Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына және аудан прокурорының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 4-7-09 ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының "Жеке кәсіпкерлар мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 113 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-11-57 тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 10 "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
сілтемедегі "422 бабының 1 тармағы" деген сөз "422 бабының 2 тармағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1 қосымшаның кестесіндегі "Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)" деген 4-бағаны түгелімен алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы: хатшысы:
А.С.Әлжанова Б.Т.Бисекенов
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
17 шілдедегі № 148 шешіміне қосымша
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі базалық ставкаларының мөлшері
№ |
Салық салу обьектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |