«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, «Уба–Информ» газетінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 10 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы «Уба-Информ» газетінің № 21 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-77, 2008 жылғы 10 шілдедегі «Уба-Информ» газетінің № 28 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 11 шілдедегі № 10/3–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-79 тіркелген, «Уба–Информ» газетінің 2008 жылғы 1 тамыздағы № 31 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспедегі «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздерінен кейінгі сөздер «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
2) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 13-тармағындағы бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегіне қайта өтініш білдірген тұрғын үй көмегін алушыларды тіркеу, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі әзірлеген кесте бойынша тоқсан сайын жүргізіледі»;
3) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 19-тармағындағы «қайта аттестациялау» сөзі «тіркеу» сөзімен ауыстырылсын;
4) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 24-тармағындағы «қайта аттестациялау» сөздері «тіркеу» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. БАЯНДИНОВ