2009 жылға арналған жеке санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 128/4 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 сәуірде N 84 тіркелген

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі – Нұсқау).
      2. Ауданның қаржы бөлімі әлеуметтік төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынасына таралады.
      4. Осы қаулымен күші жойылды деп танылсын:
      1) аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы "2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау нұсқауларын бекіту жөніндегі" N 6/1 қаулысы. Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-7-62 тіркелген, "Ертіс нұры" газетінің 2008 жылдың 20 ақпандағы N 21-22 жарияланған;
      2) аудан әкімдігінің 2008 жылғы 4 мамырындағы "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы "2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау нұсқауларын бекіту жөніндегі" N 6/1 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 121/4 қаулысы. Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-69 тіркелген.
      5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурызындағы "2009-2011 жылдарға арналған ауданның жеке санатты азаматтарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" N 77/3 қаулысының күші жойылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау және оны үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В.Левченко

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 10 сәуіріндегі
N 128/4 қаулысымен бекітілген

Ауданның жеке санаттағы азаматтарға
әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі
Нұсқауы

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір сұрақтары туралы" N 754 қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша ауданның жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жағдайларын нақтылайды.

2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге
құқығы бар санаттағы азаматтар

      2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерді алуға мына азаматтар құқылы:
      1) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғалар – құжаттандыруды жүргізу үшін;
      2) аз қамтамасыз етілген азаматтар:
      табысына тәуелді емес, онкологиялық аурулары мен жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар емделулеріне мұқтаж;
      табысына тәуелді емес көру шырағы бойынша 1-топтағы мүгедектер;
      созылмалы ауру түрімен ауыратын тұлғалар – орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен;
      3) жалғыз басты, жалғыз тұратын зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) ардагерлері мен мүгедектері "Ертіс нұры" мен "Иртыш" аудандық газеттеріне, "Наш край", "Сарыарқа самалы" мен "Звезда Прииртышья" облыс газеттеріне, "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" республикалық газеттеріне жазылу;
      4) ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектерінің жергілікті монша мен шаштараздарына тегін баруларына;
      5) ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектеріне, соғысқа қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, қайталап неке құрмаған қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, жалғыз бастыларға, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге - аталып өтетін мерекелік күндеріне сәйкес /Жаңа жыл, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Қарттар күні, Тәуелсіздік күн/;
      6) 8 наурызға аудан әкімінің шақыруымен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, 4 және одан көп көпбалалы аналар;
      7) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға бірыңғай бір жекелеген көмек;
      8) Балаларды қорғау күні мен Мүгедектерді қорғау күніне, Жаңа жылға-кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына материалдық көмек;
      9) Ауданға қажетті педагогикалық кадрларды, медициналық қызметкерлерді және басқадай мамандарды даярлау үшін - орта мектеп бітірушілердің отбасына-атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, аз қамтамасыз етілген отбасына және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жоғарғы оқу орындарының (бұдан әрі- ЖОО) 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші курстарының оқыту бөліміне төлем ақы төлеу үшін, интернатура өткен кездегі төлем,тамақтану мен мекенжайына дейін жолақысы, күнкөрісіне ай сайынғы төлем;
      10) 2009-2011 оқу жылынан бастап, орта кәсіби оқу орындарында ( бұдан әрі - ОКОО) оқып жатқан ата-анасының қамқорынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасының студенттеріне ай сайынғы тамақтану мен күнкөрісіне және мекенжайына дейін жолақысының төлемі;
      11) ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері:
      1) дәрі-дәрімек алуларына ай сайынғы көмек;
      2) аудан әкімінен Жеңіс күніне орай сыйлықтар;
      3) тұрғын үй жөндеуіне;
      4) телефонға абоненттік төлем;
      5) ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ААҚ) "Ертіс жолаушы автокөліктік кәсіпорын" анықтамасы бойынша, жолақы билетіне байланысты емес жылына бір рет облыс орталығына дейін барып қайту жолына төлем;
      6) жол жүру құжаттары бойынша Республикалық госпиталға баруына жолақысының төлемі;
      7) тістерін протездеуге;
      8) мерей тойларына.
      12) мектепке дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына жаңа оқу жылына материалдық көмек;
      13) 80, 90, 100 жастан асқан зейнеткерлердің-Қарттар күнінің аталып өтуіне байланысты;
      14) ауданның Құрметті азаматтардың ішіндегі зейнеткерлеріне- Конституция күні, Наурыз мейрамы, Республика күні, Тәуелсіздік күні;
      15) денсаулық сақтау Департаментінің жолдамасы бойынша Республика көлеміндегі өкпе ауруымен ауыратындарға жүріп тұру жолына төлем, дәрігердің жолдамасы бойынша облыс көлеміндегі емделуіне жолақысының төлемі;
      16) Чернобыл атом электрстансасы апатын жою (бұдан әрі - ЧАЭС) мен Ауған соғысына қатысушылар - тоқсан сайынғы сауықтыру үшін, бір жолғы  7–ші мамырға, Ауған жерінен әскерлерді шығару күніне арналған;
      17) үш ай мерзіміне кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға материалдық көмек;
      18) өкпе ауруымен ауырғандардың стационарлық емделу курсін өткендерге, жақсы тамақтануын үдете түсу;
      19) отбасының табысына байланысты емес, отбасындағы мүгедек балаларды балалардың церебралды сал ауруымен /Бұдан әрі - БЦС/ ауыратындарды облыстық оңалту орталығына жөнелтуге;
      20) санаториялық емделу курортына жіберіп отырған азаматтардың- жүру жолына төлем;
      21) отбасының құрамы мен табысына байланысты емес келесі санаттағы азаматтарды ( зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардан басқа) жерлеуге:
      1) жұмыспен қамту орталығында тіркелген, жұмыссыздар;
      2) жұмыспен қамту орталығының тіркелуіне байланысты емес –зейнеткерлік жасына дейін жұмыс істемеген ерлер - 60 жастан, әйелдер – 55 жастан;
      3) жұмыспен қамту орталығының тіркелуінде және жасына байланысты емес, Ауған соғысы мен ЧАЭС апат салдарының жоюына қатысқандарды;
      4) онкологиялық, өкпе аурулары, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруының салдарынан қайтыс болғандар;
      5) жедел қызметтегі қайтыс болған әскери қызметкерлер;
      6) 18 жастан асқан балалар мен тұлғалар.
      22) 16 жасына дейінгі тірек-қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар;
      23) жоғары және арнайы орта оқу орнын бітіріп келген жас мамандар-дәрігерлер мен мұғалімдер ауданның оқу және емдеу орындарына жұмысқа келген және мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған;
      24) кәмелет жасқа толмаған балалар - әр түрлі себептермен ата-аналары мен туыстары жағынан қамқорсыз және қамқорлықсыз, тұрақты мекенжайсыз және қорғаншыларсыз қалғандар;
      25) табысына тәуелді емес,пәтердегі өрттен киім-кешектерінің, үй-ішінің мүлік заттарының зақымдану салдарынан, күнкөріссіз қалған тұлғалар (бұрынғы алып отырған бір жолғы көмекке байланысты емес);
      26) аз қамтамасыз етілген азаматтар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен /бұдан әрі - МАӘК/, көпбалалы отбасылар ішінен мемлекеттік жәрдемақы алушыларына жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға ірі қара мал мен малазығын сатып алу үшін және бақшашылық пен құс шаруашылығын дамыту;
      27) Тұрғын–үй коммуналдық қызмет көрсету төлем жөніндегі жеке санаттағы азаматтарға;
      1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар менмүгедектер;
      2) Чернобылшылар;
      3) Ауған соғысына қатысқандар;
      4) Ленинград блокадасына қатысқандар;
      5) концлагерь тұтқындары;
      6) Венгер соғысына қатысушылар;
      7) жалғыз бастылар және жалғыс басты тұрып жатқан ерлі-зайыптылар (олардың бірі);
      8) 2009 жылдың 1- ші қаңтарына ең аз молшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      9) 2009 жылдың 1- ші қаңтарына өтілі толық емес зейнетақы алушы зейнеткерлер;
      28) Бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғаларға жекелеген материалдық көмек;
      29) Әскерден босатылған жедел әскери қызметшілеріне жекелеген материалдық көмек;
      30) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге канализация жүргізу, ауызсу өткізуге, электро қазанмен жабдықтануға жекелеген материалдық көмек;
      31) Қайталап неке құрмаған қаза болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне телефон орнатуға бір мәртелік материалдық көмек;
      32) Күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін, тұратын мекенжайы мен жұмысы жоқ азаматтарға көмек;
      33) Диспансерлік тіркеуге уақытылы тұрған жүкті әйелдерге жекелеген материалдық көмек;
      34) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, жұмыссыздардың ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтар еңбек реабилитацияны өткен кезеңде, бақшалық пен құс шаруашылығын дамытуға;
      35) қайталап неке құрмаған Ұлы Отан соғысының мүгедек жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезіңде Қайсарлы еңбегі үшін марапатталған тыл еңбеккерлеріне, концлагерь тұтқындарына, блокада Ленинградтың тұрғындарына Жеңіс Күніне орай жекелеген материалдық көмек;
      36) Емшектегі балалары бар аналарға бала тағамын сатып алу үшін, ай сайынғы материалдық көмек.

3. Әлеуметтік төлемдер мен өзге
әлеуметтік көмектің түрлерін іске
асыру жөнінде тиісті құжат тізбесі:

      3. Нұсқаудың екінші тармақшада белгіленген жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем төлеу жөнінде және басқа да әлеуметтік көмек жүзеге асыру үшін келесі құжаттар қажет:
      1). 3), 5), 11), 16), 20), 27), 30), 31), 35) тармақшаларында көрсетілгендей санаттары үшін 2 тармақтағы тізім негізінде "Қазақстан Республикасының еңбек Министрлігі мен әлеуметтік қорғау мемлекеттік орталықтың зейнетақы төлеу жөнінде" Ертіс ауданының бөлімі Павлодар облысының Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын филиалы мен отбасы-демографиялық әйелдер ісінің комиссисы, ауданның соғыс және еңбек ардагерлердің Кеңесімен бірлесе. Тізімде аты, жөні, тегі, туған жылы, күні, айы, салық тіркеу нөмірі, мекенжайы, жеке шотының нөмірі белгіленеді. Тісті протездеу үшін тіс протездеу кабинетінен қосымша анықтама ұсынылады.
      Одан басқа, 16) тармақшада көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін қосымша Чернобыл атом электрстансасы апатын жою (бұдан әрі - ЧАЭС) немесе Ауған соғысына қатысушылар, қажетті сауықтыру жөнінде емделу мекемесінен медициналық анықтама - тоқсан сайын;
      2) 2) тармақтың 4 тармақшасында көрсетілгендей санаттағы тұлғалардың - осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның өтініші, одан басқа, "Қазпошта" АҚ жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте - жергілікті моншаға баруына талондар, шаштараз қызметінің ведомасті;
      3) 2) тармақтың 1 тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның өтініші, одан басқа, "Қазпошта" АҚ жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, салықтық тіркеу нөмірі, бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандары жөнінде анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) 2) тармақтың 2 тармақшасында көрсетілгендей санаттағы тұлғалары үшін - осы әлеуметтік төлемге құқылы азаматтардың "Қазпошта" АҚ жеке есеп шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, салықтық тіркеу нөмірі, жеке бас куәлігі, жолдау қағазы, азаматтарды тіркеу кітабы, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, отбасының кірісі жөнінде анықтама;
      5) 7) тармақтың 6 тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін осы әлеуметтік төлемге құқылы бар тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ онда жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, салықтық тіркеу нөмірі, жеке куәлігі,азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, "Алтын алқа", "Күміс алқа" куәлігінің көшірмесі;
      6) 2) тармақтың 8), 24) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін, "Қазпошта" АҚ-нан жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      7) 2)-тармақтың 9), 10) тармақшасында көрсетілген тұлға санаттары үшін, білім қызметін ұсыну, өткен оқу жылдың қорытындысы мен келесі курсқа көшкені жөнінде анықтама;
      "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекеменің негізгі тізімі бойынша көмек көрсетіледі. Тізімде аты, жөні, тегі, туған жылы, күні, айы, салық тіркеу нөмірі, мекенжайы, жеке шотының нөмірі белгіленеді, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      8) 2)-тармақтың 13), 14) тармақшасында көрсетілген тұлға санаттары үшін "Мемлекеттік орталықтың зейнетақы төлеу жөнінде еңбек Министрлігі" Ертіс ауданының Павлодар облысының филиалы Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынмен келісілген тізім негізінде. Жеке шоты белгіленген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнетақы куәлігінің көшірмесі және жеке куәлігі, Құрметті азаматтың куәлігі;
      9) 2) тармақтың 15), 18)- тармақшаларда көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, төлем тізім бойынша жүргізіледі, "Туберкулезге қарсы аурухана" мемлекеттік мекеме; "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, дәрігердің жолдамасы, жол жүру билеті;
      10) 2) тармақтың 15)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, кәсіби оқуға жолдама қағаз, жұмыспен қамту орталығынан анықтама;
      11) 2) тармақтың 19, 22)- тармақшаларында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, дәрігерлік-кеңестік комиссиясынан анықтама, медико-әлеуметтік сараптама комиссиясынан;
      12) 2) тармақтың 21)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін,жерлеу рәсімін өткізетін тұлғаның өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте шоты қөрсетілген, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, қаза болғаны жөнінде куәлік, қаза болғанның мәртебесін растау құжаты;
      13) 2) тармақтың 21)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, еңбек келісімшарты, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, оқу орнын аяқтағаны туралы дипломның көшірмесі;
      14) 2) тармақтың 25)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабі, өрт қауіпсіздігі қызметінің қорытындысы,төтенше жағдайлар жөнінде басқарманың қорытындысы;
      15) 2) тармақтың 26)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші,көрсетілген жеке шотымен,мал дәрігердің анықтамасы, ірі қара малдың төлқұжаты,тауарды жеткізу келісімшарты, жеке шаруа қожалығын немесе бизнесті дамыту туралы міндеттемелері мен ауыл округі әкімінің өтінімі, малазық алушылардың өтініштері, ІҚМ төлқұжаты;
      16) 2) тармақтың 28)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жеке шоты көрсетілген өтінішімен Ертіс ауданының ішкі істер Бөлімінің негізгі тізімімен,бас бостандығынан айырылу орындарынын босатылғаны туралы анықтама, салықтық тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы;
      17) 2) тармақтың 29)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы,әскери билеті, қорғаныс істер жөнінде бөлімнің анықтамасы, азаматтарды тіркеу кітабы;
      18) 2) тармақтың 32)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту бөлімінен, ауыл және ауылдық округі әкімінен өтінімдері;
      19) 2) тармақтың 33), 36)- тармақшаларында, көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін жеке шоты көрсетілген төлем тізім бойынша жүргізіледі, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы,медициналық мекемеден анықтама;
      20) 2) тармақтың 34)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жеке шоты көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқылы жұмыссыздар санынан тұлғалардың өтініші, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту бөлімінен, ауыл және ауылдық округі әкімінен өтінімдері, азаматтарды тіркеу кітабы.

4. Есеп және есеп беру

      4. Ертіс ауданның /бұдан әрі - Бөлім/ "Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі" әлеуметтік төлем ұсынуды қаржы шығысының есеп пен есеп берудін жүзеге асырады.
      5. Алғашқы құжаттар негізінде /белгіленген тізбеге сәйкес, ұсынылған өтініш берушінің өтініштері, құжаттары/ жүргізілетін әлеуметтік төлемдер, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімге дейін Бөлімде сақталады,алғашқы құжаттар негізінде.
      6. Бөлім Ертіс ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге әлеуметтік төлемге пайдаланған қаржы жөнінде есеп береді.