"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 378-бабына, 387-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына және Түлкібас аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 29 қазандағы "Түлкібас ауданындағы жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімімен бекітілген жерлерді өңірлерге бөлу жобасына (схемасына) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 378-бабында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық ставкілері 50 процентке жоғарылатылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Қасымбек
Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Қалдыкөзов