Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуіріндегі "2009 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау Нұсқауларын бекіту жөніндегі" N 128/4 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 423/11 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 желтоқсанда N 12-7-91 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 68/1 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.02.25 N 68/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес жеке санатты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 10 сәуірдегі "2009 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау Нұсқауларын бекіту жөніндегі" (12-7-89 нөмірлі нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу Реестрында тіркелген, N 36-37-38 2009 жылдың 7 мамырда "Ертіс Нұры" газетінде жарияланған, N 128/4 қаулысына келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Осы қаулымен бекітілген Нұсқаудың:
      3 тармағының 1) тармақшасындағы "отбасылық – демографиялық саясат" сөздерінен кейін, "ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдеріне сәйкес" сөздерімен толықтырылсын;
      3) тармақшасындағы 3.1. тармағы келесідей мазмұнды екінші абзацпен толықтырылсын: "халықтың әлеуметтік осал топтарына облыстық және аудандық газеттеріне жазылу";
      3.1. тармағының 27) тармақшасындағы "тоқсан сайын 2 АЕК мөлшеріндегі" сөздері: "ай сайын 1 АЕК мөлшерінде" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулы оның алғашқы рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Левченко