Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 268 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6582 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.
      2) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық нормативтік актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
      3-1-тармақ «жедел-тәртіп құрамы» деген сөздерден кейін «және мекеменің медицина бөлімі қызметкері» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Қоныс-колонияларында сотталғандар медициналық тексерілу және емделу мақсатында денсаулық сақтау мекемелеріне жіберіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Бұрын жазасын өтеген мекемеден тыс қандай да бір себептермен кеткен сотталғанды қабылдау, осы тараудың 3-7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Егер сотталған дене кемшілігіне, науқастығына байланысты немесе оқу мен жазуға үйренбесе, қол қою арқылы ақпаратпен таныса алмаса (мүгедек, көру қызметінің бұзылуы, жоғарғы буындарының жоқ болуы және т.б.), онда ақпарат ауызша түрде ұсынылады;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын тұлғаларға қатысты азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
      Сотталғандарды нәсілі, терісінің түсі, жынысы, тілі, діні, саяси және басқа да сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, отбасылық шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, ЖҚТБ/АҚТҚ жұқтыруы немесе кез келген басқа да жағдайлар бойынша кемсітуге жол берілмейді.»;
      12-3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) қоныс-колониясынан тыс жерде ұялы байланыс құралдарын сақтау және пайдалану. Қоныс-колониясы аумағында олар бақылау өткізу бекетіндегі арнайы тағайындалған құлыптанатын ұяларда сақталады;
      9) дәрігердің белгілеу негізінде қоныс-колониясы әкімшілігінің рұқсатымен берілген есірткі компоненттері жоқ дәрілік препараттардың өз жанында болуына.»;
      12-4-тармақтың 3) тармақшасындағы «сатып алу, алып кіру,» деген сөздер алып тасталсын;
      12-7-тармақтың екінші сөйлеміндегі «жұмыс күшін ұсынуға шарттар» деген сөздер «еңбек шарты (17-қосымша)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-8-тармақта:
      «сотталғандарға рұқсат етілуі мүмкін,» деген сөздерден кейін «отбасы бар,» деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сотталғанның және оның бірге тұратын туысқандарының өтініштері. Сотталғанның өтініші барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерімен және сотталғанның бірге тұратын туысқандарымен қол қойылуы тиіс;»;
      4) тармақшадағы «анықтамалар» деген сөз «қолхаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еңбек шарты.»;
      19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Сотталғандардың жасақпен аптасына кем дегенде бір рет моншада жуыну қарастырылады. Жасақтардың моншада жуыну күні мен уақыты түзеу мекемесі бастығымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітілген кесте арқылы белгіленеді, ал бір сотталғанның жуыну ұзақтығы отыз минуттан кем болмауы керек.»;
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Тамақ нәрі мен құндылығы бойынша бекітілген тамақтану нормаларына сәйкес болуы керек, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды есепке ала отырып дайындалады және беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
      «27-1. Туберкулезден емдеуге арналған емдеу алдын-алу мекемелерінде ұсталатын сотталғандар медициналық көрсеткіштер негізінде емдеуші дәрігердің берген жазбаша рұқсатымен тамақтануды тұратын орындарында (медициналық палаталарда немесе туберкулездің микробактерияларын бөлетін сотталғандар үшін арналған бөлімшелердегі тамақ қабылдау бөлмелерінде) жүзеге асыруы мүмкін.»;
      65-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
      143-тармақ алып тасталсын;
      көрсетілген бұйрыққа 17-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң түзеу мекемелерiндегi және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1719 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық нормативтік актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 13-14, 567-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары (қамау түріндегі жаза өтеу бөлігінде) арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      54-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Сотталғанға өтініштің тіркелуі және адресатқа жіберілуі туралы қолхат ала отырып хабарланады.»;
      4) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерінде ұсталынатын тұлғаларға қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық нормативтік актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 9-10, 544-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерінде ұсталынатын тұлғаларға қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      45-тармақтың 3) тармақшасына:
      «30» деген сан «25» деген санмен ауыстырылсын;
      «өткізілуі мүмкін» деген сөз «өткізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      54-1-тармақта «10 күн» деген сөз «апта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      87-тармақтың 9) тармақшасы «ұялы байланыс» деген сөздерден кейін «қоныс-колониялары аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртібі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 тамыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3062 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртібі ережесіндегі:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларында ұсталынатын тұлғалармен азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және адамның ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер түрлеріне жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларындағы сотталғандарды нәсілдік белгілері, терісінің түсі, жынысы, тілі, діни, саяси және басқа да сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, отбасылық шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, ЖҚТБ/АҚТҚ жұқтыруы немесе кез келген басқа да жағдайлары бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.»;
      10-тармақта:
      «прокурормен » деген сөз «судьямен » деген сөзбен ауыстырылсын;
      «прокурордың немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      51-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Ұйықтайтын орындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы тиіс (бөлме квадратурасы, көзге қауіпсіз жарықтандырылуы, табиғи жарықтандырылуда әдебиеттерді оқуға мүмкіншіліктің берілуі, бөлменің желдетілуі).»;
      110-тармақ «Апелляциялық» деген сөздерден кейін «және кассациялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 141-1-тармақпен толықтырылсын:
      «141-1. Қамауға алынған тұлғалардың туысқандарынан алған медициналық препараттары медициналық көрсеткіштері бойынша және тек қана тергеу изоляторының медицина қызметшісінің бақылауымен қатаң түрде жүзеге асырылады. Туысқандарынан алынған медициналық препараттар, дәрігерлік бөлімде сақталады.»;
      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «143. Медицина қызметкері қамауда ұсталынатын тұлғалардың, соның ішінде тергеу әрекеті немесе сот отырыстарынан тергеу изоляторына келген тұлғалардың, оларда дене зақымдары мен тері және жұқпалы аурулардың белгілерін анықтау мақсатында сыртқы қарауын өткізеді. Жұқпалы аурулардың табылуы барысында, олар дереу оқшауланады, кешенді эпидемияға қарсы шаралар өткізіледі. Дене зақымдарына қарау нәтижелері бойынша акті жасалады.
      Дене зақымдары табылу барысында медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді, бір тәулік мерзімде медициналық куәландыру жасайды, оның нәтижелері қамауға алынған тұлғаның емханалық картасына жазып қойылады. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі қамауда ұсталынатын тұлғаларда дене зақымдары табылуының әрбір фактісі жөнінде бір тәуліктік мерзімде жазбаша түрде жаза өтеу заңдылығын қадағалау және азаматтардың құқығын қалпына келтіру жөніндегі прокуратураға хабарланады.».
      166-тармақ «шағымдық істер» деген сөздерден кейін «және кассациялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3228 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      21-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Ол үшін спорт алаңдары, ғимараттар, құрал-жабдықтар және инвентарь жабдықталады.»;
      109-тармақта:
      «(бөлімшелер, топтар)» деген сөздерден кейін «, ТМ психологы» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ТМ комиссиясының жұмысына қоғамдық бақылау комиссиясының, жергілікті атқару органдарының (аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, Астана қаласы) және депутаттардың өкілдері дауыс беру құқығынсыз қатысуы мүмкін.»;
      120-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «ТМ комиссиясы шешіміне сотталғанның шағым беру құқығын комиссия төрағасы ТМ комиссиясының отырысы күнінде сотталғанға хабарлайды.»;
      152-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Рухани әлсіреген кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандармен қосымша дене жаттығулары және ойындар өткізіледі.».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                           Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 268 бұйрығына қосымша

Түзеу мекемелердің ішкі
тәртіп Ережелеріне   
17 қосымша      

__ нысан

№ ____ еңбек шарты

      ____________________________________ «__» _______ 2010 ж
                  (елді мекеннің атауы)

1. Жұмыс беруші _______________________________________________
                (ұйымның толық атауы, мекен-жайы, тегі, аты-жөні)
20__ жылғы ______ № ______________ заңды және жеке тұлғаның (жеке кәсіпкер) тіркеу туралы куәлігі, СТН (ЖCН, БCН) ____________________, Жарғының (Ереже) негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын _______________________________________________________
атынан _____________________________________________________________,
                               лауазымы
азамат (ша) _________________________________________________________
                            (тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәлігі/ төлқұжаты № ____________, 20____жылғы «__»__________ ҚР ____ берілген, СТН (ЖСН) ______________, ӘЖК __________________, бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын және мекеме Жарғысының негізінде әрекет ететін,______________________________________бұдан әрі «Мекеме» деп
        (мекеменің толық атауы, мекен-жайы)
аталатын, мекеме бастығы __________________ атынан, бір тараптан, төмендегі туралы осы еңбек шартты (бұдан әрі – Шартты) жасасты:

1. Шарттың мәні

2. «Мекеме» ____________________________________________«Қызметкерді»
                         (тегі, аты, әкесінің аты)
«Жұмыс берушінің» ведомствосының қарамағындағы учаскелерінде жұмыстарды орындау үшін жұмысқа орналастырып отыр.
3. «Жұмыс беруші» «Қызметкерге» __________________________________
                                          (лауазым атауы)
лауазымында жұмыс ұсынып, «Қызметкер» лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасы мен «Жұмыс берушінің» актілеріне сәйкес атқарады.
Жұмыстың орындалу орны __________________________________________
                                   (мекен-жай көрсетіледі)
4. «Қызметкердің» еңбек талаптары зиянды, ауыр және қауіпті жағдайлармен байланысты емес және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген еңбекті қорғау бойынша стандарттарға, ережелерге және нормаларға сай болып келеді.

2. Шарттың мерзімі

5. Осы Шарт 20____жылғы «__»____бастап, 20____жылғы «__»____ дейінгі мерзімге жасалды.
6. «Қызметкер» 20____жылғы «__»________ бастап міндеттерді орындауға кірісті.
7. «Қызметкерге» жұмыс талаптарын орындауға сәйкестігін тексеру мақсатында______________________________________ дейін сынақ мерзімі
           (жазбаша түрде күнтізбелік ай/ күндер)
белгіленеді.

3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері

      8. «Қызметкер»:
      1) Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен көзделген тәртіпте және талаптарда еңбек келісімшартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
      2) «Жұмыс берушіден» осы Шарттың талаптарын орындауды талап етуге;
      3) еңбекті қорғау және қауіпсіздікке;
      4) еңбек талаптары мен еңбекті қорғаудың жай-күйлері туралы толық және шынайы ақпаратты алуға;
      5) осы Шарттың талаптарына сәйкес жалақыны уақытылы және толық көлемде алуға;
      6) Кодекс талаптарына сәйкес жұмыс тоқтап қалған кезде ақы алуға;
      7) демалысқа, оның ішінде төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына;
      8) Кодекспен көзделген тәртіпте кәсіби дайындыққа, қайта дайындыққа және өз біліктілігін арттыруға;
      9) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге;
      10) Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыруға;
      11) кепілдікке және өтемақы төлемдеріне;
      12) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
      13) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
      14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестелген жұмыс орнына;
      15) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
      16) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе «Жұмыс берушінің» өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
      17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу себебі бойынша ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
      18) еңбек жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне өзінің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын тексеру туралы өтініш жасауға, сондай-ақ, еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдікпен қатысуға;
      19) «Жұмыс берушінің» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
      20) біліктілікке, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ, еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне құқылы.
      9. «Қызметкер»:
      1) еңбек, ұжымдық, «Жұмыс берушінің» актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
      2) еңбек тәртібін сақтауға;
      3) жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға;
      4) «Жұмыс беруші» мен қызметкерлердің мүліктерін ұқыпты ұстауға;
      5) адамдардың денсаулығына, өміріне немесе мүліктің сақталуына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, сондай-ақ, жұмыс тоқтатылып қалған кезде «Жұмыс берушіге» хабардар етуге;
      6) Кодекспен көзделген талаптарға сәйкес «Жұмыс берушіге» келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

      10. «Жұмыс беруші»:
      1) жұмысқа қабылдауда таңдау еркіндігіне;
      2) Кодекспен көзделген тәртіпте және негіздеме бойынша «Қызметкер» мен «Мекеме» арасында жұмысқа орналастыру туралы шартты өзгертуге, толықтыруға, бұзуға;
      3) өз өкілеттері шегінде актілер шығаруға;
      4) өкілдік ету және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және бірлестік қатарына енуге;
      5) «Қызметкерден» еңбек, ұжымдық талаптарын, еңбек тәртібі ережелерін және «Жұмыс берушінің» өзге де актілерін орындауды талап етуге;
      6) «Қызметкерге» Кодекспен көзделген жағдайларда және тәртіпте көтермелеуге, тәртіптік жаза қолдануға, материалдық жауапкершілікке тартуға және осы туралы «Мекемеге» хабарлауға;
      7) еңбек міндеттемелерін орындау кезінде «Қызметкермен» келтірілген шығынды өтеуге;
      8) еңбек саласында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
      9. «Қызметкерге» сынақ мерзімін белгілеуге құқылы.
      11. «Жұмыс беруші»:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің ұжымдық және еңбек шарттардың, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
      2) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
      3) «Қызметкерге» еңбек шартымен уағдаласқан жұмысты ұсынуға;
      4) «Қызметкерге» жалақыны және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерімен, еңбек және ұжымдық шарттармен, «Жұмыс берушінің» актілерімен көзделген басқа да төлемдерді уақытылы және толық көлемде төлеуге;
      5) «Қызметкерді» «Жұмыс берушінің» актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
      6) «Қызметкерге» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріне, еңбек және ұжымдық шарттарына сәйкес еңбек талаптарын қамтамасыз етуге;
      7) «Қызметкерді» жеке қаражаты есебінен еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен, арнайы киіммен, техникалық құжаттамамен және де өзге де құралдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      8) мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымын орындауға;
      9) жұмысты жалғастыру «Қызметкердің» өміріне, денсаулығына және өзге де тұлғаларға қауіп тудыратын болса, жұмысты тоқтатуға;
      10) «Қызметкерді» міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
      11) «Қызметкердің» еңбек міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға;
      12) «Қызметкерге» жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын ұсынуға;
      13) «Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оның зейнетақымен қамтамасыз етілуіне ақша ұстау және ақша аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
      14) «Қызметкерді» зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек талаптары және кәсіби ауруға ұшырасу мүмкіндігі туралы ескертуге;
      15) жұмыс орындарда және технологиялық процестерде тәуекелдің алдын-алу бойынша шараларды қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, алдын-алу жұмыстарын жүргізуге;
      16) «Қызметкермен» орындалған жұмыс уақытының ұзақтығына, оның ішінде үстеме және ауыр, қауіпті, зиянды (өте зиянды) жағдайларда орындалған жұмысқа нақты есеп жүргізуге;
      17) «Қызметкердің» өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтеуге;
      18) өндірісте орын алған қайғылы жағдайлар мен кәсіби аурулар бойынша тергеу жүргізу, сондай-ақ, мекемедегі қауіпсіздік, еңбек талаптары мен қорғаудың жай-күйін тексеруді жүргізу үшін еңбек бойынша уәкілетті органның және еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, «Мекеменің» лауазымды тұлғаларын, қоғамдық еңбек инспекторларын кедергісіз енгізуге;
      19) «Қызметкермен» жұмысқа барып-келе жатқанда және өндіріс объектісінде болған әрбір қайғылы оқиғаларды тергеу бойынша комиссиясын құруға. Болған қайғылы оқиғалар жөнінде актілер ресімдеу және Н-1 нысаны бойынша есеп жүргізуге. «Жұмыс берушімен» бекітілген Н-1 нысанындағы актінің екі дана көшірмесі «Мекемеге» жіберіледі. Қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу «Мекеме» өкілінің, ал ауыр, өлім жағдайына әкеп соқтырған тергеуге жоғарыда тұрған орган өкілінің қатысуымен жүзеге асыруға;
      20) «Қызметкердің» жұмыс уақыты ішінде еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізуге (спирттік ішімдіктерді қабылдау, жұмыс орнын орынды себепсіз тастап кету т.б. деректерді болдырмау жөнінде). Еңбек тәртібі бұзылған жағдайда «Мекемеге» хабардар етуге;
      21) «Қызметкерді» жұмыс орнына және «Мекемеге» көлікпен жеткізуді қамтамасыз етуге;
      22) «Қызметкер» жұмыс орнынан қашып кеткен жағдайда «Жұмыс беруші» мекемеге ұстауға және алып келуге көмек көрсетеді;
      23) жұмыс орындарды суық мезгілде жылыту құралдармен жабдықтауға, «Қызметкерге» алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі қобдишасымен қамтамасыз етуге;
      24) наряд-тапсырма мерзімін есеп беру айынан кейінгі айдың бірінші күнінен асырмай жабуға. Есеп беру айынан кейінгі айдың үшінші күніне дейін «Мекемеге» сотталғандардың жалақысы туралы тізілімді ұсынуға;
      25) заңнамамен белгіленген шегерулер жүргізілген соң, жалақының қалдық сомасын міндетті түрде Қылмыстық-атқару кодексінің 103 бабы бойынша шегерулерді жүргізу үшін қоныс колонияның депозиттық шотына аударуға міндетті.

«Мекеменің» құқықтары мен міндеттері

      12. «Әкімшілік»:
      1) өндіріс объектілеріндегі сотталғандарды бақылау және қадағалау үшін «Қызметкер» жұмысқа орналасқан объектіге баруға құқылы.
      13. «Әкімшілік»:
      1) «Жұмыс берушімен» ұсынылған есептік қажеттілікке сәйкес, «Жұмыскердің» дер уақытында объектіге шығуын қамтамасыз етуге міндетті.

5. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

      14. «Жұмыскерге»:
      1) аптасына 40 сағаттан аспайтын қалыпты ұзақтықпен екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы бекітіледі;
      15. Жұмыс күні басталу және аяқталу уақыты (ауысымдар) демалуға арналған үзілістер мен тамақ ішу ішкі еңбек тәртібінің ережесімен бекітіледі.
      16. «Жұмыскер» Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен мереке және демалыс күндері мерзімінен артық жұмысқа тартылуы мүмкін.
      17. «Жұмыскерге» негізгі 24 күнтізбелік лауазымы және орташа еңбек ақысының сақталуымен ұзақтығы _____ күн қосымша жыл сайын төленетін еңбек демалысы беріледі.
      18. Жыл сайын төленетін еңбек демалысы «Жұмыскердің» қалауы бойынша бөлініп, тек өндірістік мүмкіншілік есебімен «Жұмыс берушінің» келісімімен ғана пайдалануы мүмкін.
      19. Жыл сайын төленетін еңбек демалысы «Жұмыс берушінің» ұсынысы бойынша және «Жұмыскердің» келісімімен (демалыстан кері шақырылады) тоқтатылады.
      20. Осы Шарт екі тараптың келісімі бойынша «Жұмыскердің» арызы негізінде оған еңбек ақының сақталуынсыз демалыс берілуі мүмкін.

6. Еңбек ақысы

      21. «Жұмыскердің» еңбек ақысы бір айда бір реттен көп емес келесі есеп беру айда ___ төленеді. Бұл кезеңде жұмыс уақытының нормасын толықтай өтеген және еңбек нормасын орындаған (еңбек міндеттемелері) жұмыскердің айлық еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген айлық еңбек ақының ең кіші мөлшерінен төмен болмауы керек.
      22. Жұмыскерге еңбек ақысын төлеу «Мекеменің» жеке шотына аудару жолымен жүзеге асады.

7. Кепілдік және өтем

      23. «Жұмыс берушінің» «Жұмыскердің» қаражаты есебінен кепілдік және өтем төлемі, әлеуметтік жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен және мөлшермен, ұжымдық келісіммен, сонымен қатар осы Шартпен жүргізіледі.
      24. Осы Шартты бұзған немесе тоқтатқан жағдайда «Жұмыскерге» жыл сайынғы қолданылмаған еңбек демалысына пропорционалды өтелген уақыт мөлшерінде өтем төленеді.

8. Еңбекті қорғау

      25. «Жұмыс беруші» «Жұмыскердің» еңбек жағдайында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етеді.
      26. «Жұмыскер» «Жұмыс берушімен» берілген қажетті, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдануға міндетті, бекітілген уақытта медициналық қаралу және тексеруден, жұмыс берушінің актісіне сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімін тексеруден, нұсқаулық беруден өтеді, «Жұмыскер» көрсетілген жағдайларды орындамаған жағдайда жұмыстан шығарылуға жатады, шығарылу уақыты аралығында оған еңбек ақы төленбейді.

9. Шартқа толықтырулар, өзгерістер енгізу және мерзімін
ұзарту тәртібі

      27. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың келісімімен енгізіледі және жазбаша түрде ресімделеді әрі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      28. Осы Шарттың жағдайларын Тараптар бір жақты тәртіппен өзгерте алмайды.
      29. Осы Шарт Тараптардың келісімімен жаңа немесе бұрынғы жағдайлармен мерзімі ұзартылуы мүмкін.

10. Шартты тоқтату немесе бұзу

      30. Осы Шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көрсетілген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе бұзылуы мүмкін.
      31. Осы Шарттың тоқтатылуы немесе бұзылуы «Жұмыс берушінің» бұйрығымен ресімделеді.

11. Шарт тараптарының жауапкершілігі

      32. Жұмысшы осы Шарттың жағдайларын орындамаса:
      1) еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікті, яғни, «Жұмыскер» себебінен оған жүктелген еңбек міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін «Жұмыс беруші» Қазақстан Республиксының заңнамасына сәйкес, тәртіптік жаза қолдануға құқылы;
      2) «Жұмыс берушіге» оның кесірінен келтірілген зияндығы үшін мынадай жағдайларда, «Жұмыскер» мен «Жұмыс беруші» арасында «Жұмыскерге» берілген мүлік және басқа бағалы заттарды сақтауды қамтамасыз етпеуді өзіне толық материалдық жауапкершілікті етіп алу туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қарастырылған басқа да жағдайларда жазба түрдегі келісім бекітілгенде;
      33. «Жұмыс беруші» осы Шарт жағдайларын орындамаған жағдайда:
      1) «Жұмыскерді» өзінің жұмыс орнында еңбек ету мүмкіншілігін заңсыз айыру арқылы келтірілген зияндығы үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қаралған ретпен оның кесірінен «Жұмыскердің» өмірі мен денсаулығына және оның мүлкіне залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілікті;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарастырылған әкімшілік және басқа да жауапкершілікті;

12. Еңбек даулары

      34. Еңбек заңдылығын қолдану мәселесі бойынша аталған Шарттың жағдайларын орындау туралы «Жұмыскер» және «Жұмыс беруші» арасындағы келіспеушілік Шарт Тараптарымен келіссөз жолымен реттеледі. Тараптардың келісімімен реттелмеген еңбек даулары келісу комиссиясында немесе сотта қаралады.

13. Басқа жағдайлар

      35. Кез келген басқа құқықтар, міндеттемелер мен келісімде бекітілмеген Тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      36. Келісім жасағаннан кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыскерді» жұмысқа алу туралы бұйрық шығарылады.
      37. Бұл Келісім қазақ және орыс тілдерінде 4 (төрт) дана болып құрастырылады. Олардың әрқайсының жеке заңдық күші бар, оның ішінде әр тілдегі 1 данасы «Жұмыс берушілер» қызметкерлермен жұмыс істеу бөліміне, 1 – «Жұмыс беруші» есеп тобына, 1 – «Жұмыскерге», 1- «Мекемеге» беріледі.
      38. «Мекеме» мынадай жағдайларда «Жұмыскерді» жұмыстан ішінара немесе толықтай шығарып жібереді:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінен тиісті нұсқау алу;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінде қаралған мерзімін өтеуге байланысты немесе басқа да себептермен сотталғандарды жазасынан босату;
      3) табиғи апаттар;
      4) «Жұмыс берушімен» Шарт міндеттемесінде қаралғанды сақтамау;
      5) «Жұмыскерлер» еңбек тәртібін ұстау және бұзу режимін сақтамау;
      39. Осы Шарттағы 38-тармақтың 2 және 4 тармақшаларында қаралған «Жұмыскерді» жұмыстан шығару кезінде, «Жұмыс беруші» кем дегенде бір апта бұрын жазбаша түрде «Мекемелермен» ескертілуі керек.
      40. Шарттың бітуіне дейін «Жұмыс берушінің» «Жұмыскерге» одан әрі жұмыс беруден бас тарту қажеттілігі пайда болған жағдайда, ол 30 күн бұрын бұл туралы жазбаша «Жұмыскер» және «Мекемеге» ескертуге міндетті.
      «Жұмыс беруші» мен «Жұмыскердің» арасында пайда болған даулы мәселелер өзара тараптардың келісімімен шешіледі. Даулы мәселе шешілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

14. Тараптардың қолдары

Жұмыс беруші                                           Жұмыскер
Мекен жайы:                                            Мекен жайы:
____________________                         _____________________
қолы                                                          қолы
М.Қ.Ж.

Мекеме
Мекен жайы:
____________________
қолы
М.Қ.Ж.

16 жастан төмен «Жұмыскермен» еңбек шартын жасау кезінде еңбек шартына ата-анасының бірі (асыраушысы, қамқоршы) қол қояды.

Бұл Шарттың бір данасын алдым
____________________________________________________________________
                      (Т.А.Ә. толық, қолы, күні)