Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы Н. Алашбаев
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы Ғ. Сағиев