Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Қызметін Рудный қаласының әкімшілік аумағында жүзеге асырылатын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихатының тексеру комиссиясына төрағасына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының төрағасы А. Маханько
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша салық
департаменті Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________ Е.Зикеев
10.04.2009
Мәслихаттың
2009 жылғы 10 сәуірдегі
№ 188 шешіміне қосымша
Қызметін Рудный қаласының әкімшілік аумағында
жүзеге асырылатын барлық салық төлеушілер үшін
тіркелген бірыңғай салық ставкалар
р/р № |
Салық салу объектісінің атауы |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық (айлық есептік көрсеткіш) ставкасы |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |