Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдиниет азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 155 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 ақпанда № 9-18-80 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2009.09.24 № 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін есебінен азаматтық қызметкерлердің мамандықтар, жиырма бес пайызға көтеру үшін лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерге білім, мәдениет лауазымдарының тізімін қалыптастыру туралы" Таран аудандық мәслихатының 2007 жылдың 21 желтоқсандағы № 35 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі 9-18-57, 2008 жылдың 31 қаңтардағы № 5 "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он үшінші, кезекті
      сессиясының төрағасы                   Б. Бердалинов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ж. Шинкин

      КЕЛІСІЛДІ