шілдеге/ |
Шаруашылық басшысы |
|||||
Жазуды жүргізген адам |
Кітапта_______________________ бет нөмірленді және бауланды
В книге страниц пронумеровано и прошнуровано
Қолы __________________________ М. О.
__________________ 20__ ж.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 279 бұйрығына 2-қосымша
«Шаруа (фермер) қожалықтарының № _____ есеп кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың «Шаруа (фермер) қожалықтарының № ____ есеп кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі бес жылда бір рет) статистикалық нысанын толтыру тәртібін нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) шаруа (фермер) қожалығы – ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді өңдеумен және өткізумен үздіксіз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі;
2) бизнес сәйкестендірме нөмірі (БСН) – қызметін бірлескен кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын заңды тұлға мен жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған бірегей нөмір;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға соның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған бірегей нөмір;
4) ауыл шаруашылығы алабы – ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Оның құрамына егістік, тұрақты дақылдар егілетін жерлер, шабындықтар мен жайылымдар кіреді.
5) егiстiк – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылатын, жүйелі өңделіп отыратын ауыл шаруашылығының пайдалы жерлері, оған көпжылдық шөптерді егетін, жерлер мен таза сүрі жерлер де кіреді;
6) көп жылдық екпелер – жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, қолдан отырғызылған (орман ауданысыз) немесе шөптік көп жылдық өсімдіктер, жасанды бұта екпелеріне пайдаланылатын ауыл шаруашылығы алабы. Көп жылдық екпелер құрамында бақша, жүзімдік, жидектік, жемісті көшеттіктер, плантациялар бөлініп көрсетіледі.
7) шабындықтар – шөп шабу үшін жүйелі пайдаланылатын жер учаскелері;
8) жайылымдар – мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын (осындай пайдалану негізгі болып табылатын) ауыл шаруашылығы алқаптары, сондай-ақ шабындыққа пайдаланылмайтын және тыңайған жерлерге жатпайтын мал жаюға жарамды жер учаскелері;
9) тыңайған жер – бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және сүрі жерлерге әзiрленбеген жер учаскесi;
10) егістік жерлер – ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы. Оның құрамына, қысқы солғандарын есептен шығарып тастағандағы өткен жылғы егілген күздіктер, дербес ауданға, соның ішінде солған күздіктердің орнына қайта себілгендерді қоса, ағымдағы жылы егілген жаздық дақылдар және берілген жылы егілген көпжылдық шөптер (бүркемесіз), бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптердің биыл жиналатын ауданы, яғни көктемге сақталған шабындық ауданы кіреді.
3. Заңды тұлға құрмай және оның нышандарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар шаруа (фермер) қожалығының субъектілері болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда құрылуы мүмкін:
кәсіпкерлік қызмет жалпы бірлескен меншік базасында құрылған отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы. Жер учаскесін жалдау немесе тұрақты пайдалану құқығын беретін мемлекеттік актіні алу негізінде құрылады;
жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру негізінде құрылған фермер қожалығы. Ауыл шаруашылығы қызметіне патент алу негізінде құрылады;
бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.
4. Статистикалық нысан қатаң түрде осы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Бұл құжаттарда тазартуға және мәтіндік жазбада көрсетілмеген түзетулерге жол берілмейді. Кез-келген түзетулер мен сызып тастау ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің Әкімімен немесе маманымен келісілуі және қолымен расталуы тиіс.
Статистикалық нысанды толтыруды жүргізу қарамағындағы елді мекендері бойынша кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері жүргізеді. Шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітаптары ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікте ақшалай құжаттармен және бағалы қағаздармен тең дәрежеде сақталуы қажет. Олардың сақталуына және жазбалардың уақытылы және дұрыс жазылуына жауаптылық кенттің, ауылдық (селолық), округ әкімдеріне жүктеледі.
Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бес жылда бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітаптарының бетін белгілеуді жүргізеді. Шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабы 1-15 қаңтар аралығында ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікте шаруа (фермер) қожалықтарының басшылары болған кезде толтырылады.
Келесі төрт жылда жылына екі рет ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер жаппай салыстырып тексереді және шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабындағы бұрын жазылған жазуларды нақтылайды. Жазбаларды тексеру және нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 1-15 қаңтарда, 1 шілдедегі жағдай бойынша – 1-15 шілдеде жүргізіледі.
Жекелеген шаруа (фермер) қожалықтарының қамтылмай қалуын болдырмау үшін, ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің бас маманы толтырудан немесе шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабындағы жазуларды жаппай тексеру мен нақтылаудан бұрын ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің аумағында орналасқан барлық шаруа (фермер) қожалықтарының тізімін нақтылайды.
Ірі елді мекендерде ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің бас маманы барлық шаруа шаруашылықтарын 15 күнтізбелік күннің ішінде жеке аралап, осы мерзімде шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітаптардың бетіне белгі қоюды немесе ондағы жазбаларды анықтауды жүзеге асыра алмаса, онда оған көмекке ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің басқа мамандарын қосымша тартады. Тартылған адамдардың барлық жұмысына ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің Әкімі басшылық етеді: ол шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабын оны толтыру немесе ондағы жазуларды тексеру мен анықтау үшін береді; жеке толтырылған (тексерілген) кітаптарды қабылдайды, сонымен бірге жазулардың дұрыс толтырылуын, енгізілген анықтаулардың айқындылығы мен дәлдігін, шаруа қожалықтары басшыларының қолы қойылған ба, бақылайды.
Шаруа (фермер) қожалықтарының жаңа кітаптарына белгі соғу кезінде немесе кітаптарына бұрыннан енгізілген жазуларды тексеріп және анықтау үшін, сондай-ақ осы жұмыстардың бітуіне байланысты мемлекеттік статистиканың аумақтық органдардың мамандары кітаптардың ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің дұрыс және толық толтыруына тексеру жүргізеді және оларда табылған кемшіліктерді жоюға көмектеседі.
Шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітаптарының деректерін: жұмыс істейтіндердің саны, мал есебі, ауыл шаруашылығы техникаларының нақты бары және басқа да көрсеткіштерді алу үшін – статистикалық органдар пайдаланады.
5. Шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабының титульдық бетіне әрбір беттердің нөмірлеріне қарама қарсы белгімен елді мекендердің атауы жазылады, оның әрқайсысында осы елді мекендердегі жеке шаруа (фермер) қожалықтары бойынша мәліметтер орналастырылған. Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабы оларды толтырғаннан кейін тураланып нөмірленеді.
Шаруа (фермер) қожалықтарының басшысы басқа көшеге немесе басқа елді мекенге түрғылықты жайын өзгерткенде, «Шаруа (фермер) қожалықтары басшыларының тұрақты тұратын жері» жолында бұрынғы мекен-жайы сызылып, оған жаңасы жазылады.
Шаруа (фермер) қожалықтарының басшысы сол шаруашылықтың құрамындағы басқа адаммен ауыстырылған жағдайда (мысалы, өлімге немесе басқа себептерге байланысты), шаруа (фермер) қожалықтарының бұрынғы басшысының аты-жөнін сызып тастап, дәлелді құжаттарға сүйене отырып жаңасын жазады.
Егер шаруа (фермер) қожалықтары бірнешеге тарап кетсе, онда бұрынғы шаруашылықтың мекен-жай бөлігін сызып тастап себептерін жазады: «….-ке бөлінді», жерге ие болу туралы жаңадан берілген актінің нөмірі және күні қойылады. Содан кейін жерге ие болу актісі мен басқа да құжаттарға сәйкес, жаңадан құрылған шаруашылықтарды шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабына толтырады.
Егер шаруа (фермер) қожалықтары таратылса немесе шаруашылықтың барлық мүшелері осы әкімшіліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетіп қалса, оның мекен-жай бөлігін сызып тастап, таратылған күні мен себептерін қояды (жерге ие болу құқынан бас тарту, банкротқа ұшырау).
«Қосымша мәліметтер» бөлімінде осы шаруашылық бойынша: «№… шаруашылықтан бөлінді» немесе «№… шаруашылықтан шықты» деген белгілер қойылады және бұрынғы шаруашылық ресімделген бөлім құжатының атауы және күні көрсетіледі.
Негізгі шаруа (фермер) қожалықтарының мекен-жай бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналып берілген жер үлесінің нақты тұрған жеріне сәйкес болуы керек. Егер оның филиалы болса, онда ол «шаруа (фермер) қожалықтары филиалының мекен-жайы» жолында көрсетіледі.
Шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің негізгі бағытына жатуы мүмкін: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе аралас (өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы). Басқа қызмет түрлері болуы мүмкін: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, балық аулау, ара шаруашылығы немесе басқалары (қандай екендерін көрсету).
6. «Шаруа (фермер) қожалықтарының құрамы туралы мәліметтер» бөлімі жылына бір рет толтырылады – 1 қаңтар күні.
1-жол бойынша ауыл шаруашылығы өндірісімен шұғылданатын қызметкерлердің орташа жылдық санын көрсетеді. Оларға жататындар: шаруа (фермер) қожалықтарының барлық жұмыс істейтін мүшелері және шаруа (фермер) қожалықтарына жалданып жұмыс істейтін азаматтар (еңбек келісім-шарты немесе контрактпен қабылданған), сондай-ақ маусымдық жұмысқа тартылғандар.
Қызметкерлердің орташа жылдық санын есептеу үшін есеп айырысу жолымен анықталатын қызметкерлердің орташа айлық санын пайдаланады.
1 мысал. 3–20 мамыр аралығында жалдамалы қызметкерлер 18 күнді жұмыспен өтеді. Мамырдағы жалдамалы қызметкерлер санының жиынтығы, 1 күнде жұмыс істейтіндердің санын осы айдағы жұмыспен өтелген күн санына көбейтумен есептелінеді (5*18=90 адам-күндер). Мамырдағы жалдамалы қызметкерлер санының жиынтығы 90 адам-күнді құрайды, мамырдағы күнтізбелік күннің саны 31, жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны орта есеппен мамырда 3 адамды (90/31) құрады, оған шаруа қожалықтарының тұрақты жұмыс істейтін мүшелерінің санын қосамыз, мысалы 4 адам, сонда 3+4=7 (адам).
Шаруа қожалығының қай айда тіркелгеніне қарамастан қызметкерлердің орташа жылдық саны қызметкерлердің орташа айлық санын жұмыстың барлық айларына қосу арқылы және алынған соманы 12-ге бөлу жолымен анықталады.
2 мысал. Шаруа (фермер) қожалығы 1 сәуірде тіркелген. Тұрақты жұмыс істейтін шаруа қожалықтары мүшелерінің саны 4 адам. Мамырда маусымдық жұмысқа 5 адам 18 күнге және қыркүйекте – 3 адам 10 күнге қабылданған болатын. Қызметкерлердің орташа айлық саны сәуірде 4 адамды, мамырда – 7 адамды (5*18/31+4) құрады, маусым, шілде және тамызда 4 адамнан, қыркүйекте – 5 адам 3*10/30+4), қазан, қараша және желтоқсан 4 адамнан болды. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 3,3 адамды [(4+7+4+4+4+5+4+4+4)/12] құрады.
2 - жол бойынша, жұмыс істейтіндердің жалпы санынан жұмыс істейтін әйелдердің орташа жылдық саны жеке көрсетіледі, ұқсас тәсілмен есептеледі.
3-жол бойынша жалдамалы қызметкерлердің (еңбек келісім-шарт немесе контрактпен қабылданған), сондай-ақ маусымдық жұмысқа тартылғандардың орташа жылдық саны көрсетіледі. [2 мысалыда мамырда 5 адам 18 күнге және қыркүйекте 3 адам 10 күнге тартылды. Жалдамалы қызметкерлердің орташа жылдық саны 0,3 (5*18/31+3*10/30)/12 құрады]
4-жол бойынша тек қана ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен және басқа да қызмет түрлерімен (ауыл шаруашылығынан басқа) шұғылданатын қызметкерлердің орташа жылдық саны көрсетіледі.
7. 1-жол бойынша «1 қаңтардағы негізгі қорлардың құны, мың теңге» бөлімнің Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің органдарына шаруа (фермер) қожалықтарын тіркеу кезінде «Жер учаскелеріне меншік құқығын беретін мемлекеттік актіге» қоса берілетін, «Жер учаскелерінің құнын анықтап есептеу» деректері бойынша жер учаскелерінің бағалау құны көрсетіледі, мың теңгемен.
2-жол бойынша 5 бөлімде көрсетілген ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының жалпы құнын (жүк және жеңіл автомобильдердің құнынсыз) тозғанды шегеріп, ағымдағы жылғы бағада көрсетіледі, мың теңгемен.
8. «1 қаңтардағы ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағының шегінде және шегінен тыс жерде жалға алынған шаруа (фермер) қожалықтарының меншігіндегі жер» бөлімнің А бөлігінде иелік етуге немесе уақытша пайдалануға алынған жалпы жер алаңы (үй шаруашылықтары бойынша есепке алу кітабында ескерілетін үй жанындағы учаскелерден басқа – № 1 нысан), шаруа (фермер) қожалықтарын тіркеу кезінде алынған жерді пайдалану құқығы актісі негізінде толтырылады және 1 жолға қойылады. Егер осы жер немесе оның бөлігі жалға берілсе, онда ол алаң 8 жолда көрсетіледі. Егер жер алаңының актісі бойынша тіркелгеннен басқа жер қосымша жалға алынса, онда осы алаңды 9 жолда көрсету керек. Жер бойынша барлық көрсеткіштер гектармен толтырылады.
Жер шаруашылық меншігінде болған жағдайда ғана 8, 9 жолдар толтырылады. Егер жер жалға алынған болса (соның ішінде ұзақ мерзімді) 8 және 9 жолдар толтырылмайды.
2 жол бойынша ауыл шаруашылығының пайдаланымындағы жерлерге егістіктер, көпжылдық екпе ағаштар (орман қорғау жолақтарынан басқа), шабындықтар, жайылымдар және тыңайған жерлер жатады. 2, 4, 6, 8 және 10 бағанында селолық округтың шегінен тыс, бірақ сол шаруа (фермер) қожалықтарының иелігіне жататын барлық жерлер көрсетіледі.
Б бөлігінде ағымдағы жылы астыққа арналған егіс алаңы шаруашылық басшысын (немесе шаруашылықтың ересек мүшелерін) сұрау арқылы толтырылады.
10 жол бойынша қатараралық бақтардағы егістерге тиісті дақылдардың егіс алаңының қорытындысы және барлық егіс алаңының қорытындысы кіреді. Қатараралық жыртылып өндірілетін дақылдардың егістігі, сондай-ақ егіс алаңына қайталап егілетіндер (аңыздықтар) кірмейді. Егістік алаңына есептелмейтіндер: ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген егістік, бақшалардың егістік алаңы, жидекті дақылдар, жасыл гүлзарлар, сүрлеулер және басқа да алаңдар.
11-жолдан 12, 13, 14, 15-жолдар бойынша есепті жылы егілген дәнді дақылдардың түрлері бойынша егістіктер белгіленеді. Жүгері егісіне сүрлем мен жасыл азыққа пайдаланатын, сүттенгенге дейінгі балауыз, сүтті-балауыз және балауызданып піскендерді алып тастағанда, толық піскен жүгерінің дәні кіреді. Бұл дақылдар азық дақылдары бойынша 21-жолда көрсетіледі.
«Картоп» 26-жолы бойынша себу мерзімі мен оның бағытына қарамастан картоптың барлық алаңы көрсетіледі.
«Көкөністер» 22-жолы бойынша ашық топырақтағы егістер көрсетіледі. Ашық топырақтағы көкөністерге қырыққабат, қияр, қызанақ, қызылша, асханалық сәбіз, бас пияз, жасыл бұршақ, бұрыш, шомыр, тарна, шалғам, баялды, кәді, асқабақ, жасыл дақылдар (көк жуа, ақ сүттіген, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, қымыздық, саумалдық, рауғаш, кинза) және басқа да көкөністер жатады.
16, 17, 18, 19, 20, 27, 29-жолдары бойынша тиісінше майлы дақылдардың, оның ішінде күнбағысқа, темекіге, қант қызылшасына, мақта, бақша және басқа да дақылдарға арналған алаңдар көрсетіледі. Күнбағыс егісіне ағымдағы жылы өндірілген егістер, сондай-ақ қыстың алдында өндірілген күнбағыстың дәнге сақталған егістері кіреді. Күнбағыстың сүрлемдік егістері бұл көрсеткішке кірмейді. Қант қызылшасы бойынша (фабрикалық) өнімдері қант және басқа зауыттарда өңделетін қызылша егістері көрсетіледі. Мал азығына арналған қант қызылшасының егістері 19-жол бойынша көрсетіледі. Мақта бойынша мақта егісінің барлық нақты алаңы есептелінеді, оған көлеңкелеу үшін жағалай отырғызылған тұт ағашының жолақтары, жеке тұрған ағаштардың көлеңкелік алаңдары және т.б. кіреді. «Азықтық дақылдар» 21 жол бойынша барлық азықтық дақылдардың егістері: азықтық дақылдар, тамыр-жемістілер, бақшалық, дәндік және дәнді-бұршақтық (азықтық темір-жемістілер, мал азығына арналған қант қызылшасы, азықтық бақша (азықтық асқабақ, азықтық қарбыз және азықтық кәділер), азықтық жүгері, азықтық қырыққабат), дақылдық себілген пішендіктер және жайылымдар (көпжылдық және біржылдық) және т.б. көрсетіледі. 28-жол бойынша гүл егістігіне арналған алаңдар көрсетіледі, «басқа дақылдар» 29-жол бойынша 11-28-жолдарда көрсетілмеген дақылдар көрсетіледі (зығыр, кәдімгі кенепшөп және рамидан басқа кендір және өзге де тоқыма талшықтар; кәдімгі зығыр және кенепшөп; парфюмерия мен фармацияға арналған өсімдіктер; тірі өсімдіктер өсірілетін алаңдар: жуашық, түбір және тамыр; шегіншектер және шыбықтар; саңырауқұлақ өсіретін жерлер; көкөністердің тұқымдық дақылдарының алаңы).
Көпжылғы ағаштардың алаңдары бойынша деректер жеке көрсетіледі: жүзімдіктер (31-жол), бау-бақшалар (32, 33, 34-жолдар) және жидектер (35-жол).
Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша егіс алаңы туралы деректер жерді үй жанындағы үлеске есептемей қамтиды.
«Су қоймалары су бетінің жалпы алаңы, шаршы м.» 36-жол В бөлігі бойынша тауарлық балықтарды өсіру бойынша қолда бар жеке меншік және бекітілген су қоймаларының барлық алаңдары шаршы метрмен көрсетіледі.
37-жол бойынша «Онда ауланған балықтар, кг» аулаған балықтардың саны килограммен көрсетіледі.
Мына жағдайда, егер су қоймасының алаңы бірнеше округтардың арасында орналасқан болса (1 округтан көп), онда су қоймасының алаңы аудандық жер комитетінің шешімі бойынша кімге бекітілсе сол толтырады. Ал балық аулау барлық округтар бойынша есептеледі.
9. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (бас)» бөлімде шаруа (фермер) қожалықтарын аралау, шаруашылық басшысынан жауап алу және малдарды тірі күйінде есептеу, малдардың фермада (қоныста) болған кезінде жүргізіледі.
Есепті жылғы 31 желтоқсанның түнінде сағат 12-ден кейін сатылған, сойылған немесе өлген малдар, бар малдармен бірге сол шаруашылық бойынша есептелінуі тиіс, ал 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 қаңтарына қараған түні сағат 12-ден кейін алынған төл, және басқа да көрсетілген мерзімнен кейін әкелінген мал есепке кірмейді.
Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша малдардың жалпы санына сол немесе басқа шаруашылықта (және үй шаруашылықтары бойынша есепке алу кітабында ескерілген – № 1 нысан) қызметкерлердің жеке меншігіне жататын мал басы кірмейді.
Ондай мал бар болған жағдайда шаруа қожалығының басшысы селолық округке отарында (табынында) малдары бар азаматтардың тізімін беру керек. Бұл мал шаруашылық жөніндегі кітапқа халықтың малы ретінде жазылады.
Шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабына ол малдардың жайылымда және өрісте не болмаса жұмыста немесе басқа шаруашылықтың қарауында жүргеніне қарамастан шаруашылықтың иелігіндегі барлық мал көрсетіледі.
Егер белгіленген болса, онда шаруа (фермер) қожалығы малды жұртшылық шаруашылығына өсіруге (бордақылауға) береді, ондай жағдайда міндетті түрде осы мал төлдерінің үй шаруашылықтары бойынша есепке алу кітабына кірмегенін анықтау қажет.
Осындай фактілерді тапқан жағдайда малдардың есебін жүргізуші есепші сол туралы аудандық статистика бөлімінің маманына хабарлап етуі тиіс, ол ауылдық (селолық) округтың бас маманымен бірлесіп үй басы тізіміне қажетті түзетулер енгізеді, яғни бұл малды «үй шаруашылық» санатынан алып тастайды.
Бұл жағдайда тағы да бір рет сол мал санының шаруа (фермер) қожалығына енгізілгенін тексеру керек.
Егер шаруашылықта келісім-шарт бойынша бордақылауға қойылған мал болса мұндай малдың саны туралы мәлімет кітапқа жазылмайды.
Егер шаруашылықта сол ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің аумағында тұрмайтын адамның иелігіндегі мал бағуда болса, онда ондай малдың саны туралы мәлімет шаруа (фермер) қожалығының есеп кітабына, яғни «қосымша мәліметтер» бөліміне жазылады.
Малдың есебін жүргізу кезінде малдар мен құстардың түрлері мен жыныс-жас топтары шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабына сәйкес белгіленеді.
Шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітабын қайта толтыру немесе ондағы жазуларды анықтау кезінде өріс, жайылымдарда жүрген малдарды айқындау қажет. Болған жағдайда сол малдың санын «одан басқа» бос жолдарға бөлек жазу керек. Ауылдық (селолық) кенттік әкімшіліктің маманы осы жазуларды ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің жайылымдағы малдар жөнінде жасаған тізімімен салыстыру қажет.
Басқа шаруашылықтардан ұзақ ұстауға қабылданған малдардың есепке алынбай немесе өткізіп алмауды болдырмау үшін, есеп барлық жағдайда малдың тұрған жері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар бұл малдың нақты кімдікі екендігі мұқият тексеріледі.
Осы малдың басқа шаруашылыққа қарайтындығы туралы тексерілген қолда бар деректер болса, ұзақ ұстауға қабылданған малға жазылады, одан бөлек шаруашылықтың айрықша тізіміне қай малдың ұзақ ұстауда жүргендігі, сондай-ақ мал иесінің (шаруа қожалығының басшысы) аты-жөні және нақты мекен-жайы қоса жазылады. Бұл тізімді малды тексеріп және енгізу үшін оның иесі тұратын жері бойынша ауылдық (селолық) округтың маманы пайдаланады. Мына жағдайда, егер мал иесі басқа ауылдық (селолық) округта тұратын болса, онда осы тізімнің деректері шұғыл түрде мал иесі тұратын сол округ бойынша малды тексеріп және енгізу үшін аудандық статистика бөлімінің маманына жіберіледі.
Мал иесінің тұрған жері бойынша мал есепке алынды деген хабарды алғаннан кейін, аудандық статистика бөлімінің маманы малдың алғашқы есебі жазылған қожалық бойынша шаруашылық жөніндегі кітапқа тиісті түзетулер енгізеді.
10. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер» бөлімінің «ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері бойынша» жолы бойынша бос жолдарда:
барлық маркадағы (шынжыр табанды және доңғалақты) тракторлар, соның ішінде машина құрастырылған тракторларды қосқанда;
жүккөтергіштігіне қарамастан, трактор тіркемелерінің бары;
жүк автомобильдерінің;
жеңіл автомобильдердің;
автобустардың;
арнаулы автомобильдердің;
астық жинайтын комбайндардың барлық маркалары мен түрлерінің бары, күріш жинайтынды қосқанда;
тракторлық тұқым сепкіштердің барлық түрлері мен маркілерінің;
арнаулы және жалпы мақсатқа арналған тракторлық соқалар, жалпақкескіш-терең қопсытқыштардың;
тракторлық культиваторлардың барлық түрлері мен маркілерінің (жалпақкескіш-терең қопсытқыштарсыз);
шөптерді, жүгеріні, күнбағысты және басқа да пішендік өсімдіктерді, көк азық пен сүрлемдерді оруға арналған аспалы және жартылай аспалы тракторға тіркелген шалғылар мен орақтар;
құрғатылған тырмалауға немесе жаңа орылған шөпті дестелеуге, орылған шөптерді қопсыту және тезірек кептіру үшін дестелерді айналдыруға, сондай-ақ астықты жинағаннан кейін сабандарды тырмалауға арналған тіркемелі және аспалы трактор тырмаларының бары;
сауын құрылғыларының – сиырлар мен басқа да ауыл шаруашылығы малдарын саууға және сүтті бастапқы өңдеуге арналған бір-біріне байланысты машиналар мен аппараттардың кешені;
қойды, ешкіні, түйені және басқа да малдарды қырқуға арналған электрмен қырқатын агрегаттардың, қолда барын көрсетеді.
Егер шаруашылықта нұсқаулық бөлімінде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы техникасы бар болса, онда сол техниканы да бос жолдарға жазу керек.
«Өнімдерді өңдеуге арналған жабдықтар» жолдары бойынша бос жолдарда астық, мал және құс еті, сүт, көкөністер мен майлы дақылдарды өндіру және ұн өндіру бойынша (диірмен) жабдықтардың нақты барын көрсетеді.
Егер қандай да болмасын шаруашылықтың нұсқаулық бөлімінде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін басқа да жабдықтары болған жағдайда, оны да сол бос жолдарға жазу керек.
11. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар» бөлімде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен ғимараттардың сыйымдылығы, өндіріс алаңдарын толық пайдалану, механикаландыру құралдарын және агротехникалық және өнімдерді сақтаудың техникалық нормасына сәйкес жасанды ортаны жасау есебімен анықталады және төменде келтірілген сақтау орындары, қоймалар немесе ғимараттардың пайдалы алаңдарын орташа салмағы 1 текше м. өнімдерге көбейту жолымен есептелінеді:
Дән күйіндегі бидай |
760 кг |
Дән күйіндегі қара бидай |
690 |
Дән күйіндегі арпа |
625 |
Дән күйіндегі сұлы |
450 |
Картоп |
650 |
Қызылша |
600 |
Пияз |
400 |
Сәбіз |
550 |
Қырыққабат |
360-404 |
Жемістер |
350 |
Сақтау орындары, қойма немесе ғимараттардың толық көлемі, биік (қалың) өнім қабаттарын сақтауға арналған пайдалы алаңдардың мөлшеріне көбейту жолымен есептелінеді. Сақтау орындарының сыйымдылығы (бірмезгілде сақтау) тоннамен есептелінеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстардың саны «бірлік» 1 жолға қойылады. 1 жол бойынша «сыйымдылық, т» бір мезгілде тоннамен сақтайтын барлық сақтау орындары, қоймалар және имараттардың жиынтық сыйымдылығын көрсетеді.
Бос жолдарда сақтау орындарының түрлері көрсетіледі: астыққа, картопқа арналған, ортақ сақтау орындары және басқа да түрлерге арналған.
Көмбелерде сақталатын картоптар мен көкөністер есепке кірмейді.
«Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыс» бөлім 4 жолы бойынша ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналып салынған қора-қопсылардың саны көрсетіледі - «барлығы», ал «мал орындарының саны» 4 жолы бойынша ауыл шаруашылығы малдарын (мал басы) ұстауға арнап салынған барлық қора-қопсылардың жалпы сыйымдылығы көрсетіледі. Осы есеп үшін түрлері бойынша негізгі мақсатқа арналған малдарды ұстау үшін мөлшері шамадағы алаңдар пайдаланылады.
Малдардың түрі |
1 басқа арналған алаң мөлшері (шаршы метр) |
Ірі қара мал және жылқылар |
4 – 5 |
Бұзаулар мен құлындарға арналған |
1,5 – 3 |
Қойлар мен ешкілер |
0,5 – 2 |
Шошқалар |
1 – 7 |
«Мұнай өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылықтардың қолда бары» жолы бойынша мұнай өнімдерін сақтауға арналған тұрақты және жылжымалы металл резервуарлардың қолда бары, бірлікпен және олардың тиісті сыйымдылығы – текше метрмен.
«Өсіруге арналған жылыжайлар» жолдар бойынша көкөністер, гүлдер, саңырауқұлақтар және басқа өсіруге арналған алаңдар бойынша деректер жазылады. Алаң шаршы метрмен көрсетіледі.
«Ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған жайлар» жолы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға арналған жайлардың саны көрсетіледі: күрделі, бейімделген және аспалы, бірлікпен және оларға тиісті алаң шаршы метрмен.
«1 қаңтардағы сатып алынатын кооперативтiк бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары» бөлімінде тауарлар бойынша деректер заттай тұлғалауда толтырылады.
«Қосымша мәліметтер» бөлімінде жалға берілген (немесе алынған) жер туралы деректер, кімге оның берілгені (немесе кімнен алынғаны) көрсетіліп, сондай-ақ басқа да қосымша мәліметтер жазылады.
12. Арифметикалық-логикалық бақылау:
2 жол =8 жолды алып тастағанда 3-9 жолдар қосындысы.