Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 25.10.2013 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2009.09.24 № 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 25.10.2013 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін есебінен азаматтық қызметкерлердің мамандықтар, жиырма бес пайызға көтеру үшін лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерге білім, мәдениет лауазымдарының тізімін қалыптастыру туралы" Таран аудандық мәслихатының 2007 жылдың 21 желтоқсандағы № 35 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі 9-18-57, 2008 жылдың 31 қаңтардағы № 5 "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он үшінші, кезекті
сессиясының төрағасы Б. Бердалинов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ж. Шинкин