Жетпіс жастан асқан қарттар мен он алты жасқа толмаған мүгедек балаларға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы N 305 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 08 желтоқсанда N 8-13-71 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 10/105 шешіміне сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жетпіс жастан асқан қарттар мен он алты жасқа толмаған мүгедек балаларға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
      2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Жұманбаев) біржолғы материалдық көмекті Зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалы Қарқаралы аудандық бөлімшесінің 2009 жылғы 1 қарашасына базалық мәліметі бойынша төлесін.
      3. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Ахметжанов) 451-007-332 "Жергілікті өклетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Аудан әкімі
Н. Омарханов